- 21 қаз. 2016 00:00
- 236
Байбек жоғары білім орнына жұмыс мамандығын алуға кеңес берді
Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыда өткен Іскерлік кеңес отырысы барысында қалалықтарға жоғары оқу орнына қаражат жұмсамай, мамандық алып, жұмыс істеуге кеңес берді.
Әкім жоғары білім алуға қаражат кетірмей, мамандық алып, жұмыс істеуге кеңес берді.
«Бүгінде өз ісінің маманы темір шебері, инженер болып көбірек ақша тапқан тиімдірек сияқты. Орта арнайы біліммен сылақшы, әрлеуші жоғары білімі бар адамға қарағанда, көп ақша табады. Себебі бұл кәсіптер сұранысқа ие. ЖОО-да білім алуға жылына 400 мың теңге кетіргенге қарағанда, ата-аналар бірден балаларын кәсіп игеру үшін колледжге бергені дұрыс», - деді Б. Байбек.
Сондай-ақ қала басшысы білікті мамандардың жетіспейтінін алға тартты, жаңа ашылған қонақүйлер бір-бірінен персоналды қызықтырып тартады деген мысал келтірді. «Жаңа дағдылар қалыптастырып, қайта оқыту қажет», - деп атап өтті ол.
Әкім бизнесмендерге осы проблеманы шешу үшін МЖӘ схемасында колледж ашып, кадрларды сонда оықтуды ұсынды.