16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Тақырыбы: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру. Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Туған жер туралы қанатты сөздер. Отан туралы оқушылар салған суреттер.
Барысы:
Әнұран орындалады.
1. Ұйымдастыру кезеңі
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына арналған «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. 29 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Ал қазір кезекті сұрақтарға береміз.
- Біз қай мемлекеттің азаматымыз?
- Ұлтымыз кім?
- Тіліміз қандай?
- Республикамыз басқа елдерден несімен ерекшеленеді?
- Тәуелсіздік деген не?
- Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
- Қазақстан Республикасының жері туралы не білеміз?
1 - жүргізуші: Қазақстан Республикасының жер көлемі 2417, 3 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет сияды. Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің ішінде 9 - шы орында, ал ТМД елдері бойынша 2 - ші орында. Республикамыз 5 мемлекетпен көршілес, олар Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 120 ұлт өкілі тұрады. Қазақстан 14 облыс, 85 ірі қалалар бар. Ел ордасы - Астана қаласы.
2 - жүргізуші: Ал ендігі кезекті 9 ә оқушыларының жыр шумақтарына береміз.
1 - оқушы:.................
Қазақстан туған елім,
Алтын бесік - Ақ ордам.
Даңқың сенің арта берсін,
Елім менің жаңарған.
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
2 - оқушы:................
Өктем билік қаралады, даттады,
Бірақ Алла ақиқатты жақтады.
Назарбаев атамды жұрт қалады.
Түсті амалсыз Колбин деген атақты.
3 - оқушы:...............
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
4 - оқушы:...............
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең – жырымыз.
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
1 - жүргізуші: Кезекті көрініске береміз.
Көрініс: Сахнаға екі студент шығады, бірі – жігіт, бірі – қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.
Гүлдана, Нұржан, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.
Нұржан: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?
Гүлдана: Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналады екен.
Нұржан: Неге? Неліктен?
Гүлдана: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіпті дейді. Халық наразылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.
Нұржан: Қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кетейік. Тез барайық!
Автор: Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз – жігіттер «контрреволюционер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт - шыт болып ұшып жатты. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын - 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.
Автор: Алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу – своего вождя», «Ленин идеясы жасасын», «Қазақстан - қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспоранттар бар. Оларға Мақсат пен Айгүлде келіп қосылды.
Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жағдайды.
Дауыс: Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?
Дауыс: Талап – тілекті айтамыз, шықсын ортаға басшылар!
Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылды. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.
Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тараңдар! Жатақтарыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданамын! Үйге қайтыңдар.
Осы кезде залда әскери команда беріледі.
Әскери адам: Первая рота! Слушайте мою команду. Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! Ура!
Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар – көктен кіріп, алаңдағы жастарды ұрып – соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйреп, жұлқылап әкете бастайды. Беті – аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас Қазақ қызын екі әскери солдат сүйрей бастады. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйледі.
- Әй туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға
Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп есінен танып қалады.
2 - жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9 - желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
1 - желтоқсан: Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)
2 - жүргізуші:
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отан үшін отқа түссең күймейсің,
Ізбасары болмай елге жақпаймыз.
1 - жүргізуші: Ал ендігі кезекті 9ә оқушыларының жыр шумақтарына береміз.
5 – оқушы............
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсанмен бітпейді.
Тәуелсіздік күресі енді басталды.
6 – оқушы...........
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы үйірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.
7 - оқушы............
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңды еріді кеңестің
Содан кейін еркіндікті бастадым,
1 - жүргізуші: Ән - әуенмен қоса, мәңгі көкірек көзінде қалған көріністер шұбырылып өтуі қақ. Үрейлі үкімет үйі. Оны қоршай толқыған ызалы қыз - жігіттердің жігерлі келбеттері. Оларға қадалған суық көздер мен мейірімсіз пішімдер. Одан кейін темір киімдер киіп, келтек ұстағандар мен жалаңаш қол жастардың сарт - сұрт айқасы. Адам жегіш иттердің арсылы, шашынан сүйреген қазақ аруы, басынан қан шапшып, ыңырсый құлаған қазақтың бозбалалары…
2 - жүргізуші: Біздің еліміздің байлығы туралы не білеміз?
Біздің Қазақстан Республикасы өте бай мемлекет. Бізде алтын, темір, мырыш, күміс, көмір, мақта, газ, мұнай, бидай, яғни бір сөзбен айтқанда Менделеев кестесіндегі 150 элементтің 99 элементі Қазақстан жерінде кездеседі. Қазақстанда 6000 - нан астам пайдалы қазбалар бар.
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер - суын қорғау бабаның,
Емес пе еді басты ұраны!
1 - жүргізуші: Оқушылар әр нәрсені, әр затты, тіпті керемет нәрселерді адамдар қолынан жасап шығарады. Мен сендерден сұрағым келіп тұр, рәміздеріміздің авторларын білесіңдер ме?
Әнұранның авторы кім?
Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.
Тудың авторы кім?
Ш. Ниазбеков.
Елтаңбаның авторы кім?
Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
2 - жүргізуші: Жылдар сөйлейді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды.
Далада думан, қалада думан жыр бүгін,
Ғасыр бойы аңсай да күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса асқардан аса әрқашан,
Кеуде ме әкеп қалдырған бақыт бұлбұлым.
1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды. БҰҰ мүше болып кірді.
1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
1994 жылы қазақ ғарышкері Т. Мұсабаев «Союз ТМ - 6» ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жылы 30 тамызда ҚР – ның «Атазаңы» қабылданды.
1996 жылы 20 қаңтарда ҚР - ның Парламентінің 1 - сессиясы болып өтті.
1997 жылы « Қуғын - сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан Республикам менің.
1998 жылы 6 - мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР - ның Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.
2003 - 2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды. Осы жылдары біршама іс - шаралар жасалды.
2004 жылы « Қазақстан - Ресей» жылы болып, көптеген шаралар өткізілді.
2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.
2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин жылы. Қазақстанда өтті.
Өмірімізді, өзімізді көріп, Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап.
Өзімізді, сөзімізді тыңдап.
Бұл «қазақ» дейді.
Біз - қазақпыз,
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
2 - жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр - қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр - қайрат керек деп, біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.