- 22 қаң. 2016 00:00
- 247
Қазақстанда әйгілі апорт алмасын өсіру қолға алынбақшы
Алматы қаласының ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне көре, бұл үшін арнайы жер телімі белгіленіп қойылған. Жобаға ақша салушы - «Apple world» ЖШС 2016 жылдың сәуір айынан бастап, ол жерге алма көшеттерін отырғызады. Болашақта бұл жер алма бағына айналады.
Биыл, Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына орай, қалада атақты апорт алмасын өсіру қайта қолға алынады.
Сондай-ақ, тағы үш бейінді аграрлық компания алма бақтарын жандандыру ісін қолға алуға дайын екендіктерін білдірді. Қазір оларға лайықты жер телімдері қарастырылып жатыр.
Бүгінгі таңда, Алматы қаласында алмаға сұраныс жылына 17 мың тоннаны құрайды. Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі алма өндірісін 2020 жылға қарай, жылына 3,5 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.