Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
9 сынып мемлекеттік емтихан билеттеріне қосымша

                                                  

1.3

Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты бағыныңқы-

лы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңдар.

 

     Қыс, қар жаумау, ерте, кешігіп келу.

 

 

 

2.3

Салалас   құрамалас  сөйлемнің  түрін  анықтаңдар.

Далада  жел  соғып  тұр, әрі  сіркіреп   жаңбар  жауып  тұр.

Күз келді  де, күн  суыта  бастады.

 

 

3.3

Берілген жалқы  есімді  бір  бағанаға  жалпы  есімді  екінші  бағанаға  жазыңдар.

 Асан, Ақтау, Шың-кітап, Құлагер, қала, өзен, көл  

 

 

4.3

Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңдар.

Біздің  отбасымыз үлкен.

Сен  өз  отбасыңмен  демаласың ба?

Әсет, әке-шешеңді  шақыр.

Отбасымыз  аман болсын!

 

 

5.3

Шартты  бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге  мысал  келтіріңдер.

 

 

6.3

Сын  есімнің  жұрнақтарын  белгілеңдер.

Қысқы, жазғы, күзгі, сусыз, әлсіз, облыстық

 

 

 

7.3

Берілген сөйлемнен үстеуді тауып, түрін анықтаңдар.

Еріншектің ертеңі бітпес.

 

8.3

Сын  есімдерден  салыстырмалы  шырай  жасаңдар.

Дөңгелек, қысқа, биік, жақын, күшті, төмен, жуас

 

 

9.3

Ойлау  етістігін  өткен  шаққа  қойып, жекеше түрде  жіктеңдер.

 

 

 

                                                      10.3

Себеп бағыныңқылы  сабақтас құрамалас  сөйлемге  синтаксистік  талдау  жасаңдар.

Күн  жылы  болғандықтан, біз  серуенге  шықтық.

 

 

11.3

Мезгіл   бағыныңқылы   сабақтас  құрмалас  сөйлемді  аяқтаңдар.

      Орта мектепті бітірген соң, ...   ...  .

 

 

12.3

Салалас  құрмалас  сөйлемнің  түрін  анықтаңдар.

Биыл  шөп  қалың  шықты, өйткені  жаңбыр  көп  жауды.

 

 

13.3

Талғаулы  салалас құрмалас сөйлемге  мысал  келтіріңдер.

 

 

14.3

Ыңғайлас  салалас  құрмалас  сөйлемге  мысал  келтіріңдер.

 

 

15.3

Кезектес  құрмалас  сөйлемді  аяқтаңдар.

Мен мектепке кейде автобуспен барамын,кейде  ...  ...  .

 

 

16.3

Қарсылықты  салалас  құрмалас  сөйлемге  синтаксистік  талдау  жасаңдар.

Оның  даусы  жақсы, бірақ   ән  айтуды  жақтырмайды.

 

 

17.3

Төменде берілген шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

Да, қарай, үшін, және

 

 

18.3

 Берілген сөйлемдерден одағайды тауып, түрін анықтаңдар.

Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. 

Алақай, ертең ағам әскерден келетін болды!

 

19.3

Қимыл-сын  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемді  тауып  көшіріп жазыңдар.

Бірлік  болмай, тірлік  болмас.

Ол  бірдеңе  айтқысы  келгендей   болып, қолын  көтерді.

Екі  қолы  дірілдеп,Оспан  ішке  керді.

 

 

20.3

Төменде берілген есімдіктердің түрін анықтаңдар.

Мен, сен, сіз, ол

 

 

 

 

 

 

 

21.3

Мына  сөйлем  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  қай  түріне  жататынын   анықтаңдар.

     Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлқ жатыр.

 

 

 

 

22.3

Сөйлемдерден  түсіндірмелі  салалас  құрмаласты  табыңдар.

Тұманның  қалыңдығы  сонша, түк  те  көрінбейді.

Мен  мектепке   аптысына  бес  күн  барамын.

 

 

 

23.3

Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықты,жалғаулықсыз  түрін  ажыратыңдар.

Көз-қорқақ, қол – батыр.

Биыл  жайлауда  болдым   және  ауылдағы  ағаларымның  үйіне  бардым.

 

 

24.3

Көп нүктенің орнына сан есімді қойып жазыңдар.

... ала болса ауыздағы кетер,

... түгел болса төбедегі келер.

 

25.3

Берілген  сөйлемдерді  жалғастырып, мақсат  бағыныңқылы  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  құраңдар.

Қыстыгүні  адамдар  тоңып  қалмау  үшін, ...........

Біз  балалармен  бірге  бәйшешек  термек  болып,..................

 

 

1.3

Қарсылықты  салалас  құрмалас  сөйлемге  синтаксистік  талдау  жасаңдар.

 

Мен  үндемедім, бірақ  өз  пікірімде  қалдым.

 

 

 

 

2.3

Салалас  құрмалас  сөйлемнің   түрін  анықтаңдар.

Олар  төмен  түсіп  еді, жол  екіге  бөлінді. Маған  ойыншық   берді, ағама  доп  берді.

 

 

 

 

3.3

Жалқы  есімді  бір  бағанаға, жалпы  есімді  екінші  бағанаға  жазыңдар.

 

Алматы, Ертіс, «Абай  жолы» романы, кітап, кісі, шөп

 

 

 

 

4.3

Берілген  жай  сөйлемдердің айтылуына   қарай  түрлерін анықтаңдар.

Күн  жаңа  ғана  шыға  бастады.

Кеше  сен  кітапханаға  бардың ба?

Асан  ертең  мектепке   барасың.

Гүлдей  бер, туған жерім!

 

 

 

5.3

Берілген шартты бағыныңқылы сабақас құрмалас сөйлемді басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңдер.

Сен келсең, киноға барар едік.

Күн ашық болса, оқушылар өлкелік мұражайға барады.

Оқушылар түгел жиналмаса, мұғалім сабақ бастамайды.

 

 

 

6.3

Берілген сын  есімдердің  жұрнақтарын  белгілеңдер.

 

Күшті, қарлы, дәмді, айнадай, аудандық, тұзсыз

 

 

 

 

7.3

Берілген сөйлемнен үстеуді тауып, түрін анықтаңдар.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма!

 

8.3

Төмендегі сын  есімдерден   салыстырмалы  шырай  жасаңдар.

 

Қысқа, аласа, тар, кең, әдемі, үлкен, сары

 

 

 

9.3

Берілген   етістікті  өткен  шаққа  қойып, жіктеңдер.

 

Білу

 

 

 

 

10.3

Екі жай сөйлемнен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.

Ағасы келген. Асан да келіп қалар.

 

 

 

 

 

 

 

11.3

Көп нүктенің орнына мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің қосымшасын қойыңдар.

Мен теледидар қара..., даусын қатты шығармаймын.

 

 

 

 

12.3

Төменде берілген салалас  құрмалас  сөйлемнің  түрін  анықтаңдар.

 

Мен  ол  күні  келмедім, себебі  көлік  жоқ  еді.

 

 

 

 

13.3

Талғаулы салалас құрмалас  сөйлемге  мысал  келтіріңдер.

 

 

 

 

 

 

14.3

Ыңғайлас салалас құрмалас  сөйлемге  мысал  келтіріңдер.

 

 

 

 

 

 

15.3

Төменде берілген сөз тіркестерінен кезектес салалас құрмалас сөйлем

құрастырыңдар.

Ерте замандарда пайда болған, музыканы зерттеу, теориялық ой пікірлер, әр түрлі халықтардың, кең өріс алды, ән өнерін зерттеу 

 

 

 

16.3

Қарсылықты  салалас  құрмалас  сөйлемге  синтаксистік  талдау  жасаңдар.

 

Мен  үндемедім, бірақ  өз  пікірімде  қалдым.

 

 

 

 

17.3

Берілген сөйлемнен шылауды табыңдар.

Бүгін мемлекеттік емтиханды жақсы тапсыру үшін таңертең ерте оянып, кітапты бір оқып шықтым.

 

 

 

 

18.3

Берілген сөйлемнен одағайды табыңдар.

Паһ, мықты екен – ау мынау палуан!

 

 

 

 

 

19.3

Төменде берілген қимыл - сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге сұрақ қойыңдар және мағынасын түсіндіріңдер.

Жұрт сүйсінетіндей етіп, ол ән салды.

 

 

 

 

20.3

Берілген сөздер есімдіктің қай түріне  жатады?

 

Барлық, бәрі, барша, бүкіл 

 

 

 

 

21.3

Төменде берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңдар.

Бақшаның көлемі үлкен болғанмен, өсімдік сирек шықты.

Астықты көп берсек, Отанымыз бай болады.

Жылы киінсе, адам тоңбайды.

 

 

 

22.3

Берілген сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

Өзіңе қарай дос таңда: тең теңімен жарасады.

Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

 Ақ болсаң, қараға жуыма: аққа тез қара жұғады.

Бізден бұрынғылар айтыпты: бір төрге екі төре сыймайды.

 

23.3

Салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықты, жалғаулықсыз  түрін  ажыратыңдар.

Биыл  қыс  суық  болды, бірақ  қар  аз  жауды.

Бас  болу  оңай, бастамақ  қиын.

 

 

 

24.3

Берілген сөйлемнен сан есімдерді табыңдар

Бірінші байлық – денсаудық.

 

 

 

 

 

25.3

Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

Біз оқу үшін, Алматыға алыстан келдік.

 

 

 

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама