Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 сағат бұрын)
Қазақтың дана - Қадыры
Қазақтың дана Қадыры
(Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби - сазды кештің жоспары)

1 - жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
2 - жүргізуші. Бармысыздар, қадірлі өнер сүйер қауым.
1 - жүргізуші. Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Қазақтың дана Қадыры» атты кешімізге хош келдіңіздер.
2 - жүргізуші. Бүгінгі біздің кешімізге арнайы келіп отырған қадірменді қонақтарымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер Қадыр атамыздың өмірлік жолдасы болған Салтанат апайымыз бен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Гүлнар Дәукенова.

1 - жүргізуші.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі «Орал өңірі») алғашқы ақынның «»Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырзалиевтың творчестволық тұсауын кеседі.
2 - жүргізуші Қадыр Мырзалиев 1958 жылы ҚазМУ - дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етті. Ақынның алғаш өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары шықты.

Көк дауылмен жағаласып келеміз
Сөз - шалғыным, пішенім
Өмірбаян

2 - жүргізуші.
Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман - ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын – соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Ақын қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.

1 - жүргізуші.
Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтің поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады. Ақынның осындай ойлары өз халқына жаухар жырлары арқылы жетіп отырды.
2. Туған жер
3. Ауылды аңсау
4. Болайын деп жақсы ұлы өңірдің
5. Саған деген айтылар назым әнім
6. Бәрі де ана
7. Ой арманы
8. Кім мықты дүниеде, адам мықты
9. Бәрін тез - тез болады деп кім күткен

2 - жүргізуші.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», - деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Шынында, Қадыр Мырза Әлі өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
1 - жүргізуші.
Қадыр Мырза Әлі - балалар ақыны. Ал ақындықтың ішінде балалар ақыны болудан асқан қиындық жоқ. Себебі үлкен адам, есейген адамның бала сезіміне жақындауы қиын. Бала ойымен, бала қиялымен өлең жазу нағыз талантты ақынның ғана қолынан келер.
Қадыр атамыздың көптеген өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Ақын өзінің әзіл, ойнақы жырларымен тентектікті, жалқаулықты әжуалап, өз оқушысын жақсы өнеге, сүйкімді қылыққа меңзейді, шағын өлеңдері арқылы оқырманын өзгеше бір толғаныстарға түсіріп, оның сезімін тербейді.
2 - жүргізуші.
Ол дүниенің барлық тынысын, жаратылыс әлеміндегі барлық құбылыстарды, құстың сайрағанын, жан - жануарлардың қаракеттерін бақылап, көкірегіне түйіп, көргендерін балаларға қаз - қалпында жеткізуге аямаған. Оның « Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Домбыра», тағы басқа жыр жинақтары балаларға арналған.
1 - жүргізуші.
Сондықтан да Қазақстанда ең оқырманы көп, балалардан достары көп ақын Қадыр атамыз деп айта аламыз. Оның өлеңдері орыс және туысқан тіліне аударылды. Бұл ақын үшін де, біз үшін де үлкен мақтаныш.
1. Сүйікті пән
2. Диктант
3. Әліппе
4. Есеп
5. Шығарған кім?
6. Асып - сасып
7. Онға дейін санау
8. Бірінші сентябрь
11. Күнделік
12. Ақтерек, көктерек

«Жалқаубек» әні. Орындайтын
2 - жүргізуші:
Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді. Бірі: өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту, екіншісі: өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалғанда ғана шын мәніндегі әдеби туынды болады.
1 - жүргізуші:
Иә, тек қана өзіне тән өзгеше мазмұн ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса - өзі - Қадыр атамыз.

1. Менделеев кестесі
2. Қайтесің дос біреулерге өшігіп
3. Біз өзіміз жауап емес сұрақпыз
4. Өңінде ойнап жастықтың бар қызығы
5. Арнасынан ауытқыды ма ұлы ағын
1 - жүргізуші:
Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл – оның даналығы.
2 - жүргізуші:
Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану, өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау – Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.
1. Махаббат, сырын жұртқа танымалы
2. Ғашықтарды жылатқан, еңіреткен
3. Аударылған қайықтайсың
4. Махаббат билік берген бе?
5. Сен мен үшін Хұснисің, Хорлансың
6. Нұрыңды маған арнап шашпасаң да

1 - жүргізуші:
Ақын бір сұхбатында Поэзия мені асырады ал мен оған не бердім, оны
оқырман келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа
айтарым жоқ деген екен.
2 - жүргізуші:
Құрметті, Салтанат апай, бүгінгі жыр кешімізді тамашалай отырып, ойыңызға Қадыр ата жайлы естеліктер түсіп, тіпті сағыныш сезімі де келген болар. Өзіңізге сөз кезегін берсек.
1 - жүргізуші: Ортаға Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Гүлнар Дәукенованы шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.
Бірге:
Бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар!

№ 178 лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Борибаева Айжан Сауытбековна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама