XVII- XVIII ғасырдағы орыс өнері
Дәрістің мақсаты.
1. Білімділік: XVII - XVIII ғасырдағы орыс өнері туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: өз отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Дәрісте қолданылатын көрнекі құралдар: плакаттар, суреттер.
Дәрістің құрылымы мен мазмұны.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Студенттерді сабаққа қатысуын тізім бойынша тексеру.
3. Студенттерді сабаққа дайындығын, құрал жабдықтарын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Тексеру әдісі: Сұрақ жауап.
Сұрақтар:
Түсіндіру әдісі: түсіндірме
ХҮІІ ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі болды. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы икон жазудың шебері Симон Ушаков болды. Ол өзінің шығармаларында ескіше дәстүрді жаңаша бағытта көрсетті. Х - ХҮІІ ғасырлардағы Орыс өнері өзінің даму кезеңінде өте маңызды рухани құндылықтарды дүние - ге әкелді. ХҮІІІ ғ. Орыс көркем мәдениетінің бейнелеу өнері барлық түрлерінің жан - жақты дамуының кезеңі болып табылды. ХҮІІ - ХҮІІІ ғ. Ресей өміріндегі көлемді алмасу, орыс архитектурасына үлкен өзгеріс алып келді. Салынған құрылыстарда жаңа материалдар, жаңа құрылым көрініс тапты. Жаңа міндеттерді шешуге шет елден сәулетшілер шақырылды. Солардың бірі - Д. Трезини. Ол Петропавл соборын, қамалын, қақпасын тұрғызды. М. Г. 3емцов әр түрлі құрылыстарды - әкімшілік орындарын, мерекеге арналған құрылысты, шіркеулерді салушы болды. 3емцов тұрғызған құрылыстардың ішінде жақсы сақталғаны Симеон және Анна шіркеулері. Петербургтің құрылысында ерекше орын алатын С. И. ЧевакинскиЙ. Ол сәулет өнері бойынша білім алып, осы бағыт бойынша еңбек етті. Ежелгі Русьте мүсін жанды бейнеге қарағанда көп қолданылған жоқ. Ол көбінесе сәулет құрылыстарын әсемдеу ретінде қызмет атқарды.
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды.
ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысы жаңа, өзгеше шығармалардың дүниеге келуімен есте қалды. Ресейдегі ең алғашқы мүсін шебері - Б. К. Растрелли болды. Ол 1716 ж. І Петр шақыруы бойынша Франциядан келді. Растрелли шеберлігі А. Меншиков, Анна Иоаннова ескерткіштерінде көрініс тапты. Ең маңыздысы - І Петр ескерткіші.
Ал, Петров кезеңіндегі жанды бейнеде портрет маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде Я. Ф. Тургенев бейнесін алуға болады. И. Никитин сол кезеңде жанды бейне жасауда еңбектенген суретшілердің бірі. Ол білімін жетілдіру мақсатында Италияға барып келді. Никитин І Петр портретін әлденеше рет салды. А. М. Матвеев есімі Петропавл соборында орындаған қабырға суреттерімен, портреттерімен белгілі. Ол "Жанды бейне Аллегориясы", "Әйеліммен бірге" автопортрет жұмыстарымен ерекшеленеді.
А. П. Антропов та қолданбалы өнерге өз әсерін тигізбей қоймады. Ол өз суреттерінде формасының айқындылығымен, симметриялығымен ерекшеленеді. ЖиҺаздарды негізінен Растрелли және оның көмекшілері жобалап отырды. Түрлі бұйымдар үшін кейбір жаңа әсемдеу материалдарын қолдана бастады. Ол - әйнек және фарфор.
Осылайша орыс сәулет өнері жаңалықтармен толығып отырцы. Петербургте, Мәскеуде өзгеше бағыттағы құрылысrар бой көтерді. Д. Ф. Кокоринов және Ж. Б. Валлен - Деламоттың басшылығымен Нева жағасында көркем академияның құрылысы жүрді. Сонымен қатар В. И. Баженов, М. Ф. Казаков, И. Е. Старовтүрлі құрылыстарда шығармашылықпен еңбек етті.
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында мүсін өнері үлкен табыстарға қол жеткізді. Б. К. Растреллиден кейінгі орыс мүсіншісі М. П. Павлов болды. Ф. И. Шубин де Павлов сияқты адам мүсінін жасаумен шұғылданды. Ол 1773 жылы князь А. М. Гольцинның кеудеге дейінгі бейнесін сомдады. ХҮІІІ ғасырдың аяғында И. П. Прокофьев, И. П. Мартос, Ф. Ф. Щедрин сынды мүсіншілер жұмыс істей бастады. ХҮІІІ ғасыр тарихи жанр негізі болып саналды. Орыс суретшілері жанды бейнеде тарихи картинадағы композицияны өңдеп отырды. Тарихи жанрда жұмыс істеген атақты суретші А. П. Лосенко болды. Оның "Каин", "Авель", "Владимир және Рогнеда" деген туындылары бар. Лосенкодан кейінгі тарихи жанр мен айналысқан суретші Г. И. Угрюмов болды. Оның көлемді "Ян Усмар күшін сынау" атты шығармасы осының айғағы. Бұл кезеңде матамен жұмыс, әйнек, фарфорды қолдану және металды көркем өңдеу кеңінен жүргізілді. ХҮІІІ ғасырда портрет жанры жақсы дамыды. Оған О. А. КипринскиЙ жұмыстарын жатқызуымызға болады.
ІV. Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар) Жаңа өтілген тақырып бойынша студент мен сұрақ жауап жүргізу.
VІ. Қорытындылау (білім бағалау).
Студенттердің теориялық білімдерін, өорғалған СӨЖ жұмыстарын бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы:
Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру. Берілген тақырыптар бойынша СӨЖ жұмыстарын қорғауға дайындалу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Болтабаев, Е. Қосбармақов, А. Еркебай., Өнер 2007
2. Акишев А. К. Искусство и мифология саков. Алма - Ата, Наука, 1985.
3. Акишев К. А., Байпаков К. М. Восросы археологического Казахстана. Алма – Ата, 1979.
4. Ибраев Б. А. Космогонические представления наших предков // Декоративное искусство СССР, 1980.
5. Древнее золото Казахстана. Сост. К. Акишев. Алма - Ата, Онер, 1983.

- Алғашқы тұрмыс тарихының пайда болуын жазған ғалымдар?
- Адамның қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті?