Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тарих пәні мұғалімінің қоғамдағы алатын орны

Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр.

Н.Ә. Назарбаев

Қазақ халқының рухы таза ұлт болып қалыптасуы және тәуелсіздігіміздің беріктігі елдігіміздің сақталуы тікелей жас ұрпаққа байланысты. Ал осы жас ұрпақтың жан-жақты білімді, халықтың тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның бақытты келешегі үшін жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың санасы, сапалы білім, салиқалы ұлағат алуына байланысты. Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде қателескен, бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтанда жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелуде. Жаңа ғасырдың жаңаша ұстаздары өз мамандығын жанымен сүйетін, білімді де білікті мамандар. Алдына қойған мақсаты анық, ісіне сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарайтын осынау ұстаздар бойынан төзімділік, өз ісіне шәкіртіне деген ерекше ілтипат пен мықты сенімділік төгіліп тұрады. Тарих – бұл барлық ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына дарытушы пән. Тарих пәні арқылы бүкіл адам баласының басынан өткізген тіршілік тауқыметін білеміз. Ұлы ғұлама ғалым Әл-Фараби ”Тарихты білмей-қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын” – деп орынды пікір қалдырған. Сондықтанда тарихшы ұстаздар – жас ұрпақты тәрбиелеуде маман ғана емес, ол қоғамның саяси хабаршысы. Қазақстан – саяси даму жолында. Елбасымыз өзінің Қазақстан 2050 бағдарламасында былай деп жазылған ”Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содлан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн” – делінген. Тарих пәні мұғалімдерінің негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар мен рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Тарихты оқу деген Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі ой елегінен өткізіп, кеше кім едік, бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ жерлерінің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Тарихи оқиғаларды жан-жақты дұрыс түсіну үшін әуелі ойлау, елетету,одан кейін фактілерді, оқиғаларды ойша қорыту арқылы түсінік қалыптастырған жөн. Сол тарихи жағдайларды білу, терең түсінуге жағдай жасау, яғни оқушының қабілетін дамытуды қалыптастыру оқушыларды өз бетінше ізденуге әкеліп тіреуі керек. Тарих пәнін оқыту арқылы ұлтымыздың өткен зарлы күндерін, қайғысы мен мұңын білгізіп, қасіретін санасымегн түйсіндіріп, бүгінімен салыстыра отырып, ертеңіне нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелейміз.

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама