- 07 сәу. 2015 00:00
- 391
Жер сілкінгенде қай жерде тұру керек
Дуг Коп: Әлемдегі ең тәжірибелі құтқару бөлімі, Америка Халықаралық Құтқару Тобының бастығымын. 875 дана құлаған ғимараттың арасына кірдім, 60 елдің құтқару топтарымен бірігіп жұмыс істедім. 1985 жылы Мехико Сити жер сілкінісінде бір мектепте бүкіл оқушылар парталарының астында еді. Барлық оқушылар ажал құшты. Жер сілкінісінде төбелер құлаған кезде бөлме ішіндегі ірірек, мықты жиһаздардың қасында бір кеңістік қалады. Бұл кеңістік мен «Өмір үшбұрышы» деп атаған кеңістік. Мысалы Роберто Росалес, қазір «Тружилло» құтқару тобының бастығы. Ол 1970 жылы 11 жасар кезінде 70000 адам өлген жер сілкіністе құлаған ғимараттың астында аман қалған. Ғимарат құлаған кезде бауырының мотоциклінің қасында пайда болған «өмір үшбұрышы» ішінде аман қалды. Төсектердің, столдардың, орындықтардың асытына жасырынған достары ажал құшты. Дуг Коптың насихаттары:
- Стол, көлік сияқты заттардың астына кіріп жасырынғандардың көпшілігі аман қалмайды.
- Мысық, ит және сәбилердің барлығы табиғи күйде ананың құрсағында жатқандай аяқтарын қарындарына қарай тартып, бүктеліп жатады. Жер сілкініс кезінде осылай бүктеліп жату керек.
- Ағаш үйлер жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз үйлер болып табылады. Жер сілкінгенде құласа, көп ашық кеңістіктер қалады.
- Төсекте жатқан кезде жер сілкінсе, төсектен ақырын домалап жерге түсіп, төсек айналасында қауіпсіз жерге орнығады.
- Есіктен немесе терезеден сыртқа шығып кету мүмкіндігі болмаса, диван, кресло, шкаф сияқты заттардың түбіне жоғарыда айтылғандай бүктеліп жату керек.
- Үй құлаған кезде есіктің астына жасырынғандардың көбі өледі.
- Ешқашан баспалдақтарға қарай жүгірмеу керек. Баспалдақтар ғимараттың зиян көру ықтималы ең жоғары болған жерлер болып табылады.
- Ғимараттың ішінде болған кезде, дуалдарға жақын жерде тұру керек. Мүмкіндік болса сыртқа шығып, алысқа кетіп қалу керек.
- Сан Франсискода болған жер сілкіністің құрбандарының көпшілігі құлаған ғимараттың арасындағы көліктердің ішіндегі адамдар еді.