- 07 сәу. 2015 00:00
- 303
Ұлықбек
Астраномия ғалымы, Самарқанд сұлтаны Мұхаммед Тарағай бин Муинуддин Шахрух, 1395 жылы 22-наурызда Самарқандта дүниеге келген. Сарайда жақсы білім алумен қатар 11 жасында Құран кәрімді жатқа үйреніп, арапшаны жетік меңгерді. Әкесі қайтыс болған соң, билікті өз қолына алып, Самарқандты астана етіп қойды. 38-жыл бойы ел басқарды. Мемлекет басқару қызметтерімен қоса ғылымға да аса мән берді, ғылымға көптеген еңбектері сіңді. Айналасына өз заманындағы мәшһүр ғылым адамдарын жинады. Сарайы математика, астрономия ғалымдарымен қоса ақын, әдебиетшілердің шоғырланған жері еді. Самарқанда, Ғиждуанда, Бухарада және басқа да қол астындағы қалаларда көрнекті құрылыстар салдырады және Әмір Темірдің тұсында аяқталмай қалған құрылыстарды аяқтады. Көптеген ғылыми және ел игілігіне жарамды құрылымдар ашты. Сондай-ақ егін шаруашылығы, сауда-саттық және экономикаға қатты мән берді. 1449 ж 25-қазанда өлтіріліп, атасы Әмір Темірдің қасына жерленді.
Ғылымның даму тарихында ең ұлы астраномия ғалымы деген атаққа ие болды. Бұл салада Ұлықбекті дүниеге танытқан 1420 жылғы Самарқандта салдырған обсерваториясы еді. Шамамен алты ғасыр бұрын осы обсерваторияда жасалған ғылыми жұмыстар қазіргі заманауи астрономияға әлі күнге дейін сәулесін төгіп келеді. Сол кезде жасалған есептер заманымыздағы есептерге дәлме дәл сәйкес келуде. Бұл обсерваторияда 12 жыл бойы зерттеулер жүргізіліп, ай мен жұлдыздардың жолдары көрсетілген кестелері бар "Ұлықбек таблицасы" 1437ж аяқталды. Бұл кестеде өзінен бұрынғы кестелердің қателері түзетіліп, жұлдыздардың әрекеті өте айқын көрсетілген және 1018 жұлдыздың координаттары ең дұрыс түрде анықталған.
Ұлықбек обсерваториясы
Өзіне дейінгі Батыс және Шығыс елдері обсерваторияларының дәстүрлері негізінде салынған. Оның биіктігі төбесіне дейін есептегенде 30 - 35 м, диаметрі 46 метрден асатын, дөңгелек пішінді үш қабат үй болғандығы археологиялық зерттеулер нәтижесінде анықталған. Мұнда телескоп ойлап табылғанға дейінгі негізгі аспап-құралдар - радиусы 40,2 м мәрмәрдан жасалған секстант, Күн және астрономиялық сағаттар, әр түрлі бұрыш өлшегіш дәлдігі жоғары құралдар болған. Аспаптың градустарға бөлінген төменгі бөлігі ғана сақталған. Аспап ені 2 м, тереңдігі 11 м шамасындағы орға орнатылып, негізгі бөлігі жер бетіне шығып тұрған. Бұлардың көмегімен бұрын мүмкін болмаған көптеген астрономиялық бақылаулар (экватордың эклиптикаға көлбеулігінің, прецессияның, жыл ұзақтығының дәл мәндерін табу, т.б.) жүргізілген.
Ұлықбек обсерваториясы — 15 ғасырдың 30-жылдары Самарқандта Ұлықбек салдырған.