Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Жалқы және жалпы есім
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Жалқы және жалпы есім» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстарынорындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, сызба, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: суреттер, слайд, сызба, ойын: «Кім жылдам?», «Жүзім шоғы».

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Оқу – құралдарын тексеру.
2). Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. 390 – жаттығуды 3 – 4 оқушыдан сұрау.
III. Үй жұмысын қорыту

IV. Ойын. «Кім жылдам?» Сыныпты топқа бөліп, оларға әр сөз табына сөз ойлау тапсырылады.
1 – топ – Зат есім
2 – топ – Сын есім
3 – топ – Сан есім
4 – топ – Етістік
Әр топтан қай топ көп сөз айтады?
IV. Жаңа сабақ.
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.

Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.
(суреттер көрсетіледі )
Алма(қыз), алма (жеміс)
Раушан (қыз,) раушан (гүл)
391 – жаттығу. (Ауызша). Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар.
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.

V. Шығармашылық жұмыс.
а). Алма сондай көрікті,
Екі бұрым өріпті.
ә). Далада раушан гүлі жайқалады,
Ару көріп оны таңғалады. Осы сөздердің ішінен зат есімді табу, сұрақ қою.

VI. Дәптермен жұмыс.
Бүгінгі күннің жадысын көркем жазу.
Жаңылтпашты оқу. Жалқы және жалпы есімді табады.
Арман – ата
Тарбағатай – жер аты

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздердің бас әріппен жазылуының себебін дәлелде.
VІI. Сергіту сәті: «Айгөлек» әніне қимыл – қозғалыстар көрсету.
Деңгейлік тапсырма.
1 – топ. Зат есімге сөздер ойлау.
2 – топ. Сөздер ішінен жалқы есімді табу.(Серік, ата, Жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы ).
3 – топ. Сөздер ішінен жалпы есімді табу. (дәрігер, Алма, ұшқыш, құс, Ертіс,
мектеп, Бурабай, ана, сабақ, Абай, сынып).
4 – топ. Парақшамен жұмыс.

VIІI. Терме диктант. «Кім зерек?» ойыны.
Астана, ауыл, құлын, парта, Маржан, ана, Зайсан, жылқы, Жайық, Әсел, әке, көл,
Алатау, машина – жалқы және жалпы есімді ажырату.

IХ. Семантикалық картамен жұмыс.
Сөздер ------ Зат есім ----- Етістік ------ Сын есім ------ Сан есім
келді
ана
бес
сұлу
алма
отыр
қырық
жүз
көл
оқыды
биік

X. Бекіту. Венн диаграммасы.
- Біз қандай сөз табын оқыдық?
- Зат есім мағынасына қарай қалай бөлінеді?

ХІ. Топты, жеке оқушыны бағалау.
Х II. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама