Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 12 сағат бұрын)
Күшік, мысық және тышқанның достығы» ертегісі
Саусақ театры.
Тақырыбы: Күшік, мысық, және тышқанның достығы.
Мақсаты: Балаларды мұқият тыңдай білуге үйрету, ертегі мазмұнын түсіндіру. Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету. Кейіпкерлердің әр түрлі іс - әрекет
үстінде көріну өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.
Баланың ойлау, қабылдау, таным, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Балаларды татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілікке имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: Ертегі кейіпкерлерінің тоқылған бейнесі. Доп.
Ертегі мазмұнын саусақ театры арқылы әңгімелеу.
Күшік: «Ав - ав» мен күшікпін,
Күшікпін күшікпін
Түні бойы жатпаймын,
Тыныштықты сақтаймын. «Ав - ав»

Ой - ой аяғым, аяғым, аяғым - ай,
Мысық: «Мияу - мияу» бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? соншама айқайлап.
Күшік: «Ав - ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш кіріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр. «Ав - ав» жалынамын.
Мысық: Жоқ мен сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың. Аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер. Мен еркін ойнаймын ля - ля - ля мияу – мияу.
Күшік: Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав - ав».
Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын.

Күшік: Рахмет! Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.
Мысық: «Мияу - мияу» кел екеуміз ойнайықшы менде доп бар.
Добым менің, добым менің.
Өзің неткен көңілді едің,
Зымырайсың, зуылдайсың.
Бірақ бізден құтылмайсың.

Мысық: «Мияу - мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.
«Күшік» «Ав - ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық.
Мысық: «Ля - ля - ля - ля» (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады.)

Мысық: Ой, үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен.
(сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)
Мына тышқан қайдан шықты?, тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын. А, бәлем ұсталдың ба?
Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен де саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.
Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.
Тышқан: «Шиқ - шиқ» рахмет күшік, мен қатты қорқып кеттім. Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады. Барлығы қосылып ән айтады.)

Ән: «Әрқашан дос, біргеміз»
Қорытындылау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама