- 26 сәу. 2021 00:00
- 208
Тәуелсіздік – еліміздің тұғыры
Бұл күнге жетуіміздің өзі үлкен тарих. Қаншама қайғы-қасірет, тағдыр-тауқыметті бастан кешкен халқымыз жаңа заманды еңсеріп, жетістіктерді бағындыру үстінде.
Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде.Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,Филология және Әлем тілдері факультеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік –еліміздің тұғыры» конференция ,кітап көрмесін,"Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы " тақырыбында дөңгелек үстел мен дебаттар көптеп ұйымдастыруда.
Сонымен қатар "Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн" тақырыбында студенттердің білімін ұлғайту мақсатында ашық сабақтар өткізілуде.
Тәуелсіздік – әр мемлекет үшін баға жетпес асыл қазына, ұлы жеңіс. Дүние жүзінде тәуелсіз елдермен қатар өзге елдің жетегінде жүрген бодан елдер де баршылық. Тіпті, бұл сөздің өзі оларға орындалмас арман сияқты болып кеткен. Ал олардың жанында біз өте бақыттымыз. Себебі өзіндік көзқарас, ой-пікірімізді білдіре алатын теңқұқылы қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Яғни еліміз көк аспанында қалықтаған байрағы, салтанатты әнұраны, ұлттық әдет-ғұрып, салт-санасы, тілі мен діні бар егеменді Республика.
Ал бұған дейінгі елмінің ғұмыры қандай еді? Халқымыздың басынан не өтеді? Нендей тауқыметті бастан кешпеді?
Алдымен, Ресей патшалығы, кейін Кеңес Үкіметіне бағыныштылық. Салынған шекара бекіністерінен өз елінде, өз жерінде халқымның мекен-жайынан таршылық көруі. Одан басқару билігінің қолдан кетуі. Тіліміздің уланып, дініміздің қорлануы. Ұлт ретінде жойылып кету қаупі...
...Күні кеше ғана әңгіме арасында бір жазушы ағам «Соңғы кезде тарихшылар Ресейдің отарындағы үш ғасырда Қазақстанда 300-ден астам көтеріліс болды деп айтып жүр. Бұл дұрыс емес. Шын мәнінде, қазақтың бодан жылдарындағы бұлқынған көтерілістерінің саны 700-ден асып жығылады. Міне, осы 700-ден астам көтерілістің бірде бірі жеңіске жете алған жоқ. Тек олардың ең соңғысы – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ғана жеңіске жетіп, еліміз Тәуелсіздігін алып, Азаттықтың ақ таңы атты. Егер де еліміз Тәуелсіздігін алмаса, Желтоқсан да қазақтың жеңіске жетпеген көп көтерілісінің бірі болып тарихта қалар еді ме, қалай?.. Сондықтан да мен қазаққа Тәуелсіздігін алып берген тап осы Желтоқсан көтерілісі деп білемін» деген көшелі сөз айтты [1].
1990-шы жылдардың басы – алғашқы жаңғыру кезеңі. Мемлекет экономикалық, әлеуметтік және саяси-қоғамдық салаларда «үшжақты транзитті» жүзеге асырды. Біз жаңа саяси жүйе құрып, нарықтық қатынастардың тетіктерін қалыптастырдық, құқықтық мемлекеттің іргетасын қалап, қоғамдағы этностық және діни келісімді нық орнықтырып, әлемді мойындаттық. Қазақстандықтардың алдына қойылған 1992 жылғы алғашқы Стратегия міндеттері толығымен орындалды. ТМД елдері арасында аласапыран мен азамат соғысының жалынына шарпылмай, экономикалық дағдарыс пен кедейшілікке, ішкі жанжалдарға, қылмыстың күшеюіне ұшырамаған мемлекеттер некен-саяқ. Біз барлық апатты айналып өту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бақтық.
«Революция емес, эволюция» қағидатындағы екі ұғымның мәні жаңа ғаламдық ахуал жағдайында басқа қырынан ашылды. Революцияшыл парадигма осыған бой алдырған елдердің берекесін кетіріп, дамуын жеделдетпек түгілі оны тежеп, кері тартты. Ал осы кезеңде бірнеше онжылдыққаұласқан эволюциялық даму жолы Жапонияны, Оңтүстік Кореяны, Малайзия мен Қытайды шын мәніндегі революциялық жетістіктерге жеткізді [2].
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Тәуелсіздік желтоқсаннан басталады/ Аймахан Құттыбек – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2012,6-бет.
2. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017.