Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сұлы

Сұлы — биіктігі 1 метрге дейін жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, іші қуыс. Сопақша келген, жіңішке жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан. Гүлдері қос жынысты, майда, сары, маусым-шілде айларында гүлдейді. Мәдени өсімдік ретінде барлық жерлерде де егіледі. Дәрі жасау үшін сұлының дәні мен сабағын пайдаланады. Құрамында крахмал, май, белокты заттар, қант, эфир майлары, витаминдер бар.

Халық медицинасында сұлының сабағынан тер шығаратын, несеп айдайтын, дене қызуын төмендететін, жел шығаратын дәрілер жасап пайдаланады. Сұлының сабағынан жасалған тұнбаларды бүйрек ауруына байланысты денеде ісік пайда болғанда және асқазан ауруларын емдеу үшін қолданады. Кісі ұйқысыздыққа ұшырағанда, ой еңбегімен көп айналысып, жүйкесі қажығанда сұлыдан жасалған дәрілерді пайдалану өте жақсы нәтижелер береді. Сұлының сабағынан жасалған бұлау ревматизм, құяң және тері ауруларын емдеу үшін қолданылады. Аяқ көбірек терлейтін болса, сұлының сабаны мен еменнің қабығын майдалап араластырып, осы қоспадан жасалған тұнбаны аяққа бұлау жасау үшін пайдаланады. Бүйрекке тас байланғанда бұл дақылдың тұнабсын компресс жасап, бүйректің тұсына басады. Халық медицинасында сұлыны өт айдайтын дәрі ретінде де пайдалаиады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі

3 стакан сұлыны 3 литр суға салып жайлап қайнатады. Сұйықтың әуелгі мөлшерімің 1/4-і қалғанда дәрі дайын болды деп есептелінеді. Әр ішкенде екі стаканнан күніне 3-4 рет ішеді.

Сұлының сабанынан сулы тұнбаны былай жасайды: 100 грамм майдаланған сұлының сабанын 2 литр суға салып, біраз қайнатады да, жарты стаканнан күніне 4-5 рет ішеді. Бұлау жасау үшін тұнбаны былай жасайды: 1 кг сұлының сабанын 2 литр суға жарты сағат қайнатып, сабанын сүзіп алып тастайды да, қайнатындысын ваннадағы суға қосады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама