Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ақселеу Сейдімбек "Әйел - ана"
Тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек. "Әйел - ана"
Мақсаты: 1) білімділік: Шығарманың әдеби ертегі екенін, қазақ елінің өткен тарихына назар аудара отырып, ана бейнесін ашу;
2) дамытушылық: сұрақ, тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, сөйлеу дағдыларын дамыту, проблемалық сұрақтарды шешуге баулу;
3) тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде ананы аялай білуге, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ - жауап, проблемалық сұрақ, ой толғау, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек - сызбалар, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, қазақ тілі.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың көңіл - күйін қадағалай отырып, сабақ барысымен таныстыру.
Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім.
Айтатын бір,
Шертетін бір -
Сөзім бар.
Ей, адамдар,
Үнсіз ғана ұғыңдар,
Жүрегімнің түкпіріне орнатқан
Анашыма ұсынатын гүлім бар!
Ей, адамдар,
Құрметтеңдер ананы
Ей, адамдар,
Сыйлаңдар ата - ананы,
Біздер үшін -
Түн ұйқысын төрт бөлген
Сендер де бір сәт ойлаңдар –
ата - ананы!!!

Ой қозғау. М. Дулатовтың «Кім, балалар, сендерді сүйетұғын?» атты өлеңін бір оқушыға жатқа айтқызып, оқушыларға ой тастау.
«Ең жақын адамды кім сүйеді екен?» сұрақ қою арқылы тақырыпқа сілтеме беру.
Слайд (Аналар жайлы)
Тақтамен жұмыс (күн тәртібі, тақырып жазылып қойылады)
Топтастыру стратегиясы
Ана

Өмір сыйлаушы
Қымбат жан
Ардақты
Ақылшы
Қамқоршы
Тәрбиеші
Негізгі бөлім
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, ана – мәңгілік тақырып, бұл ұлы есімді дәріптеп, толғана отырып жазбаған ақын - жазушы жоқтың қасы.
(Мұғалім ана туралы өлең оқиды)
«Жұмақ – ананың табанының астында» деп хадисте бекер айтпаған. Өздерің атап өткендей ана, ең алдымен, адам баласына өмір сыйлайды. Тәрбие береді. Осындай тәрбиелілігімен, ақылдылығымен бір дүйім елді құтқарып өмір сыйлаған әйел - ана жайлы ой қозғайық.
Оқулығымызда бұл тақырып болмағанымен, бағдарламаға енгендіктен, ізденіп оқуларыңа тапсырма берілген болатын. Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында слайдқа назар аудара отырып, төмендегі зымыран сұрақтарға жауап беріңдер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама