Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 11 сағат бұрын)
5 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Математика 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: 5 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 5 санымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; Көбейту кестесін құру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кері есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, есте сақтау, шапшаң есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Өз білімдерін саналы түрде пайдалануға, алғырлыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, топпен жұмыс.
Қолданылатын технология: «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы.
Көрнекілік: кестелер.
Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
а) психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
а) Өткенді пысықтау 5 мин
ІІІ. Көркем жазу және талдау 5 мин
ІҮ. Жаңа сабақ. 5 мин
а) Дәптермен жұмыс 10 мин
V. Сергіту сәті 1мин
б) Өзіндік жұмыс 5 мин
в) Оқулықпен жұмыс 5 мин
VІ. Қорытынды. 2 мин
VIІ. Бағалау. 1 мин
VIIІ. Үйге тапсырма. 1 мин

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын. Ізгі әрі нәзік жарықты мейірімді жүрегіме басып ұстай қаламын. Жып - жылы боп кетер сонда жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 88 - беттегі №3 тапсырма. ( 4 оқушы оқиды. Әр оқушы өз дәптерін тексереді)
а) Өткенді пысықтау.
«Күніміз ашық болсын» (4 - тің көбейту кестесін ауызша есептеу) ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін қайталау.

ІІІ. Көркем жазу. 5, 55 сандарын дәптерге жазады және осы сандарды сатылай кешенді талдау жасайды.
5 санын сатылай кешенді талдау
1. Анықтама. 5 натурал сан. Себебі, заттарды санағанда заттардың санын өрнектеуге қолданылатын сандарды натурал сандар дейміз.
2. Тану.
2. 1 Жазылуы. 5 деп жазылады.
2. 2 Оқылуы. 5 деп оқимыз. 5 бір таңбалы сан
2. 3 Мағынасы.
а) Бұл есептік сан. Себебі, заттардың сан мөлшерін өрнектейді Мысалы: 5 алма, 5 л сүт.
ә) Бұл реттік сан. Себебі заттардың ретін анықтайды. Мысалы: 5 - орындық, 5 - сурет.
3. Координаталық сәуледе кескіндеу.
Координата басы, бірлік кесіндісі, бағыты бар түзу сызықты координаталық сәуле дейміз. 0 санақ басы, 5 бірлік.
4. Қасиеті.
4. 1 Натурал сандар тізбегінің қасиеті.
а) басы болады; ә) реті болады; б) шексіз болады.
5 натурал сандар тізбегі емес. Себебі, реті жоқ, шексіз емес.
Натурал сандардың қасиеті.
1) 5 - тің өзі натурал сан.
2) 5 тің тіркес саны 6
5. Салыстыру.
5. 1 Координаталық сәуледе салыстыру.
а) а. Кем. Кем таңбасы 4. Себебі, координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болады.

5 5 санын сатылай кешенді талдау
1. Анықтама. 55 натурал сан. Себебі, заттарды санағанда заттардың санын өрнектеуге қолданылатын сандарды натурал сандар дейміз. «1» натурал сандардың бірлігі. Себебі, 55, елу бес бірден құралады.
2. Тану.
2. 1 Жазылуы. 55 деп жазылады.
2. 2 Оқылуы. 55 деп оқимыз. 55 екі таңбалы сан.
2. 3 Мағынасы.
а) Бұл есептік сан. Себебі, заттардың сан мөлшерін өрнектейді Мысалы: 55 орындық, 55 л сүт.
ә) Бұл реттік сан. Себебі заттардың ретін анықтайды. Мысалы: 55 - орындық, 55 - пәтер.
2. 4 Математикалық белгісі.
55 натурал сандарын N деп белгілейміз.
3. Координаталық сәуледе кескіндеу.
Координата басы, бірлік кесіндісі, бағыты бар түзу сызықты координаталық сәуле дейміз.
0 санақ басы, 55 бірлік.
4. Қасиеті.
4. 1 Натурал сандар тізбегінің қасиеті.
а) басы болады; ә) реті болады; б) шексіз болады.
55 натурал сандар тізбегі емес. Себебі, реті жоқ, шексіз емес.
4. 2 Натурал сандардың қасиеті.
1) 55 - тің өзі натурал сан.
2) 55 тің тіркес саны 56
5. Салыстыру.
5. 1 Координаталық сәуледе салыстыру.
а) а. Кем. Кем таңбасы 44. Себебі, координаталық сәуледе оң жақтағы сан сол жақтағы саннан үлкен болады.

Астана қалас, №8 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Аужанова Гүлден Елтайқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама