Театр мәдени құбылыс ретінде
Соңғы жарты ғасырда көркем мәдениет пен көркем өмір мәселелері біздің өнертану және мәдениеттанулық әдебиеттерде кеңінен талқылануда. Талқыланған мәселелер, көркем өмірдегі түбегейлі өзгерістер мәдениеттің мазмұны мен даму тенденциялары түсінілетін ғылыми парадигмалардың өзгеруін талап етеді. Дүниені жаңаша ойлануда, өзіндік сананың трансформациялануында театрдың алар орны айрықша.
Әлемдік драматургия тарихы саяси және әлеуметтік салаларда дүрбелең тудырған театрлық оқиғалардың көптеген мысалдарын ұсынады. Шекспирдің "Генрих V" патриоттық сөздері Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де Британдық сарбаздарды шайқас кезінде жинауға арқау бола алды. Клиффорд Одетстің "Солақайды күту" атты пьессасы өрбіп келе жатқан жұмысшы қозғалысын қолдаудың күшті құралы болды. Форд театрында «Біздің американдық немере ағамыз" деп аталатын комедияның тағдырлы қойылымы Америка тарихының бағытын өзгертті деп айтуға болады.
Театрдың әлеуметтік орны мен рөлін анықтауда да Смағұл Сәдуақасов аса құнды әрі маңызды пікірлер айтқан: «Кітап оқу үшін хат білу керек. Театрды көзі көретін, құлағы еститін адам ұға алады. Театр - жанды кітап. Кітаптан театрдыңөрісі кең. Кітап - жалғыз хат танушылардың қаруы, театр - көпшіліктің қаруы».
Мәдени даму барысында театрды адамзаттың рухани тұрғыдан көтерілуіне үлкен үлес қосқан орын және адамның ынталандыру қабілетінің шарықтауының басты дәлелі ретінде қарастыруға болады. Бұл тұрғыда мен ең алғаш жазылып, ел назарына ұсынылған спектакльдерді атап өткім келіп отыр, олар, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»,«Рәбиға», «Қанапия-Шәрбану», «Ел қорғаны», «Сылаң қыз» және т.б. Театрға қойылған спектакльдер көптеген жанды мәселелерді қозғап отырған болатын. Әсіресе, сатирик жазушы Қалибек Қуанышбаев өзінің «Қыз ұзату», «Қой күзету», «Қарабай», «Сарыбай», «Қу құдай», т.б. шағын сатиралық пьессаларында тұрмыс мешеулігін, ел жуандарының зорлық-зомбылығын, би-болыстардың тұрпайы қылықтарын күлкі-мысқылмен шенейді. Бірақ ол кездерде жазушыны әлі әртіс деп мойындай қоймаған еді. Театр солкездерде орын алған іс-әрекеттерді ашып отырды.
Театр жөнінде неміс ғалымы Ф.Шиллер: «Театр-бұл ғылым мен білім көрсететін тікелей халықтық массаға құйылатын арна»-деген болатын. Актерлер өз кезегінде мәтінді оқып, түсініп қана қоймай, өз кейіпкерінің өмірін өткізіп, оны сезініп, басқа біреудің өміріне баруы керек. Менің ойымша, сахнада ойнау киноға қарағанда әлдеқайда қиын. Ал кинода көптеген түсірілімдер түсіріледі, ал актер театрда сахнаға шыққанда, көрермендерді іс-әрекеттің шынайылығына сендіру үшін бір ғана мүмкіндік бар. Оның бәрі мінсіз болуы керек: сөйлеу, жест-ишара, мимика, дауыс тембрі, интонация. Ол көрермендерге өз сөздерін актерді емес, кейіпкерді көретіндей етіп айтуы керек.
Мәдениеттің маңызды бір саласы-өнер. Шындығына келер болсақ, өнер- бұл адамзатмәдениетінің баға жетпес қазынасы. Мәдениет пен өнер – қоғамның дамуында айрықша рөл ойнайтынсалалары болып келеді. Басқа өнер түрлері сияқты, театр өнері де қоғамдық сананың шарықтау шегіжәне адам дүниетанымының жемісі болыптабылады. Театр-нағыз мәдени даму орны.
Қорыта айтқанда, театр-жанды керемет сезімдерге бөлеп, сусындатып отыратын орын емес пе? Екі сағаттық қойылымның өзі адамға неше түрлі ой салып, рухани мәдениеттің дамуына алып келеді, тұлғаның сөздік қорының кеңеюіне ықпал етеді. Өнер эмпатияны оята алады. Бұл оқиғалардың газет беттерінде емес, адамдармен орын алатынын еске салады.
Яғни, өнер-бұл шындықтың бейнелі көрінісі, оның басты мақсаты адамды әдемі, сезімтал, қызықты және әдемі, кейде тіпті түсініксіз және қарама-қайшы етіп таныстыру. Менің ойымша, театр және басқа да өнер түрлері адамның жаны мен санасында әртүрлі эмоцияларды, сезімдер мен ойларды тудырады, тіпті, сол өнер туындысы адамдардың жан дүниесінде мүлдем қарама-қарсы сезімдерді әкелуі ғажап емес.
Өнер біздің өмірімізде үлкен рөл атқарады, егер ол бізді айналамызда болып жатқан маңызды мәселелер мен нәрселер туралы ойлануға мәжбүр етсе, өнер адамның санасына әсер етіп, бізді бей-жай қалдырмайды.
Даярбек М. Химия және химиялық технологиялар факультетінің 2-курс студенті
Кудайбергенов С.Е.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті