Тыңдау – оқушылардың ағылшын тілін білу деңгейін арттыру әдісі ретінде
Махмудаева Жадыра Нұрғожақызы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Атырау қ., Қазақстан Республикасы
Аннотация:
Мақалада тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны және тыңдау әдісінің рөлі қарастырылды. Тыңдау - шет тілін оқытудың қуатты құралы. Оқушылар айтылып жатқан сөзді назар сала тыңдауға үйренеді, олардың есте сақтау қабілеті дамиды. Шет тілі сабағында берілген оқу материалдарын тыңдап, сөздерді түсінуі қалыптасады.
Негізгі сөздер: Тыңдалым, сөйлеуді есту, есте сақтау, түсіну.
Шет тілі - қарым-қатынас құралы, адамдардың түсінуі мен өзара іс-қимыл құралы ретінде жеке тұлғалардың зияткерлік қабілеттерін, білімін дамытуда өзіндік орны бар маңызды пәндердің бірі болып есептеледі. Шетел тілінде түсініп сөйлеуді арнайы үйрету көрсетілген, ол мектеп жағдайында мұғалімнің немесе диктордың, кластастарының немесе ықтимал қонақтардың сөздерін тыңдау және түсінуді білдіреді. Тыңдау дағдылары әр түрлі қарқынмен, түрлі интонациямен айтылатын сөйлеушіні есту арқылы қалыптасады. Ендеше, тыңдау - ақпаратты естіп, қабылдау арқылы сөйлеудің түсіндіру функциясын орындайды.
Тыңдау - оқылып жатқан шет тілінің дыбысталу жағын үйренуге, яғни әуен, екпінді дұрыс қоюды үйренуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тілдің лексикалық құрамы мен грамматикалық құрылымына мән беріліп, оқу мен жазуды меңгеруді жеңілдетеді, оқушыда есте сақтау қабілеті дамиды. Тыңдау қабілетінсіз адам оқып жатқан тілде қарым - қатынас жасай алмайды. Оқушы шет тіліндегі сөзді тыңдай отырып, сөздердің дұрыс оқылуына жаттығады және кейін тілдің көмегімен тыңдалған тапсырма бойынша өз ойын құрастырып, жеткізе білуге машықтанады.
«Ағылшын тілі» оқулығының авторларының бірі, әдіскер - ғалым Т.Н.Аяпова «Адам баласының сөйлеуі - баланың алғашқы сөйлеуі және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды»,- деп көрсеткен.
Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіруде тыңдауды қалыптастыру пән бойынша берілетін білім мазмұнының негізгі міндеттерінің бірі. Тыңдау - қарым-қатынастың негізін құрайды, және оқушының логикалық ой-өрісін жетілдіреді. Бұл әдіс шет тілін оқытуда өте маңызды құрал болып саналады, алайда оқушылардың қызығушылықтары, жас ерекшеліктері әрқашан назарда ұсталуы тиіс. Мәселен, тәжірибе көрсеткендей, төменгі сынып оқушыларына қызықты болатын тақырыптар: ертегі, достық туралы, жан-жануарлар туралы қызықты әңгімелер және т.б. болса, жоғары сынып оқушылары үшін: болашақтың мамандықтары, жаңғырған технология жаңалықтары, өзге елдің өмірі мен халқы туралы және табиғаты жайлы мәтіндер қызықтырады.
Шет тіліндегі тыңдалым тақырыбы Е.И.Пассов, И.Л.Бим, Р.П.Мильруд және т. б. отандық және шетелдік ғалым-әдіскерлердің ғылыми еңбектерінде берілген. Олар әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған тыңдалым шетел тілін оқыту процесінің табысты болуына жағдай жасайды дей келіп, берілген мәтінді тыңдай отырып оқушылар мәтіннің негізгі мәнін есте сақтауға тырысады деп анықтаған.
Тіл үйретуде тыңдалым әрекетінің орны ерекше болып табылады. Тыңдалым – сөйлеу әрекетінің ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып өзімізге қажетті мәліметті аламыз және оның ойын, мақсатын білеміз.
“Тыңдалым” – “аудирование” деген терминнің білдіретін мағынасы – “есту арқылы түсіну”
Қазіргі уақытта шетел тілі сабағындағы тыңдалым – сөйлеу қызметінің осы түрін оқытудың мақсаты ғана емес, сонымен қатар сөйлеу қызметінің басқа түрлерін меңгеру құралы ретінде оқытуды қамтиды. Осылайша, тыңдауды сөйлеу қызметінің түрі ретінде меңгеру коммуникацияның табысты процесін қамтамасыз етіп, оқушылардың шет тілін сөйлей және түсіне білуін дамытуы тиіс.
Тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу түрлері тіл үйренушінің тілді білу деңгейіне, жас ерекшелігіне, мақсатына, өмірдегі қажеттілігіне қарай қарастырылады. Сонымен қатар тыңдалатын мәтіндердің тәрбиелік мәні, тіл үйренушінің қызығушылығын арттыратындай белгілі бір мәселесі болуы керек.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Шетел тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алатын орны ерекше. Тыңдалымды меңгерту де, бақылау мен бағалау да арнайы жазылған аудио, видеоматериалдар, ғаламтор және электронды оқу құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Оқушыларға тыңдау мәдениетін үйрету қажет, тыңдай білу – ағылшын тілін үйренудегі табыстың кепілі екенін түсінуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1. Елухина Н.В. “Интенсификация обучения аудированию на начальном этапе”: Ж. “Иностранные языки в школе”. – 1986 - №5 – С. 15.
Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам – важное средство интеллектуального развития учащихся. “Методика преподавания иностранных языков в вузе” 1993 г.
2. Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М. “Просвещение”, 1975 ж.
3. Кочкина З.А. Аудирование: что это такое?//Методическая мозаика. 2007. – С. 12 - 18
4. Ильина характеристики кратковременной памяти, полученные в условиях аудирования // Уч. зап. Моск. гос. пед. ин-та иностр. яз. им. М. Тореза. 1988. Т. 44.
Аннотация:
В данной статье рассматривалось, что коммуникативная деятельность языка осуществляется не в виде отдельных единиц, а в виде сознательной деятельности, в которой происходит взаимное сообщение, и роль метода аудирования. Аудирование - мощный инструмент обучения иностранному языку. Учащиеся учатся внимательно слушать произносимое слово, у них развивается память. На уроках иностранного языка формируется понимание слов, слушание учебных заданий.
Ключевые слова: Аудирование, услышание речи, память, понимание.
Annotation:
The article examines the communicative function of language not in the form of separate units, but in the form of conscious activity, in which there is a relationship, and the role of the listening method. Listening is a powerful tool for teaching a foreign language. Students learn to listen carefully and memorize the spoken word. In foreign language lessons, the understanding of words and listening to learning tasks are formed.
Key word: Listening, hearing speech, memory, understanding.