Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Тоқ ішек ауруын емдеу

— Шілде-тамыз айларында таңертең ерте алуан түрлі гүл ашатын мыңбас шырмауықты білмейтін кім бар дейсің? Оны кейбіреулер көлеңке үшін жіп керіп, ұйыстыра өсірсе, енді біреулер темір тордан құрылған қоршаудың түбіне егіп өсіреді. Бұл гүлдің бір ғажабы күннің нұрын бойына сіңіріп алады да күн көтеріле келе қайта жабылып қалады. Жабылардан сәл бұрын алып, мыжып, айналған тік ішектің аузына жапсырып қойса аурудың жылдам оңала бастағанын бес-алты күннің ішінде аңғаруға болады. Бір емдеу мерзімі 7 күн. Күн сайын жаңалап тартып қояды.

— Кәдімгі жылқының тұяғын балтамен жаңқалап шауып, ағаш отынмен жағады. Әрине, тұяқ бірден лапылдап жанып кетпейді. Ағаштың жалынына әбден қызып алған соң бықсып жана бастайды. Осы кезде оттың арасынан тұяқты алып бос шелекке салады да құйрықты жалаңаштап түтіннің ұстіне отырады. Мұны аптасына үш рет жасаса жетеді.

— Емен ағашының жаңғағын жинап алып, суға 15-20 минуттай қайнатып, жалыны қайтқан буына отырып, суы жылыған соң түскен тік ішектің аузын асықпай отырып, жайлап жуады. Күн сайын жатарда осындай әдіспен 10 күн жасаса, тік ішек әуелгі қалпына келеді.

— Ер адамдар үшін күн сайын бес минут суық су құйылған ыдысқа құйрықты басып отырудың да пайдасы бар екенін тәжірибе көрсеткен. Мұндай әдісті қолдану үш аптаға созылады. Әйелдер үшін тиімсіз.

— Отқа жақсы қыздырылған қызыл кірпішті жинақылау ыдыстың ішіне салып, үстіне ұсақтап туралған усарымсақты жаймалап қояды да буына құйрықты төсеп отырады. Оған қанша қажет болса, сонша отыруға болады.

— Сібірліктер ежелден шетен ағашының жемісінен жасалған шырынды ішу арқылы тік ішектің ішкі, сыртқы айналуын бірдей жазып алатын болған. Шетеннің жемісін күзде піскен кезде жинап алып, шырынға белгілі мөлшерде қант қосып әзірлейді. Әр жолы 200 мл-нан күніне үш рет ішеді. Артынан таза су ішуге болады.

— Күнбағыс сабағының өзегін алып, өртеп, күліне қара шекер араластырып, таңертең, кешке ас алдында бір ас қасықтан ішеді. Бұл әдіс үш күннің ішінде өз нәтижесін көрсетуге тиіс.

— Рауғаш тамырынан 30-40 грамм алып, 300 мл суда 6-7 минут қайнатады. Бір сағат тұндырып, таңертең, кеште ас алдында бөліп ішеді. Бір емдеу мерзімі 7 күн.

— Бидайдың үлкендігіндей 7 түйір ашудасты шикі жұмыртқаны еппен тесіп, ішіне тығады да тесілген жерін су өтпейтіндей етіп бітеп, суда қайнатып пісіреді. Күн сайын аш қарынға бірден жейді. Бір емдеу мерзімі 7 күн. Осы уақыт ішінде көтеу оңала бастаған белгі беруі тиіс.

— Ауылдың маңайында көлшіктерде, суларда жүретін кәдімгі шұбар бақаны ұстап сойып, ішек-қарнын алып тастайды. Қалған етін, терісін турап, қойдың бүйрек майымен қосып қуырып пісіреді. Осы майдан жылылай тік ішек аузындағы жараға жағады. Немесе таза дәкеге майды қалыңдау етіп жағып, жараның аузына тартады. Бір емдеу мерзімі 5 күн. Күн сайын жаңалап отырады.

Кәсіби халық емшісі Сейітқамза Қалиевтың емшілік кеңестерінен


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама