Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың 6 - сыныпта тіл білімінің морфология саласынан алған білімдерін кеңейту, зат есім туралы білім беру.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
4. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
31 – жаттығу (екі сөйлемге морфологиялық, синтаксистік талдау жасау)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
1. Сен қалмақ болсаң,
Мен – қазақ, қарпысқалы келгенмін,
Сен темір болсаң,
Мен көмір, еріткелі келгенмін...
2. Қонақтар шайларын ішті
3. Зейнептер әлі есік алдында тұр
2. Оқушыларға теориялық білім беру.
Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.
Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты, адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала - мын, сен бала - сың, сіз бала - сіз, ол бала. Кейде салыстыру үшін адам мәнінде қолданылған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы: Мен асқар таумын, Сен төбесің, Сен темірсің, Мен көмірмін, еріткелі келгенмін.
Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша осылардың біреуі жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп - тер т. б.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөз заттың тек көптігін ғана емес сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде, үйдің, шайдың көптігі емес сол заттарға қатысты болып тұрған адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін, сол кісінің көптігін емес, оның қасында көп кісі бар екенін көрсетеді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы ой жинақтау түрінде беріліп тұр.
Ескерту: Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал, мұнай, газ, тары т. б.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс
34 - жаттығу (ауызша)
35 - жаттығу (жазбаша)
Көп нүктені қойылған орындардың қажетті деген жеріне көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, қандай үндестік заңына бағынып жалғанғанын түсіндіріңдер.
- «Бозінген» күйі деп тартқанда боз торғай шырылдауын, бұл - бұл сайрауын қояды. Қазақ елі қайдағы қажыған күндерінің зәрлі зарын төгіп, шерін ақтарғандай болады. Азусыз аз ғана ел азғын күндерінің аянышты хәлдерін айта алатын мұңды күйді, зарлы үнді бізден тапқан. Алды жар, арты жау қаумалаған ділгер ел жау жетегінде кетіп бара жатқанда, шерлі жүрегін осы «Боз інген» күйлерімен босатқан. Шексіз қуанышы мен түпсіз қайғысын осы күйлер арқылы жете айта алған.
- Жасыған жан болсын, қалжыраған халықтар болсын, ең жіңішке, ең нәзік сезімдерін біздің мойынға артуының өзі басқа жануарлардан бір мойнымыз артық тұрғанын дәлелдейді,- деп сенеді Сары атан.
Мұнысы құрғақ даукестік те емес секілді. «Боз інген» күй толғауларын тоқсан толқытып, еңкелектетіп келіп еңіреткенде, тыңдаушылар бір күрсінбей қойған емес. «Боз інген» әркімнің шерлерін шертіп, қан қатқан жүректерін босатып жатқан секілденеді. Сулар ағуын, желдер соғуын тоқтатып даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.
V. Үйге тапсырма беру:
1. Зат есімнің түрленуі. Көптік жалғау
2. 37 - жаттығу (жазбаша)
Көптелмейтін зат есімдер.
Мұнай, көмір, алтын, мыс, уран, жүн, мақта, астық.
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VIІ. Сабақтың аяқталуы.