Сын тұрғысынан дамыту әдістері арқылы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін оқыту
Шеберлік сынып сабағы
Әдеби үйірмелер
10 - сынып
Технология: Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін сын тұрғысынан ойлау әдістері бойынша оқыту.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - Оқушыларға қазақ халқының аса көрнекті ағартушы - педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы аудармашы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Ыбырай Алтынсариннің шығармасынан мағлұмат беру. Әңгіменің негізгі идеясын ашу.
2. Дамытушылық - Оқушылардың әдеби білік - дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік - Ыбырай Алтынсарин тұлғасын үлгі ете отырып, білімге, ізденімпаздыққа баулу. Әңгіме мазмұнын айқындай келе, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиа, тірек сызбалар, жазушы Ы. Алтынсарин портреті.
Сабақтың жүрісі:
I. Қызығушылықты ояту сатысы
Оқушыларды 4 топқа бөліп, отырғызу.
Видеоролик "Тәубеңе кел!"
- Осы бейнетаспадан қандай ой түйдік?
- Өз рефлекцияңызды айтыңыз?
- Сіз өз өміріңізде осы бейнетаспадан көргеніңіздей мысал келтіре аласыз ба?
- Сіздің көрген бейнетаспадан алатын тағылымыңыз қандай?
- Өмір шындығын озық идея тұрғысынан көрсете білген кемеңгер суретші кім?
- Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Міне, сол қоғам, қоршаған орта үнемі қарама – қайшылыққа толы. Яки жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, мейірімділік пен зұлымдылық, сау мен ауру, бай мен кедейді салыстыра суреттеу арқылы балаға өмірдің жағымды, жағымсыз жақтары жайында түсінік беруіміз керек. Жаманның жамандығы әрқашан жақсымен қатар тұрғанда ғана көрінеді.
II. Мағынаны тану.
I топ. Зерттеуші – Әңгіменің басты кейіпкерінің мінезін немесе басты оқиғаны жан – жақты меңгеру және сипаттау.
Атымтай бай, жомарт, еңбекқор, адамгершілігі мол, қайырымды, жүрегінде иманы бар.
Есепсіз бай – неисчислимый богач
Ескі – құсқы - старый
Дәулет - богатство, благосостояние
Жалаңаш - нищий
Үйсіз - бездомный
Жарлы - бедный
Кемшілік - недостаток
Жел (ауыспалы мағына) - зазнаваться
Желіккен көңіл (ауыспалы мағына) - взбудораженное состояние
Терезесі төмен (ауыспалы мағына) - неравный
Бейшара - несчастный
Кем - кетік (ауыспалы мағына) - нужда
Жәрдем - помощь
Әбірет (диалект) - назидание, наставление
Бейнет - мука, мучение
Пұл - деньги
Күнәлы - грешный
Әдет - привычка
Жомарт - щедрый
- Иә, Жомарт сөзінің мағынасы « мырза, қолы ашық» дегенді білдіреді. Біздің бүгінгі кейіпкер Атымтайға халық «жомарт» деген атты тегін бермеген, ол халықтың қамын ойлаған, еңбек адамының үлгісі ретінде көрінеді. Еш нәрсеге мұқтаж емес Атымтай жұмыс істемей отыра алмайды. «Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі болады», - дейді ол.
- Біздің қазақ халқында елінің қамын ойлаған біртуар тұлғалар аз болмаған. Олар: Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Мақаш Бекмұхамбетов, Бөкейұлы Жәңгір хан. Олар халықты оқу білімге, өнерге, еңбек етуге шақырған.
Ыбырай Алтынсарин сияқты ХІХ ғасырда еліміздің батыс өңірінде де, халықты білімге шақырған, қоныстандыруға, кәсіппен айналысуға, мектеп ашқан, саясаткер елеулі еңбек сіңірген айтулы тұлғалар бар. Олар ел арасында «правитель» атанған Мақаш Бекмұхамбетов пен Бөкейұлы Жәңгір хан.
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801 — 1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты - Жиһангер.
II топ. Сұрақ құрастырушы – Негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындайды.
Блум таксономиясы бойынша деңгейлік сұрақтар құрастыру.
Деңгей Сұрақтары
Білім - Атымтай қандай адам болған?
- Оны неліктен жомарт атаған?
Түсіну - Сонда ол не істеген?
- Бай адамдар өз дүниесін ешкімге бермейді емес пе?
Қолдану - Атымтай бай бола тұрып, неге өзі жұмыс істеген?
- Оның қандай себебі бар?
Талдау - Еңбек ету кемшілік пе?
- Осы үзіндідегі жел дегеніміз не?
Синтез - Осы үзіндідегі әбірет дегеніміз не? Әбірет – (Қостанай, Торғай) ғибрат
- Мұнан сен де өзіңе әбірет алсаң болады.(Ы. Алтынсарин таңдамалы шығ. 1977ж.) «Диалектологиялық сөздік» - 105 бет «Арыс баспасы»- Алматы, 2007 ж.
- Еңбекпен табылған дәм неліктен тәтті, сіңімді?
Бағалау - Мал берген иесі кім және ол неден қорқады?
