Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Түбірлес сөздер
Сабақ тақырыбы: Түбірлес сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «түбірлес сөздер» туралы теориялық ұғым қалыптастыру, білімдерін толықтыру.
2. Дамыта оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жаттығу, кітаппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс, көрнекіліктер, ойын, сергіту сәті, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек - сызбалар, ойын құралдары, тапсырмалар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік.
Технология: ақпараттық технология, бейнелеу, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу
«Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

Топқа бөлу (сүйікті жеміс - жидектердің суреттерін таңдау арқылы топтасады)

1 - слайд. Өткен сабақты еске түсіру
- Түбір сөз деген не?
- Туынды сөз дегеніміз не?
- Қосымшаның қандай түрлері бар?

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
39 - жаттығу
- Суреттегі спортшылар кімдер? (футболшы, хоккейші, баскетболшы)
Осы сөздермен сөйлем құрап жазу. Сөз құрамын талдау. Тапсырманы әр топқа бөліп, 2 оқушыдан сұраймын, туынды сөз туралы алған білімдерін бекіту.
Футболшы алаңға шықты. Хоккейші шайбаны қақпаға салды. Баскетболшы допты себетке түсірді.

III. Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.

2 - слайд. Жұмбақ шешу.
Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі
Су, суат, сушы, суық, сулы, сусын, сулық.
Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.
- Қандай ерекшелік байқадыңдар?
- Барлық сөздің түбірі бірдей.
- Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?
- Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады. 3, 4 оқушы өз ойларын айтады.
ІV. Жаңа білімді игеру кезеңі.
- Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық. Бұл сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

3 - слайд. Ереже. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбірлес сөздер деп аталады.
Енді, балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.

4 - слайд. Оқулықпен жұмыс. 40 - жаттығу
Берілген ертегіні оқу, кітап, кітапша сөздерінің мағынасын ашу, ұқсастық пен айырмашылығын айту. Ертегіні қиялдарына қарай жалғастыру:

Сыртқы мұқабасы жыртылған кітап пен іші - сырты сызылған кішкентай кітапша мектеп кітапханасында кездесті. Оларды кеше 3 - сынып оқушылары Сәбит пен Нұрлан өткізген болатын. Екеуі бір - біріне мұңдарын шаға бастады. Осы кезде кітапханашының даусы естілді...
1. Ереже
Бір түбірден өрбіген сөздер түбірлес сөздер деп аталады. Мысалы: кітап, кітапша, кітапхана, кітапханашы – түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама