Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Физикадан практикалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс.
Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқып білген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және оларға сапалық, сандық есептерді шешуге үйрету.
Дамытушылық: Өткен тақырыпты талдап, салыстыра отырып есеп шығару қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және ұжымшылдыққа, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, есептер шығару.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада слайдтар, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Ішкі энергияны механикалық жұмыс істеу жолымен өзгертудің өлшемі қалай аталады?
2. Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін қалай айтамыз?
3. Массасы 1кг заттың температурасын 10С - қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті несі деп аталады?
4. 1 г суды 10С - қа қыздыру үшін берілетін жылу мөлшерін қалай айтамыз?
5. Заттың меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Есептер шығару.
Эстафеталық білім картасы.

Аталуы ---------------------------------------- Белгіленуі ----------- Өлшем бірлігі
Жылумөлшері
Дененің массасы
Дененің көлемі
Заттың тығыздығы
Абсолют температура
Заттың меншікті жылусыйымдылық

№1. Массасы 10 кг кірпіш 10 ºС – тан 35 0С - қа дейін қыздырылған. Бұл үшін қандай жылу мөлшері керек болған?
(Ж: Q = 220кДж)
№2. 5 т шойынды 10 ºС – тан 70 ºС – қа дейін қыздыру үшін қанша жылу керек?
(Ж: Q = 162МДж)
№3. Оқушы бала суды 15 ºС – тан қайнағанша (100 ºС) қыздырғанда оның ішкі энергиясы 178, 5 кДж – ға көбейгенін байқады. Қыздырған судың массасы қандай еді.
(Ж: m = 0, 5 кг)
№4. Массасы 20 г алюминий кесегі суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж – ға азайды. Осы мәліметтер негізінде алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін табыңдар.
(Ж: ∆t = 200 ºС)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама