Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Романға бергісіз повесть

Жазушы Әлібек Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» повесі жөнінде

Бәріміз де ауылда туып, ауылда өстік. Әсіресе қолына қалам ұстап, жазушы, журналист атанған ағайындардың көбі ауылдан шыққан.

Ал ана тілінсіз жазушы да, журналист те жоқ. Өйткені ауыл — ана тілінің мәйегі. Ауыл болмаса осы күндері ана тілі де болмас еді. Ана тілінсіз Қазақ әдебиеті, Қазақ өнері, жалпы Қазақ халқы деген ұғым да ұмытылар еді.

Қасиетіңнен айналайын, ауыл аман болсын. Ал кейбір басшылар, оқымыстылар, саясаткерлер: ауыл адамдары қалаға кешпейінше пісіп-жетілмейді, мына заманға сай азамат бола алмайды деп уағыз айтып, көріпкел болып жүр. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов сонау 1910 жылдың өзінде қазақ жері бүліне берсе, қазақтар амалсыздан қалаға көшіп, пролетариат қамытын киіп, қаңғырып кетеді деген жоқ па?!

Айтқаны келгендей болды. Қазір ауылдан адамдар безіп, қалаға қарайлап қойып еді, не болды? Қайыршы, ұры-қары, маскүнем, нашакүнем көбейді. Түрме толған қазақ жастары.

Казак демографиясының кеніші ауыл еді. Он баладан дүниеге келтіріп, «Батыр Ана» атанған асыл аналар көп еді. Қайда солар қазір? Бесік тербеткен ауыл сиреп қалды. Мыңдаған жылдар бойы сан-сапалақ зұлматтан көп жапа шексе де, феникс құс сияқты, өртенген күлден кайта тіріліп, кайта канат қаға бастаған қазақ XXI ғасырдың табалдырығын аттады. Шүкір, шүкір. Бірақ ұлттың ұйытқысы — ауыл азаппен аттады. Ұлттың ұйытқысы іріп кете жаздады.

Лев Толстойдың Қажымұратындағы соқа жырып кеткен түйе-жапырақтың тамырындай ауылдың да жаны сірі, тамыры тереңде. Осы көріністі көркем әдебиеттен көрем деген кісі «Ор Алтай, мен қайтейін биігіңді...» атты повесті оқысын. Авторы — Әлібек Аскаров.

Өp Алтай Түрік әлемінің алтын бесігі. Әлібек суреттеген кішкентай ауылдың жанынан осы таяуда ғана археологтар адамзаттың көне мекенін тапты. Алтай Алтай болғалы оның асыл құрсағынан кімдер туып, кімдер өтпеді. Ұрпақтар, әйтеуір, үзіліп қалмай жалғасып келе жатыр. Үзіліп қалса — сол қайғы.

Алтайдың ірі ақыны, толағай суреткері Оралхан Бөкей де өтіп кетті дүниеден. Бірақ жалғассыз емес екен. «Ор Алтай, мен қайтейін биігіңді...» атты повесінің соңғы парағын жауып отырып, Оралхан өлмеген екен, Алтай жыры үзіліп қалмаған екен деп ойладым.

Шынымды айтсам, мен Әлібек Асқаровты осыншама күшті талант деп ойламап едім. Мына кітабы да қолыма кездейсоқ түсті. Бұл заманда небары 2000 таралыммен басылып шыққан кітапты тауып оқу да қиын. Қалада жүріп, казак, кітабын сирек кездестіретін (нағыз кітапты айтамын) мен мұндай болғанда, алыс ауылдар бұл кітапты қайдан көрсін. Шын көркем кітап сирек. Ал халтуралар көдеден де көп. Ақшаң көп болса, еріңді де, есегіңді де мақтап жаза бер. Шөп те өлең, шөңге де өлең...

* * *

Алдымен жүз үйлі «Төртінші бригада» тарап кетті. Жүз үйден жеті-ақ үй қалды. «Раздольное» дейтін совхоздың орталығы Мұқыр еді. Мұқырға да тықыр таянды...

Ал енді кейбір өсекші газет сымақтар ошақ басындағы күндес қатындардың бажалаңына басты. Қарасай деген Көкшетауға келген емес, болған емес деп байбалам салды. Ал енді осындай аурушаң, дімкәс жандарды қазақтың досы, жанашыры деп қалай айта аласың. Сол Көкшетауда қазақтың әлгі бажылдақтары үн шығарған жоқ. Куйбышевке әулиедей табынғандар, өз Қарасайын, күллі қазақтың Қарасай батырын жатсынады. Егер осы Қарасайлар болмаса, сен Қазақстан деген елде қазақ болып туар ма едің? Әлде жаудан жаралар ма едің? Ұлы аруақты қорлаған, оны ғайбаттаған рушыл топастар ақыры өздері қор болар.

Рухы шарболаттай, азаматтығы асқақ Әбіш Кекілбайұлы осылай ойлайды. Осы ойын көкіректен шыққан сөзбен көмкергенде оның дауысы көкке жеткендей, көпшілік қауымды баурап алады.

Жасай бер, Азамат!

* * *

Мен 60-ка толғанда Оралхан Бөкейдің «Төменге қараңызшы, аға, мен көрінер ме екем...» дегені бар еді аса бір кішіпейілділікпен. Ізетіңнен айналайын, сол інімнің айтқаны жиі-жиі есіме түседі. Кейінгі інілерімнің жетістігін көрсем, кәдімгідей марқайып қалам. Жазушы Әлібек Аскаровтың «Ор Алтай, мен қайтейін биігіңді...» повесін оқып шыққаннан кейін көңілім жорғаға мінгендей өсіп-ақ қалды. Енді Әлібекке келесі кітабы екі-ақ мыңмен емес, баяғыдай елу мыңмен, жүз мыңмен шығуын тілер едім.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама