- 14 қар. 2017 00:00
- 227
Тазалық
Таласымды тартамын тазалыққа,
Шашып – төгу жатады балалыққа.
Әлемді әлегәне салып қойған,
Экология біз үшін жағалық па?!
«Бірінші байлық – денсаулық »,- дейді қазақ. Расында, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды айтпағанда, саулықта өмір сүруіміздің кепілі бола алатыны ол – деннің саулығы және тазалық. Ал дені сау ұрпақ – қоғам байлығы.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында атап көрсеткен ұлт саулығы мен сапасын арттыру бүгінгі күн мақсаты. Бұл жобаның екінші бөлімі ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР деп аталады. Соның ішінде «Туған жер» юағдарламасы бүгінігі қозғар қарарымның негізі болмақ.
Туған жерді сүйю - оның дәстүрі мен әдебіне көну. Елінің тау – тасын қадірлеп, әр мекенін мақтан ету, бұл – патриотизмнің алдыңғы көрінісі. Табиғатының сұлулығын қалаған Отансүйер, оның ластанбауын да ерікті түрде қалайтыны һақ. Осы тұста бұл мақаламның кімге, неге жауап түрінде жазылғанын айта кетсем.
Бұл жазба талас ауданы ардагерлерінің тазалықты негізге ала отыра жолдаған үндеуіне жауап хат болмақ. Онда тазалықты сақтау, оның келешекте экологиялық проблемаға айналмауы, қала тазалығы үшін нақты шаралардың жасалыуы жөнінде келтірілген. Және оны оқушыларға да жүктелініуін талап еткен ардагерлер аудан орталығының көркейюін қалайды.
Мен ауданымыздағы жалғыз гимназияның 11 сынып оқушысы ретінде, мектеп оқушылары тарапынан озық дәрежеде «көгеріштендіру» жұмыстарының жүріп жатқанына толықтай сендіре аламын . Сөзімді нақтылау үшін, гимназия ішілік тазалықтан бастайық . Бізде әр жұма «тазалық күні» екендігін ескерсек, мектеп оқушыларының алдымен өз жеке бас гигиенасының беріктігіне көз жеткізуге болады. Сонымен қатар күз және көктем айларында сынып бөлмегүлдерін, аула өсіміктерін молайту мақсатында, «ЖасылЕл» жобасы аясында көгеріштендіру жұмыстары өтеді. Бұл да болса табиғатқа қосқанымыз деп білемін.
Қазақта Ер бала еркектігін дәлелдер үшін үштік кезеңнен тұратын салтымыз бар. Онда, алдымен, үй тұрғызуды, екіншіден, өз баласын аяққа тұрғызуды, үшіншіден, «бір тал кессең, он тал ек!» деп ағаш отырғызуды міндеттеген. Ата – дәстірді санаға түйю межесінде, мектеп қабырғасында – ақ үш қалаудың бірін жоғарғы буын жігіттері орындап жүргенін ашық айта аламын.
Мұнымен біз атқарған міндет таусылмады. 1-қазан қарттар күніне орай гимназистеріміз Шахтер көшесі № 15 үйдің тұрғыны Голдыш Евгения Степановнаның үйіне барып, «жас келсе, іске» деп қазақтың «үлкенге құрметін» көрсетіп кетті. Күз келіп ретсізденген бақша мен ауладағы ағаш жапырақтарын жинақтауға қолғабыс етіп, қарт ананың алғысына бөленді.
Ал келер аптада, Көшбасшымыздың мақаласында орын алған прагматизм бағыты бойынша тұрмыстық қағаз қалдықтарын тастамай, ластамай, жинақтап, қағаз жасау өндірісінде қайта өнделетін шикізат ретінде пайдасын арттыратын макалатура өз мәресіне жетеді. Бұл жоба жарамай қалған жыртындыларды қайта түптеуге жөнелтіп, қаламыздағы қағаздық қоқыстар санын кемітетініне сенімдімін.
Қорыта айтсам, бұл шаралар аудан орталығының көркейюіне тым болмаса, теңізге тамшыдайын үлесін тигізіп жүр-ау. Әйтсе де, тағам қалдықтарының шаңына да ілесе алмасы анық. Егер сіз босаған азық-үлік қалдықтарын өз жәшігіне дер кезінде сала білсеңіз, қала алдындағы бір парызымның орындалғаны деп біліңіз. Алай да, алдыңызда 99 парыздың тұрғанынан хабардар болыңыз. Себебі «ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ» .