III топ. Сілтемелер табушы – Әңгіменің тақырыбын, руханилығын ашатын афоризмдер, мақал - мәтелдерді тауып жазу.
Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді. (Абай Құнанбаев)
Пейілі кедей байдан сақта. (Абай Құнанбаев)
Бардың жұпыны киінгені де, жоқтың барша киінгені де белгілі болып тұрады. (Ғабит Мүсірепов)
Байлыққа қосар үлесің болмаса, байлықтан алар үлесің де жоқ. (Ғабит Мүсірепов)
Байға - мал қымбат, кедейге - жан қымбат. (Ғабит Мүсірепов)
Байлықты малдан емес, адамнан іздеген жөн болмақ. (Ғабит Мүсірепов)
Қанша байлық жыйсаң да, бұйырғаннан артық жей алмайсың. (Қорқыт ата)
Дүние - мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. (Қорқыт ата)
Дәулет те біреуден көшіп, біреуге қона береді (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздер болар. (Әлихан Бөкейханов)
Мақал - мәтелдер
Бай болсаң, бәсең бол.
Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді.
Бақыт кілті еңбекте Көп еңбегі көңілді.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
IV топ.
Дәнекер – Негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Мен Атырау қаласының шетіндегі кішкене ғана ауылында тұрамын. Біздің ауыл қаладан 3 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Ауыл «Геолог» деп аталады. Себебі, бұл ауыл мұнайшылар мен геолог барлаушыларға арналып салынған. Осы ауыл тұрғындарының ішінде өнегелі өмір сүріп жатқан жерлестерім көп. Соның ішінен біздің Қаныш Сәтбаев орта мектебінің түле – гі, менен екі сынып төмен оқыған - Жаниязов Айбар Серікұлы. Ол өзі қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі – мұнайшы, анасы біздің мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Айбар тынымсыз еңбегінің жемісін көруде. Атырау қаласының белгілі кәсіпкері, елдің құрметті азаматы, тек ол өз кәсібін ел төңірегінде емес, тіпті шет елде де ашуда. Еліне сыйлы болуының мәні – оның қарапайымдылығы, адамгершілігі, еңбекқорлығынан деп ойлаймын. Ол үлкенге де, кішіге де үнемі жайдары амандасып, өз бітірген мектебіне қай кезде болмасын көмектесуге даяр. Бүгінгі күннің Атымтайы деуге әбден лайық тұлға.
Осы ауылдың тұрғынының бірі – Нәрлі апа. Ол - өзі нәзік жанды болғанымен, ер азаматтың жұмысын атқарып, сол еңбегінің жемісін көріп отырған асыл ана. Кезінде ер азаматынан ерте қалса да, өмірдің ауыр соққысына мойымады.
Еңбек ете жүріп, бес баласын ер жеткізіп, ұлды ұяға, қызды қияға қондырды.
Қазір сол балалар қолғабыс қылып, аналарының кәсібін өрге домалатып отырған жөні бар. Бұл күні апамыздың жас күніндегі қиындығының бәрі артта қалып, қаламыздағы «Нәрлі» деп аталатын үлкен мейрамхананың иесі, «Дина» сауда үйінде де бірнеше сауда нүктелері бар белгілі кәсіпкер атанды. Әрине бұл тынымсыз еңбек, қайрат, қайсарлық арқылы келген дүниелер.
Апамыз - аяулы ана ғана емес, немере – жиендерінің сүйікті әжесі. Біздің мектеппен үнемі байланыста болатын ата - аналар комитетінің төрайымы. Мектепке үнемі қолдау көрсететін біздің белсенді ата - анамыздың бірі. Мектептегі ұйымдастырылған барлық шараға көмектеседі. Мұның өзі үлкен жүректі адам екенін білдіреді.
Ал осы екі тұлғаға ұқсамайтын қанша жан бар. Зәулім үйде тұрса да, айналасына рақымы жоқ адамдарды көргенде қынжыласың. Аста - төк болса да, ешкімге ештеңе бермей, тек өз қара басының қамын жеп жүрген азаматтардың да балалары алдымызда отыр. Мектептен берілген тәрбие де, білім де бірдей болғанымен, өмірге деген көзқарастары әр түрлі. Адамгершілік, қарапайымдылық, мейірім, еңбекқорлық деген жақсы қасиеттің бәрі – ананың сүті мен әкенің қаны арқылы берілетінінің бір дәлелі осы ма дерсің?...
Ыбырай әңгімелерінің басты тақырыбы – еңбек, еңбек адамы. Еңбек ету, өз маңдай теріңмен жетістікке жету, сол арқылы туған еліңнің дамуына үлес қосу бүгінгі күннің өзекті мәселесі, заман талабы. Бұның дәлелі ретінде Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында былай дейді:
«Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.»
ІІІ. Ой толғаныс.
Презентация. Әр топ өз жазғандарын сыныпқа айтады. Басқа оқушылар тыңдап, сұрақтар қойып талқылайды. Сабақты оқушылар қорытындылайды.
Бағалау.
Атырау қаласы, Геолог поселкесі,
Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:
Сейілханова Мейрамгүл Сейілханқызы