- 05 нау. 2024 00:09
- 173
Қу түлкі
Сабақтың тақырыбы: Қу түлкі.
Сабақтың міндеттері: 1. Түлкі туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен еңбектену сезімін ояту, ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушының зейінін шоғырландыру, ұқыптылыққа дәлдікке, ой қорытуға дағдыландыру.
Мақсаты: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғыну арқылы мәтіннің мазмұнын меңгеру.
Көрнекі - құралдар: слайдтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, оқу, терме диктанты,, сергіту жаттығулары, слайдтар.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Өзім: Қара достар жан-жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап, дәптер, қаламдар.
- Егерде бүгінгі сабаққа дайын болсақ, өзімізді психологиялық тұрғыдан дайындалып алайық.
Хормен «Әліппе»өлеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын бүкіл оқушыдан сұрап өтемін.
Үй тапсырмасын қорытындылап өтемін.
Сергіту сәті. Слайдтан бұтақта тығылып отырған жануарлардың 5 - еуін табу
3. Жаңа сабақ.
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қу түлкі» деп аталады.
Түлкі туралы не білеміз? (Балалар өз ойларын ортаға салады )
Ол қандай аңдарды алдап кетіп жүр? (Естіген, көрген ертегі кейіпкерлерін айту.)
Түлкі жабайы аң. (слайдтан көрсету арқылы түсіндіру.)
Ол – өзінен кіші аң – құстармен коректенеді. Өте қу, айлакер аң. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. Сонымен қоса өте ақылды аң. Ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман - есен құтыла алады.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып беру, мазмұнын меңгерту.
Тізбектеп оқу.
Дәптермен жұмыс.
Терме диктанты. (Жануарлардың ішінен тек жабайы жануарларды теріп жазу.)
Жазу барысында өзім балалардың дұрыс отыруын қадағалау мақсатында:
Парта саған төсек емес жататын,
Түзу ұста, тік отыр сен партада,
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын әркез бойыңда.- деп айтып жүремін.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Шапалақты ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тынығып аламыз.
1, 2, 3
Бойға жинап күш,
1, 2, 3
Қанат қағып ұш.
Сабақты қорытындылау.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қоянмен достасқан аң.
2. Кірпігі жоқ болғандықтан көзін жұмбай ұйықтайтын аң.
3. Түлкінің артында жүрген аң.
4. Жолбарыс қай аңның алдауына түсіп қалды?
Бағалау.
Үйге тапсырма
Үйден «Қу түлкі» мәтінін оқу.