Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сөмкенің бала денсаулығына әсері

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

«Жалпы білім беретін №65 орта мектеп» КММ

Тақырыбы:

«Мектеп сөмкесінің бала денсаулығына тигізер әсері»

Бағыты: валеология

Орындаған:                 

Сәулехан Ақнұр,Серикова Асель

3ә сынып

ЖББОМ №65 КММ

Қарағанды қаласы Қарағанды облысы

Жоба жетекшісі: Нурбекова                                

Салтанат  Карыбаевна   

Бастауыш сынып мұғалімі            

ҚАРАҒАНДЫ – 2014 ж.

Мазмұны

І. Кіріспе

1 Сөмкенің пайда болу тарихы.  

2 Мектеп сөмкесіне қойылатын талаптар

3 Мектеп сөмкесінің бала денсаулығына тигізер әсері.

ІІІ. Негізгі, эксперименттік бөлім

3.1 Оқушылардан сауалнама алу.

3.2 Дәрігерден сұхбат алу.

3.3 Мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағын анықтап, саралау.

IV. Қорытынды.

«Мектеп сөмкесін сатып алғанда ескерілетін талаптар тізімі».

V. Қолданылған әідебиеттер тізімі

1.1  Зерттеу жұмысымның мақсаты:  Арқадағы  ауыртпалықты күнделікті  бақылау арқылы  өз денсаулығын  сақтауға назар аудару.

Зерттеу жұмысымның міндеттері:

Зерттеу тақырыбы бойынша медициналық әдебиеттердегі мәліметтерді талдау

1 Ауыр сөмкелердің баланың өсіп келе жатқан организміне әсерін сипаттау және қандай зардаптарға әкелетінің анықтау.

2 Ауыр сөмкенің денсаулыққа зичндығын дәлеледеу.

3 Мәселені шешудің өзіндік тәсілдерін ұсыну.

Бұл зерттеуде мынадай сұрақтар қарастырылады:

1 Ауыр сөмке бала денсаулығына қалай әсер етеді?

2 Сөмке салмағы қандай болу керек?

3 Сөмкені қалай дұрыс таңдау керек?

Зерттеу нысаны: адам

Зерттеу пәні: оқушылардың омыртқасы денсаулық негізі.

Зерттеуге қатысушылар: оқушы.

Зерттеу болжамы:  Біз ауыр сөмкені денсаулыққа зиянды деп есептейміз

Зерттеу әдістері: Талдау, сауалдау, байқау, ақпарат жинау, эксперимент.

Өзектілігі:

Жаңа  оқу жылын  бастағанда  мектеп  оқушылары   ата-анасының   жаңа  сөмке алып беруін   күтеді. Олар оны таза дәптерлерімен, қалам  ,қарындаштарымен  толтыруға   асығады.Бастапқыда   олар  жаңа сөмкені  мұқият  ,тиянақты   пайдаланады.Уақыт өте келе ол сөмке өарапайым сөмкеге айналады. Мектепте,сыныпта   барлы балалармен    кеңесе отырып,сөмкелері   әр түрлі екенін  байқадық. Тіпті   балалар   ол сөмкенің  атауында білмейді.  «Ол сөмке  неге  ауыр», Балалардың  сөмкелерінде  не бар?  Деген  сұрақтар туындап   біздің мектеп оқушылары   қандай  сөмке  ұстайды?  Және дұрыс таңдау  жасады ма? Осы жөнінде  білгіміз келіп, зерттеу  жұмысын  жүргізгіміз келді.

Кіріспе  бөлім:

16 ғасырдың басында  сөмке қазіргі кездегі сөмкелерге қарағанда өзгеше болған. Алғашқы сөмкелер қалташық түрінде болып, ол көйлекке қадалатын болған. Бұл дорбаға тиын ақша салу өте ыңғайлы болғанымен аса көп зат сия қоймайтын еді. Оны төменгі суреттерден байқауымызға болады.

Готикалық дәуірдің келуімен әйел адамдар осы дорбалардың бір емес бірнешеуін ұстаған. Олар көйлектің белдемшесіне бекітілетін болған. Олар тек ғана материалдан емес сонымен қатар былғары теріден азірленеген. Кейін келе осы дорбалардың еркектерге арналған түрлері де пайда бола бастады.

Ал 17 ғасырдың соңына қарай еркектерге арналған шалбарлар қалталарымен тігіле бастады. Сондықтан олар дорбаларды тастап қалталарына сиятын тоқыма әмияндарды қолдана бастады. Ал кейннен әйелдерге арналған белдемшелер артқы қалталарымен тігіле бастады

Кейінгі дәуір айел адамдарға моншақтармен безендірілген кисет тәрізді сөмкелерді ұсынды. Бұл сөмкелер ұстауға ынғайлы, түр түстеріде әдемі әртүрлі маталардан тігіле бастады. Кисет-сөмкеге қарап иесінің қандай тапқа, қандай ортаға жататынын анықтайтын болған.

19 ғасырда көйлек астына  жасырылған сөмкелер  сәннен шығып, оның орнына қолға иыққа ілетін шағын сөмкелер шыға бастады. Сөмкенің  даму тарихы 20 ғасырдың келуімен шарықтай түсті. Алуан түрмен стильде, әр адамның талғауымен де тігілетін болды. Қазіргі кезде сөмке адам имиджінің ең маңызды  және басты бөлшегінің бірі.

Бүгінгі күні ең көп таралған түрлерге жататын мектеп сөмкелеріне тоқтала кетейін: 

Арқасөмке Рюкзак (ағыл. Backpack). Ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқа сөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн. 

Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады. 

Тележка (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі- ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз. 
Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе замокпен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары- мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады. 

Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар. Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады. 

Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады. 

Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар. 

1.2    Мектеп сөмкесіне қойылатын талаптар   Мектеп сөмкелерінің иыққа ілер тұстағы жолақтың жалпақ болу керектігін айтады. .  Сөмке қымбат болса да әйгілі брендтердің сапалы сөмкесін таңдау қажет. Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау керек. Өз формасын өзгертпеген сөмке болу керек. Түс және сурет бұл өте маңызды. Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Ресейлік мамандар осы мәселеге бас ауырта келе, портфельдің салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс дегенді айтады. Балаңыз 27 келі тартса, сәйкесінше, мектеп «дорбасы» да 2,7 келіден артық болмау керек. Ал төменгі сынып оқушыларының сөмкелері 1200 грамның шамасы болса құп.  Өз кезегінде ресейлік санитар-мамандар бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың салмағы 300 грамнан, 5-6 сыныптар үшін — 400 гр, 7-9 сынып оқушыларына — 500 грамнан аспауы керектігін есептеп шығарған. Сонымен қатар сөмкені арқаға ілгенде, сөмке екі иыққа бірдей ілінуі керек.

1.3    Мектеп сөмкесінің бала денсаулығына тигізер әсері.   Жалпы, мектеп оқушыларының іші толы «қоржындарының» ауырлығы мен шамадан тыс заттарды тасуы денсаулыққа кері әсерін тигізбей қоймайды екен. Баланың қан қысымының қалыптан шығуына септігін тигізеді. Тіпті әлі қатая қоймаған оқушының кеуде сүйектерінің қисаюына әкеп соғады. Ол аз болса, мұның салдары мидың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді.

Қандайда болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасымен арқа бұлшық еттеріне нашар әсер етеді. Және жас ұлғайған сайын оның зардабы ұлкейе түседі.

Ресей зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенсек дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі 50% скалиоздың пайда болуына әкеледі.

Скалиоз омыртқа жотасының бір бүйірге қарай қисаюы.

Сонымен бірге бір иыққа сөмкені асуға болмайды. Өйткені ауыр салмақ бір иыққа түсіп дене сүйегі бір жаққа қисайып бүйректің төмен түсуіне әкеліп соғады.

Біздің елімізде мектеп сөмкесінің қандай болу керектігін қадағалайтын мемлекеттік стандарттар жоқ.

ІІ. Негізгі эксперименттік бөлім. Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге мектепке арналған сөмке таңдауға дүкендер мен базарларға барады. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл қуанышты да, маңызды іс. Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады. Оның әдемі де, ыңғайлы болуын барлығымыз қалаймыз ғой. Оқу жылының басында біз үзіліс кезінде құрбыларымыздың сөмкелерін қарастырып, қызықтаймыз. Өзіміздікімен мақтанамыз. Барлығымыздың сөмкелеріміз әр-түрлі. Түстері де, формалары да, суреттері де.. Осы мәліметтерге қарай отырып мектеп сөмкесінің бала денсаулығына қаншалықты әсері бар деген ой мені де толғандырды. Оны қалай таңдау керектігін, дәрігерлердің пікірін білу мақсатында мен мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеуге кірістім және дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесінің оқушы ағзасына кері әсер ететінін дәлелдемекпін. Және осы сұраққа  мен тәжірибе жүзінде көз жеткізгім келіп бастауыш сынып оқушыларынан сауалнама алдым Сауалнамаға әр сыныптан 5 оқушыдан  25 оқушы қатысты.

– Қызығы, бастауыш сыныптың оқушыларының сөмкелерінде не жоқ  десеңізші?! Олар оқулықтардың керегін де, керек емесін де таси береді екен. Сөмкелерінде тіпті ойыншық, үзілісте ішетін тамағына (пірәндік, сусын) дейін бар.

2.1 Оқушылардан сауалнама алу.

2.2 Ана аналардан алынған сауалнама нәтижесі.

2.3 Мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағын анықтап, саралау.

 

Бала салмағы

Бос сөмке салмағы

Толық сөмке салмағы

Спорттық киімдермен қосқанда

Барлығы

 

1 сынып

20

0,5

3

3,5

7

22

0,2

3

3,5

6,7

21

0,9

3,5

3,8

8,2

19

0,8

3,2

3,7

7,7

20

0,3

3

3,5

6,8

 

2 сынып

23

0,7

1,7

2

4,4

28

1

2,1

2,7

5,8

29

1

3

3,8

7,8

34

0,8

2

2,8

5,6

26

0,8

3

3,9

7,7

 

3 сынып

24

1

2,5

3

6,5

27

0,8

2,5

3

6,3

38

1

3,9

4,1

9

30

0,8

4

5

9,8

30

0,8

3,2

4

8

 

4 сынып

31

0,8

3,8

4

8,6

30

0,1

1,8

2,5

4,4

32

0,5

2,2

2,7

5,4

33

0,7

1,9

2,3

4,9

31

0,1

2,1

2,7

4,9

Оқушылардың  сауалнамасынан қорытынды  шығарар болсақ  оқушылардың  52% і маған бәрібір, 28%і түсіне қараймын,  28% і суретіне қараймын  деген. Яғни  маған бәрібір деген жауапқа басым көпшлігі жауап берген.

Сөмкені кім таңдайды     60% і өзім,   28% і анасы  таңдайды   яғни   коп оқушы өздері таңдайды екен.

Ата –аналардан  сауалнама  алған кезде  80%  сөмкені  баланың  өзі тандайтынды-ғын   және көбінесе  сөмке таңдағанда  оның  әдемілігіне сонымен қатар  аспалы  сөмкені  таңдайтындықтарын  білдім.Бұдан   ата-аналардың  сөмке  таңдағанда  сөмкенің  сапасына көңіл бөлмейтіндіктерін байқадым. Сонымен  сөмкені  бала салмағына қарай   таңдайтын ата-ана  40 % 

Бастауыш сынып оқушыларының салмағын, сөмке салмағын өлшей отырып ,мен  оқушылардың сөмке салмағы   нормаға  сай емес екеніне   көз жеткіздім.

Дәрігер  мамандардың  айтуы бойынша   бала салмағы  27 кг  болса ,оның сөмкесінің  салмағы 2,7  болу керек  .Ал мына  таблицаға  қарасақ  ондай нормаға  сай келетін  сөмке  жоқ  болып шықты

2.4 Дәрігерден сұхбат алу(видео). Біз   өз  болжамдарымызды   дәлелдеу  үшін мектеп  дәрігерімен  ҚММУ  медициналық колледжіне барып   оқытушыларынан сұхбат алдық

ІV. Кіріспе

Мектеп сөмкесін сатып алғанда ескерілетін талаптар тізімі

Жоғарыда атқарылған эксперимент нәтижелерін ( оқушы, ата –ана сауалнамасы, дәрігермен сұхбат, сөмке салмағын өлшеу) қорытындылай келе төмендегідей тоқтамдарға келдік:

Дәрігердің кеңесі: «Ауыр  сөмкені бір қолда ұстау немесе сөмкені бір иыққа асыну оқушы үшін зиян. Нәтижесінде скалиозбен ауыруы мүмкін», - дейді. Сондықтан, дәрігерлер балалар үшін ортопедиялық арқасы бар сөмкенің таптырмас құрал болатындығын айтады.

Сөмкені сатып аларда төмендегі белгілерді ескеріңіз:

- Сөмке көлемі  арқадан жалпақ болмауы керек;

- Сөмке салмағы оқушының салмағының 1/10 болуы тиіс;

- Оның төменгі бөлігі белден төмен түспегені абзал;

- Ішіне салатын оқулықтарды бір біріне тығыз орналасуы керек;

- Иықбауы жалпақ, иыққа батпайтын болуы керек;

- Материалы сапалы болуы жөн. Мамандар кеңесі полиестер;

- Сонымен қатар қараңғы кезде көзге шағылысатын жарқын түсті жолағы болған жөн, ол жаяу  жүргіншілер жолынан өтер кезде жүргізушілердің көзіне бірден түсін, қауіпсіздіқті қамтамасыз етеді.

Сонымен  бірге  мынадай  ұсыныс айтқым келеді:

- Ата-аналарына айтарым, бастауыш сыныптың оқушыларына қажет емес заттарды тексеріп отырса. Ең болмағанда, онсыз да ауыр сөмкені жеңілдетіп, керек емесін үйлеріне қалдырса екен. 

- Мектеп басшыларына  Оқушылар міндетті түрде «екінші аяқ киіммен» жүру керек. Ол да – бір  дорба. Дене тәрбиесіне әкелетін киім және бар.  Осыларды сыныпта  қалдырып кететіндей, тасып жүрмейтіндей жағдай жасаса деп ойлаймыз.

- Оқушыларға  айтарым  сөмке таңдағанда  міндетті түрде  ата-ананың ақылын тыңдап  оның сапасына көп мән  берулерін  сұраймын.

Қорытынды

Жұмысымды  қорытындылай келе  мен  оқушыға  ыңғайлы сөмке  ранец  сөмкесі  деп ойлаймын. .Себебі бұл сөмке

Құрметті Ата – ана, ардақты дос осы талаптарды ескеріп сапалы сөмке таңдауыңызға тілектеспін.

Қолданылған әдебиеттер мен интернет ресурстары:

1- «Ол кім? Бұл не ?» Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 1-2 том.

2- http://история-вещей.рф/galantereya/istoriya-sumok.html

3- yandex.kz

4- «Денсаулық»  журналы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама