- 07 там. 2022 00:00
- 195
Ұлт мәселесі һәм Қазастан құрылысы
Қазақстан ұлт мәселесінің бас шешілуі — Қазақ республикасы аталып, бұрын патша заманында бытырап, бет-бетімен жандаралдарға бағынып кеткен қазақ елдері бір жерге жиналып, өзінің кіндік үкіметін сайлағаннан бері деп айтуға болады.
Бұл — ұлт мәселесінің нық сыртқы шешілуі.
Ішкі мағынасын алғанда, ұлт мәселесі Қазақстанда әбден шешіліп қалды деп ешкім де айта алмайды.
Іс автономияда ғана емес.
Сол автономиялы жұрт ішіндегі жалшы, жарлы-жақыбайларды жуан жұдырықтардың тырнағынан босатып, ел билеу тізгінін жалшылар қолына ұстату болуы керек.
Қазақ республикасының үш жылғы тәжірибесі көрсетіп отыр: жоғарғы мақсатты орындау — кеңес үкіметінің оны бастаған Коммунист партиясының ен бір зор һәм қиын ісі.
Қазақстанда мынадай кемшіліктер бар: қазақта ұйымдасқан жұмыскер табы жоқ, оларды ұйымдастыру жолында қызмет қыларлық кісі тіпті аз, қаражат тағы кем.
Ауыл кедейі байдың тұзағында, қыларлық кәсіп жоқ, байға тығылып, зорлығына көніп, бір аяқ қымызына барлық кедей намысын сатып отыр. Жергілікті мекемелер бұл күнде не байдың өзі, болмаса оның сүйген, айтқанын қылдыратын бір кедей.
Мектептерде оқыған жалшы баласы аз, оқыған бай, мақтасақ орташа баласы, сот ісі қалпымен оқыған байлар қолында.
Милиция, инспектор — орыс, қазақшадан бір ауыз білмейді. Жоғарғы исполкомдарға барсаң тағы тілмашсыз болмайды. Жоғарыдағы кемшіліктерді көріп, бірақ ол кемшіліктер негізіне көз салмай, теріс қарап күңкілдеп, қолын сілтеп үміт үзгендер де бар.
Қазақстанның тарихи шарттарын бір күнде қолмен жұлып тастауға болмайды.
Қазақ кедейі өзінің байынан, ханынан зорлықты бір көрсе, орыстың патшасынан, оның құйыршығы болған төрелерінен зорлықты екі көрді.
Патша үкіметінің өштестіру саясаты арқасында һәм үкімет өзінен болғандықтан орыс әкімдерінің қазаққа жеркеніш көзбен қарап, құлы орнында иемденіп қалғаны тағы бар.
Ғажап емес, сол екі халықтан шыққан қайсыбір қызметкерлер сыпайы тәрбиеге піспегендіктен бұл күнде бір-біріне сенімсіз көзбен қарап, қай уақытта қастан емес, тіпті қатадан болған істерді «не орыстығы, не қазақтығы» ұстады дейтін болса, орыс қызметкерінің көңіліне жақпаған іс — қазақшылық (ұлтшылық), қазақ қызметкеріне жақпаса, орысшылдық (колонизаторлық) болып табылады. Бұл екі ағым екеуі де бір сайға құяды.
Құятын сай — қазақтың да, орыстың да жуан жұдырығының сайы.
10 һәм 12-ші партия съезі ұлт мәселесі туралы шығарған қаулысында бұл екі ағымның жұмысы кедейлер ісіне үлкен бөгет болып келгенін көрсетіп өтті.
Oл секретарь! Сталин жолдастың 12-ші съезде жасаған баяндамасында әр коммунистің өзі ұлтшылдарымен алыссын деген сөзі, ұлт мәселесінде төте нұсқаулардың бірі деуге болады.
Қазақстанның үш жылғы жұмысында жетекші болған сол жоғары айтылған нұсқау.
Асыққанмен, аптыққанмен ұлт мәселесі бір күнде шешілуге мүмкін емес.
Каилан крестьяндық қалғанша, «жұрт бәрі пролетарий болғанша» ұлт мәселесі қалашақ емес. Оның ішінде Қазақстанда ұлт мәселесі білім һәм сақтық тілейді. Ұлт мәселесіне жақын һәм тура келген III жалпы қазақ партия конференциясының қаулысы.
Қазақ жұмыскерлерін ұйымдастыру, оларды оқыту, партия һәм кеңес ісіне тарту ең бірінші кезекте тұрған бір жұмыс.
Қазақ жұмыскері, кедей оқымай, ол үкімет ісін басқармай, Қазақстанда ұлт мәселесі шешілмек емес.
1922 жыл