Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Сіз», «біз» деген - жылы сөз
Бастауыш сынып мұғалімі Оңаева Орынша Бақамбайқызы

Тақырыбы: «Сіз», «біз» деген - жылы сөз
Сабақтың мақсаты:
Балаларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Өлеңге талдау жасай отырып, мәнерлеп оқуға, өз ойын толық баяндауға, ой - таным белсенділігінің артуына, өз беттерінше ізденуге, бір – бірінің пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Тақырыптың мазмұнын ашып көрсету;
2. Өлеңдегі адамдар арасындағы сыйластықты суреттей білу;
3. Мәдени сөйлеуге, үлкендерді сыйлауға деген сезімді ұғындыру;
4. Өз ойларын еркін айтып, дәлелдеп, жеткізе алу.

Не арқылы бағаланады?
1. Өлең мазмұнына талдау жасау арқылы;
2. Ертегіге өз ойларын қосу;
3. Сұрақтарға жауап беру, сурет бойынша әңгімелеу;
4. Топтық тапсырманы орындау;
5. Семантикалық карта құру;
6. Көріністегі рөлдерде ойнау.
Көрнекілігі: Ертегіге байланысты суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар, семантикалық карта, көріністер.
Сабақтың әдісі: «Дөңгелек үстел», «Блум Таксономиясы», «Топтастыру» стратегиялары.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу, дүниетану

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. (Сабаққа дайындау)
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
- Мәтін туралы қандай ой түйдіңдер?
- «Ұшқан ұя» сөзінің мағынасы қандай?
- Б. Момышұлының әкесі қандай адам болған?

І. Қызығушылықты ояту. «Әр жүректен бір тілек»
- Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» тұрғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады да.
- Айгүл, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Сенің даусың қандай керемет! Мұрат, маған сенің ақкөңілділігің ұнайды т. б. осылайша жалғасады.
ІІ. Мағынаны тану.
- Балалар, сендер ертегі тыңдағыларыңыз келе ме? Олай болса мен сендерге ертегі айтайын.
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде жалғыз терек өмір сүріпті. 20 жылда ер жетіп, 30 – ында бұғанасы бекіп, 40 – та кемеліне келіпті де, 50 – ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
- Ух, жаным – ай, жаным – ай! Енді не қыламын? Құрт ауруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем бере көріңдер – деп, терек күні – түні зарлай береді. (Көңілсіз, жапырағы түсіп жатқан терек суреті)

Сұрақ қою. Блум Таксономиясы.
- Ертегіні әңгімелеген кезде көз алдыңызға не елестеді?
- Ертегіні тыңдаған кезде сендер қандай көңіл күйде болдыңыз?
- Терек неге мұндай күйге душар болды?
- Ертегі қалай аяқталды деп ойлайсыз?
- Ертегідегі терекке сендер қалай көмектесер едіңдер? (Әдемі, жайқалған терек суреті көрсетіледі)
- Балалар, сендер жақсы сөздеріңізбен, жақсы іс – әрекеттеріңізбен терекке көмектесіп едіңдер, терек жазылып, жақсы күйге енді. Олай болса «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей жақсы сөз адамның да, теректің де жарасын емдейді екен. Олай болса біз бүгін «Сіз», «біз» деген жылы сөз деген Ө. Тұрманжановтың өлеңімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс.
а) Өлеңді мәнерлеп оқыту (іштей, сыбырлап, дауыстап оқу)
б) Сіз, біз деген қандай сөздер екен?
в) Ақын адамдар арасындағы сыйластықты қалай суреттеген?
Сурет бойынша жұмыс. «Сөйлеу мәдениетін білеміз бе?»
«Сәлемдесу сөздері» Сәлем! Сәлеметсіз бе? Амансың ба?
«Қоштасу сөздері» Кездескенше аман – сау бол! Бәрі жақсы болсын!
Жолың болсын! Қош бол! Сау бол!
«Қарым – қатынас сөздері» Рұқсат етіңіз! Рахмет! Ризамын! Кешірім сұраймын! Кешіріңіз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама