ҰБТ білім сайысы
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласы, "Майдантал" жалпы орта мектеп КММ - сі
тарих пәні мұғалімі Қамбарұлы Дархан
ҰБТ - білім көрсеткіші сайысы.
Мақсаты:
Білімділік: Сайысқа қатынасушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.
Дамытушылығы: Қазақстан тарихы, дүние тарихы, Түркістан тарихы, Азаматтану, Яссауитану пәндеріне қауымның қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып, оқушыларды қоғамдық жаңалықтардан және өзгерістерден тыс қалмауға баулу.
Өткізілу формасы: ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуалдық бағдарлама негізінде.
Көрнекілігі: Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен әсемделеді. Плакаттар, Буклеттер.
Ашылу сәті.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Мектепішілік «ҰБТ – білім көрсеткіші сайысы» атты интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Ендеше, құрметті жас достар! Білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың, тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер.
Олай болса «ҰБТ - білім көрсеткіші сайысы» ойынына қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
(ойынға алты оқушы қатысады)
Енді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.
2.
3.
Сайыстың шарты: Сайыс бес кезеңнен тұрады.
1 - кезең. Сайысқа сыныптан 6 оқушы іріктеліп шықты. Тарих пәнінен 18 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І кезең.
1. Үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. (кіші жүз)
2. Бөкей Ордасы қай жылы құрылды? (1801 ж)
3. Патша үкіметі қаражатына қай жерде, ішкі Ордадағы хан сарайы салынды? (Жасқұста)
4. 1827 ж Бөкей хандығында құрылған хандық кеңесінің неше мүшесі болды? (12 би)
5. Ішкі Ордадағы көтеріліс қанша кезеңге бөлінді? (3)
6. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдерден тұрды? (қазақ шаруаларынан)
7. Орынбор әскери губернаторына жолдаған хатында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті қалай сипаттады? (Елдің шырқын бұзушы, бүлікші)
8. 1836 жылы қазан айының аяғында Исатайдың туы астына қосымша неше ауыл көшіп келді? (20)
9. Көтерілісшілер подполковник Меркулов пен Геке әскерлерінен қай жерде жеңіліске ұшырады? (Тастөбе деген жерде)
10. Губернатор Перовский Исатайды ұстап, облыстық басқармаға тірідей тапсырғанға неше сом тікті? (1000 сом)
11. Сақ, сармат тайпаларының андроновтықтарға ұқсас екенін жазған ғалым. (Смағұлов)
12. Ғұндар көшпелі тұрмыс құрғандықтан қандай үйлерде тұрған. (киіз үйлерде)
13. Орта ғасырлардағы қолөнер жөнінде жазба деректерге қарағанда қандай материалдардың беретін мәліметтері көбірек. (археологиялық)
14. Орта ғасырдағы Ташкент қаласының атауы. (Шаш)
15. Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлық мемлекеттердің негізгі тілі. (көне түркі)
16. Жерленген андроновтық адамдардың басы қаратылған көкжиектің тұсы. (батыс немесе оңтүстік батыс)
17. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші. (ихтадар)
18. 1219 жылы қыркүйекте Қазақстан жеріне жорықтар жасаған кездегі Шыңғысханның әскерлерінің саны. (150 мың)
Ұпайы есептеледі.
2 - кезең. Оқушылар өздерінің таңдаған пәндері бойынша сұрақтарға жауап береді. Тақтада 5 пәннен деңгейлі сұрақтар жасырын тұрады, дұрыс жауап берген оқушы ұпайға ие болады. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
ІІ кезең.
Қазақстан тарихы 10 20 30 40 50
Дүние жүзі тарихы 10 20 30 40 50
Түркістан тарихы 10 20 30 40 50
Ясссауитану 10 20 30 40 50
Азаматтану 10 20 30 40 50
Қазақстан тарихы.
10 - Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі. (Жетісу өңірі)
20 - Е. Пугачев көтерілісіне қай жүздердің қазақтары қатысты. (Кіші жүз бен Орта жүз)
30 - 1836 - 1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай. (Жәңгір ханның қайын атасының Каспий өңіріндегі қазақ руларына билеуші болып тағайындалуы)
40 - Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. (1804 - 1846жж)
50 - Махамбет өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын байқауға болады. Қозғалыстың басты мақсаты не болды? (Хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын біршама жақсарту, жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.)
Дүние жүзі тарихы.
10 - АҚШ - тың тұңғыш президенті. (Д. Вашингтон)
20 - Алғашқы мемлекеттер пайда болған жерлер. (Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің алқабында)
30 - 1792 жылы 22 қыркүйекте республика болып жарияланған мемлекет. (Франция)
40 - Ұлы Моғол империясын құрушы кім. (Бабыр)
50 - Ежелгі Египеттің алғашқы астанасы. (Мемфис)
Түркістан тарихы.
10 - Шауғар сөзі қандай мағына білдіреді. (қаратау)
20 - Ол өз кезегінде өте білімді және жоғарғы беделді адам болды. Түркістан қаласының маңындағы Қарнақ медресесінде білім алды. Өз замандастарының айтуы бойынша аласа бойлы болса, өте күшті адам. Ш. Уалихановтың мәліметі бойынша 12 әйелі, 30 баласы, 40 қызы болған. Қ. А. Яссауи кесенесінде жерленген бұл тұлғаны атаңыз. (Абылай хан)
30 - Түркістан қаласында ХYІІ – ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіш бар. Күмбез қирап, бұзылған қалпында ғана сақталған. Ол ХYІІІ – ғасырдың аяғы мен ХІХ ғысырдың басында қираса керек. ХІХ ғасырдан бастап ескерткіш Қоқан бекінісі қабырғаларының астында қалған. Ескерткіш Шығай ханның қазақ халқына еңбегі сіңген ұлына арналып салынған. Бұл қай архитектуралық ескерткіш. (Есім хан ескерткіші)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.