Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Үй салатын бөрене
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Үй салатын бөрене
Мақсаттары:
Білімділік: Тұзды қамырдан есу тәсілі арқылы сопақша пішінді жасауға үйрету.
Саусақ қимылы - қозғалыстарының ептілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Іс - әрекетке деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Бір - біріне кедергі жасамай, бірлесіп, ұқыпты жұмыс істеуге, еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын, қуыршақ театры.
Көрнекі құралдар: Бөрененің дайын үлгісі, тұзды қамыр, төсеніш, сүрткіш.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, бүгін бізде мүсіндеу сабағы болады. Ол ерекше өтеді, бізге көптеген апайлар келіп отыр. Қане шеңбер бойынша тұрып, сәлемдесіп алайық.
Шаттық шеңбері: Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрсақ енді шеңберге,
Алақанды ұрайық,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Шапалақта шапалақ,
Шапалақта шапалақ.

Бүгінгі мүсіндеу сабағымызда тұзды қамырдан бөренені мүсіндейміз. Бөрене дегеніміз не? Ол қай жақтан келеді екен? Ол - ағаш, орманда өседі. Артық бұтақтарын кесіп тастап үй салуға пайдалануға құрылыс материалдарын дайындайды. Оны отын ретінде пайдаланамыз. Осы ағаштардан қағаз жасалады екен. Орманда өсетін қандай ағаштарды білесіңдер?
- Қарағай, шырша, аққайың, емен.
- Емен деген ағаш, ол өте қатты ағаш екен. Біздің осы отырған орындықтарымыз, киім салатын шкафтарымыз сол емен ағаштарынан жасалады екен.
Балалар мына бөренелерге қарайықшы, мына бөрене ағаштан алынған. Бұл бөрене ағашты өңдеп үй салуға дайындаған екен. Бүгін біз мүсіндеу сабағымызда тұзды қамырдан бөрене мүсіндейміз.

Жұмыс барысы: 1. Тұзды қамырды оң қолымызбен алып,
екі алақанымызға салып, есу тәсілі
арқылы ұзынша етіп мүсіндейміз.

2. Оң қолымыздың сұқ саусағымен екі
басын тегістейміз.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Тосын сәт:
(Есік қағылып, почташы апай келді)
- Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар.
Балалар, бұл қандай топ? Маған «Балапан» тобы керек еді. Сіздерге орманнан сәлемдеме келді. Сау саламат болыңдар.
Тәрбиеші: Қане, мына қорапты ашайық ішінде не бар екен? (Қорапты ашқан кезде сыңғырлаған
музыка естіліп, ішінен қуыршақ театры қоян шығады)
Қоянның сөзі: Саламатсыздар ма балалар! Мен үйсіз қоянмын, менің үйім жоқ. Үйім болмаған
соң қораптарда тұрып жүрмін.
Тәрбиеші: Жарайды қоян, сен уайымдама, біз бүгін мүсіндеу сабағында бөренелер мүсіндейміз.
Сен орманға барып осы бөренелерден достарыңмен үй салып аласың. Қане, балалар қоянға көмектесеміз бе?
Қоян: Балалар бөренені жақсы мүсіндейді екен. Дамирдің бөренесінен үйімнің қабырғасын саламын. Нұрайдың бөренесі қандай әдемі, одан үйімнің еденін саламын.

Тәрбиеші: Қоян міне балалар көп бөрене мүсіндеді.
Қоян: Алақай, қандай тамаша балалар!
Ойын: «Кімнің бөренесі әдемі?»
Тәрбиеші: Қоян біз енді бұл бөренелерді кептіруіміз керек.
Қоян: Жарайды, мен бөренелер кепкенше осы қорапта дем ала тұрайын. Сау болыңдар.

Сабақты қорытындылау:
1. Балалар бүгін қандай сабақ болды?
2. Мүсіндеу сабағында біз не мүсіндедік?
3. Бөренені қалай мүсіндедік?
4. Біз бөренелерді кімге береміз?
5. Қоян ол бөренелерді не істейді?
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі сабағымыз аяқталды. Барлығыңда сабаққа жақсы қатыстыңдар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама