- 19 қаз. 2016 00:00
- 286
Түлектердің қызметке тұруы ЖОО жұмысын бағалаудың өлшемі болуы тиіс - Қ. Тоқаев
Жоғары оқу орындарының деңгейін түлектердің жұмысқа тұруына қарай бағалау керек. Бұл туралы бүгін Астанада Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен жұмыспен қамтып отырған адамдарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету - жаһандық дағдарыстың қазақстандық еңбек нарығына тигізетін теріс ықпалын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді. Дегенмен де, алда тұрған жұмыстар көп. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Парламент жаңа Еңбек кодексі мен халықты жұмыспен қамту туралы заңын қабылдады. Ендігі кезекті осы заңнамалық актілерді ойдағыдай іске асыруымыз қажет»,-деді Қ. Тоқаев Сенатта өтіп жатқан «ҚР Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауы аясында Жұмыспен қамту жол картасын құқықтық қамтамасыз ету шаралар туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.
Осы ретте ол жастар жұмыссыздығы проблемасына тоқтала келе, бұл мәселенің шешімі барлық елдердің саяси күн тәртібінде басым бағыт болып табылатынын атап өтті. БҰҰ бағалауы бойынша биыл барша әлемде жастар жұмыссыздығы жарты миллионға артып, 71 млн. адамға жетуі мүмкін. Қазақстан үшін де жастар жұмыссыздығы өзекті болып табылады. Еліміздегі жұмыссыздардың жалпы көлемінен 38 пайызы жастарды қамтып отырған көрінеді. Әсіресе, бұл жоғары оқу орындары түлектеріне қатысты болуда. Себебі, оларда жұмыс тәжірибесінің жоқтығынан еңбек нарығында бәсекелестік тиісті деңгейде әсер етуде.
«Германияда оқу орны өзінің түлектерінің 70 пайызын жұмысқа тұруын қамтамасыз етпесе, бюджеттік қаржыландырудан қағылады. Барша әлемде қабылданғандай, түлектердің нақты еңбекпен қамтылу көрсеткіші елімізде жоғары оқу орындарының жұмысын бағалау өлшемінің бірі болуы тиіс. Сонымен қатар біз кәсіпкерлік саласындағы мамандарды студенттік кезден бастап даярлауымыз қажет. Осы ретте сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптерді игеруге жас буынды ынталандыруымыз керек»,-деді Қ. Тоқаев.
-
Пилоттық жоба Астана, Алматы мен Қарағанды қалаларында қолға алынды. Әрбір қалада 25 мұғалім, жалпы 75 мектеп оқытушысы химия, физика, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілінде түсіндіруге ...