- 18 сәу. 2016 00:00
- 201
Мектептерде спорт залдарының бос уақытта пайдаланылуы басым жағдайда мүмкін емес - БҒМ
Мектептерде спорт залдарының бос уақытта пайдаланылуы басым жағдайда мүмкін емес. Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту тақырыбындағы Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап берген Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев осылай мәлім етті.
«Қазіргі таңда мектеп оқушыларын спортпен қамту 27 пайыздан асады. Ал сабақтан тысқары уақытта спортпен айналысатын балалардың саны 713 мыңнан асады. Соның ішінде ауылдық мектептерде 349 632 бала спортпен сабақтан бос уақытта айналысады», деді Т. Балықбаев.
Сонымен қатар, министрлік өкілі мектеп спортзалдарын пайдалану толық мүмкін болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, мектептердің басым бөлігі екі ауысымда оқытылады. Сондықтан да, білім министрлігі осы мәселеге көп көңіл бөле бастаған.
«Біріншіден, екі ауысымдық мектептерде спорт залдары бос болмайды қалай айтқанда да. Екінші жағынан, спорт залдарын арендаға беру мүмкіндіктері де жоқ. Біз спорт кешендерін жалға бере алатындай мүмкіндік жасау үшін, оларды толық мемлекеттік мекеме құрылымына көшіру керек», деді Т. Балықбаев.
-
Кеше Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті келшісі Стефано Раваньямен кездесті деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.