У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 - бөлім Өзім туралы Қазақ тілі пәні | Мектеп: "Жангелдин орта мектебі"КММ Мұғалімнің аты - жөні: Естайлакова. Л. А Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Күні: | |||||||||||||
Сынып: 2 | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өзіме киім үлгісін таңдаймын У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2. 1. 6. 1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым - ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз? т. б.) назарын аударту 4. 1 Сөздердің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтау. «у», «и, й» әріптерінің емлесін сақтап жазу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Қимыл, ым ишара арқылы жауап бере алады; Сұрақты түсініп жауап бере алады; Сұраққа жауап беріп, өз ұсынысын айта алады. | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады. Тақырып бойынша ұсыныс айта алады. | ||||||||||||
Сөздік қор | ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, мата | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, еңбек және шығармашылық. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін - өзі тану пәнімен байланыс | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Киім түрлері туралы білді, өзіне ұнайтын киім түрлері туралы айта алды. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс - әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақ басы 2 минут | Ортадағы шеңберге жиналу. Күндей жылы бол! Алмадай тәтті бол! Доптай көңілді бол! Айнадай жарық бол! | Слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 5 минут 10 минут 6 минут | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. - Балалар, бүгінгі сабақта біз У дыбысымен танысамыз. Сұрақтар қойып, жауап беруге үйренеміз. Топтық жұмыс. Бірнеше жазылған сөздердің ішінен у дыбысы жазылған сөздерді оқиды. 1. У дыбысы бар сөздерді оқу 2. Қай сөздер у дыбысы дауысты, дауыссыз екендігін анықтау. Тауық, ту, оқу, жайлау, санау, тану, дауыс Мұғалімнің сөзі: Ережені түсіндіру. У – дауысты; У – дауыссыз. Ереже: Дауыстыдан соң келсе дауыссыз, дауыссыздан соң келсе дауысты. Сөздік диктант: сусын, сәукеле, қуыршақ, сурет, оқулық, тау. Тапсырма: у дауысты дыбыс бір сызықпен, дауыссыз дыбысты екі сызықпен сызу. Бағалау: сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады; (Ө; Т; Қ) Тірек сөздермен жұмыс. 1. Оқушылардың алдына бірнеше сөз тіркестері беріледі. 2. Сөз тіркестерін суреттегі киімдермен байланыстырады, оларды сипаттайды Спорттық киім – Суда жүзуге арналған киім – Мерекелік кешке арналған киім – Арнайы киім – Жеңіл киім - Оқулықпен жұмыс. 18 - бет. 1 - жаттығу. Жеке жұмыс. Дайын шаблон арқылы ойларын жеткізу. «Мен саған........ ұсынамын, себебі........................» Тапсырма: Суреттегі балаларға киім түрін таңдауға көмектесу. Жұптық жұмыс. Суретпен жұмыс. Тапсырма: Берілген киімдерді сипаттау. Тірек сөздер: ыңғайлы, қолайлы, жарасады, жақсы сезіну, матасы.... Кестемен жұмыс. Жеке орындайды.
Шеңбердегі әңгіме. Оқушының тілін, шығармашылығын дамытады. Мақсаты: жүйелі әңгіме құру 1. Мұғалім бір әңгіменің басы мен аяғын айтады. 2. Әр оқушы бір сөйлеммен жалғастырады. Әңгіменің басы: Бір күні анаммен киім дүкеніне келдім. Әңгіменің аяғы: анама рахмет айттым. Үйге тапсырма: 10 - бет, 1 - жаттығу, жазбаша. Жұмыс дәптері. | У дыбысы Слайдпен жұмыс Дәптермен жұмыс Үлестірмелі материал Оқулық пен жұмыс дәптерлері, үлестірмелі қағаздар Үлестірмелі материал (суреттер) Үлестірмелі материал (кесте ) Жұмыс дәптері. | |||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | (МК) + Мен................ үйрендім. - Маған.............. қиын. | ||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарды өз бетінше құрастыра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||