Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қызықты қазақ тілі әлемі

Тақырыбы: «Қызықты қазақ тіл әлемі» интеллектуалды сайысы
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, топта бірігіп жұмыс жасауға баули отырып, ұйымшылдыққа, достыққа, татулыққа баулу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қимақағаздар.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың таныстыруы
І кезең «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
І кезеңнің қорытындысын тыңдау.
ІІ кезең “Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)
1.... қылды қақжарған. (қара)
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман)
3. Ел қонбаса -... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер)
4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау)
5.... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл)
6.... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы)
7.... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз)
8.... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау)
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім)
10.... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз)
ІІ кезеңнің қорытындысын тыңдау.
ІІІ кезең «Құпия сөз»
І топқа: тауық, теледидар, қалам, ағаш, аю, қасық, көлік, велосипед, үй, сөмке.
ІІ топқа: ат, кесе, кітап, ұялы телефон, аяқ киім, домбыра, тарақ, сағат, орындық, көзілдірік)
(Топ ойыншылары қимақағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен келесі топқа түсіндіреді)
ІІІ кезеңнің қорытындысын тыңдау.
ІҮ кезең «Алты жұмбақ»
(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, мазмұнын түсіндіреді)
1) «Есеннің кірпісі»(3 - сынып) Ол кереует астына шығып, қараңғы түнде жайнаған электр жарығына тағырқағандай кішкене тұмсығын шығарып қарап – қарап тұрады да, қайтадан жиырылып қалады. Оның азығын күні бұрын дайындап қойып, үнемі оның қимылын бақылайды.
2) «Туған жер» (4 – сынып). Жазда жағалай ауыл қонған көлге барып, талай – талай рақаттана шомылған боларсың. Ол көл де – балақай біліп қой, туған жердің нәрі. Құс төресі – сол аққулар да – өзің өскен өлкенің көркі.
3) «Қараторғай» (3 - сынып). Біреуі барып үйшіктің аузына қонды. Жан – жағына жалақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті. Өзге торғайлар да ағаш – ағаштың басына орын алып, ұшып – қонып жүр.
4) «Қазыналы қарттың тәлімі» (4 – сынып). Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Содан соң елде астық болмай қалған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай, үйде рақаттанып жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді.
5) «Қамқорлық» (3 – сынып). Тас бұл жолы зу етіп, балапанның төбесін жалап өтті. ол көзін жыпылық етіп, бұға қалды. Бала балапан торғайдың қыр соғынан қалмады, ауылды шыр айналып қуа берді.
6) «Ер қаруы – бес қару» (4 – сынып). Сонымен қатар өзіне қауіп – қатер төндірген жыртқыш аңдардан сол таяқпен қорғанған. Айналасында болып жатқан құбылысты жіті қадағалап, адам талай нәрсені өз пайдасына жаратқан.
ІҮ кезеңнің қорытындысын тыңдау.
Ү кезең «Тест»
(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ – сын есім, В әрпін таңдаған топ – сан есім қатысқан мақал - мәтелдер айтады. Дайындыққа 3 минут)
Ү кезеңнің қорытындысын тыңдау.
ҮІ кезең «Кім ұшқыр?»
Әр топтан әріптерді таңдау арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтың жауабы сол әріптен басталу керек.
- Сен бүгін не жедің?
- Қыздар әскерге бара ма?
- Мектеп ережесін білесің бе?
- Досыңның аты кім?
- Қандай жануарларды білесің?
- Жазда қайда болдың?
- Қыста балалар не істейді?
- Үйіңде неше жан бар?
- Қандай кітап оқыдың?
- Ұлттық тағам аты?
- Ата – анаңның есімдері кім?
- Қандай әнді жақсы көресің?
- Қандай тамақты жақсы көресің?
- Жазда балалар не істейді?
- Қай қалада болдың?
- Оған немен бардың?
- Сені кім қарсы алды?
- Қандай киноны ұнатасың?
- Математика сабағы саған ұнайма?
- Ұлдар көйлек кие ме?
- Атың кім?
- Фамилияң кім?
- Қандай құстарды білесің?
- Кім болғың келеді?
- Қайдан келдің?
- Немен келдің?
- Жасың нешеде?
- Нені ұнатасың?
- Қандай ұлттық киім түрін білесің?
- Нешеге дейін санай аласың?
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Жазда не киесің?
- Әскерге кімді алмайды?
- Қандай ақын – жазушыларды білесің?
ҮІ кезеңнің қорытындысын тыңдау
ҮІІ кезең «Жекпе жек»
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын, т. б.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама