Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Университетіміздің оқу жүйесіндегі басқару психологиясы пәнінің келешек маман иелеріне берер пайдасы

Жетекші - Тленчиева Нұржамал Сейдалиевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Тарих факультетінің 7М02210 Ғылыми Тарих мамандығының 1 - курс магистранттары

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр, осы атаулы мерекені атап өтуге көптеген мемлекетік ұйымдар ат салысуда, солардың қатарында біздің университетіміз Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіде бар. Тәуелсіздік алғаннан бері унтверситетіміз еліміздің болашағы әр саладағы жас мамандарды даярлап келеді. Осы уақыт арасында ҚазҰУ әлемдік университеттер арасындағы QS рейтингінде 150 орынды иеленіп отыр. Гумантиралық және жаратылыстану бағытындағы мамандықтарды бітірген мамандар, еліміздің болашағы үшін әр салада қызмет атқарып жатыр.

ҚазҰУ-нің оқу жүйесінде көптеген пәндер бар, соның ішінде маңызды пәннің бірі психология оқытылады. Бұл пән басқа гумантиарлық мамандықтарға да оқытылады. Атап айтар болсақ психологияның бір бағыты ретінде басқару психологиясы ерекше мәнге ие. Бұл болашақ мамандардың өздерін жұмыста, ұжымда қалай ұстау керектігін және ұжыммен жұмыс жасауды үйретеді.

Басқару психологиясы- ұйым, мекеме, фирмаларда адамдардың іс-әрекетін басқарудың психологиялық бағыттарын зерттейтін сала.  

Адам ең бірінші жеке тұлға, сол себепті бұл пән бізге оқу орнында, жұмыста басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді. Кез келген мекемеде, ұйымда басқа жұмыстың жақсы жүруі, оның жемісті болуы сол мекемедегі адамдардың бір-біріне деген сый құрметінен де байқалады. Сонымен қатар басшымен жұмысшы арасындағы байланыс та тікелей осы саламен байланысты. Басшылық қызмет бұл үлкен жаупкершілікті талап етеді. Басшы қызметінің психологияда бірнеше аспектілері бар: көсбасшының жеке қасиеттері, көсбасшының жеке қасиеттеріне психологиялық талаптарды талдау, басшылық шешімнің психологиялық аспектілері нен және көшбасшының басқару стилімен оны түзету мәселелерінен тұрады.

Басшы ұйымның ресми және бейресми құрылымымен таныс болуы керек және ұйымның жұмысы ілгері басу үшін өзінің жұмысшыларына мотивация беріп отыруы тиіс.

Қорытынды

Қорыта айтатын болсам, басқару психологиясы бұл тек психологияның бір саласы емес, сонымен қатар адамдарға жұмыста, ұжымда өзін қалай ұстауға, басқа адмдармен қалай байланыс орната отырып жұмысты көңілді әрі жемісті жасауға қатысты бағыттарды түсіндіреді. Басқару психологиясы сонымен қатар ұжымды қалай басқаруды үйретеді. Қол астыңдағы жұмысшылармен қарым-қатынас орнатуды жан-жақты түсіндіреді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама