Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 сағат бұрын)
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Сыныбы: 9 а сыныбы
Сабақтың мақсаты: Ақын Абаймен танысу, ұлы ақын Абай мұрасымен таныса отырып, Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, адам бойындағы асыл қасиеттерге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сөз мағынасын түсінуге бағыттау, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, жақсы мінез - құлықты дәріптеу, асыл мінез қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау, тахтамен жұмыс, жалғасын тап ойыны, кластер, домино ойыны, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, деректі фильм, суреттер.
Сабақтыӊ барысы:
Ұйымдастыру кезеӊі. Оқушыларды сабақтыӊ тақырыбы, оныӊ мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
Ән. «Желсіз түнде жарық ай» Хормен айтылады.
Психологиялық дайындық. Сәлеметсіздер ме, балалар! Бұл қандай ән? Кімнің әні? Оқушылар жауап береді, Балалар, бұл Ұлы ақын Абайдың әні. Тамаша ән. Бүгінгі дѳңгелек үстеліміз бүкіл қазақтың атасы – Ұлы Абайдың мұрасына арналады.
Тәрбиеші: Балалар, биыл Абай атамыздың неше жылдығы?
Оқушылар: 175 жылдығы
Бүгінгі тәрбие сабағымызда ұлы ақын Абай атамызбен таныса отырып, Абай атамыздың айтқан адамгершілік, адамның асыл қасиеттері жайлы және сазгерлігімен ой бөлісеміз.
Ӏ. Кіріспе:
1) Ұлы ақын Абаймен танысу.
2) Абайдың дүниеге келуі (деректі фильм) Оқушылар Абай туралы деректі фильм көреді.
ӀӀ. Негізгі бөлім.
1) Слайд арқылы Абайды таныстыру.
Тәрбиеші: Міне, балалар, Абай да сіздер сияқты бала болған.
Сұрақ - жауап
1. Абайдың шын аты кім?
2. Абай қай жерде дүниеге келген?
3. Абайдың әкесінің аты кім?
4. Әжесінің аты кім?
5. Анасының аты кім?
6. Абайдың руы қандай? Оқушылар жауап береді.
Балалар, Абай қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, аудармашы, қазақ халқының болашағы, тағдыры үшін кейінгі ұрпаққа, мына сендерге асыл мұра, жақсы адам болуды өсиеттеп қалдырған ұлы ақын. Абай атамыз сендерге «әсемпаз болма әрнеге», «ақырын жүріп, анық бас», «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», «ғылым таппай мақтанба» деп сендерге қазақ халқының патриоты болсын деп мағыналы өлеңдер қалдырған.
2) Абай өлеңдеріндегі адамгершілік, адамның асыл қасиеттері жайлы. (слайд)
Сенесіңдер ме, Абайды танымайтын бір де бір қазақ жоқ. Абайдың өлеңдерін бүкіл қазақ жатқа біледі, үйлеріңе барып, ата - аналарыңнан сұрап көріңдерші. Абайды бүкіл қазақ таниды. Себебі Абай атамыз «бүкіл қазақтың атасы». Абай атамыз «адам боламын десеңіз ілім, білім ізде, оқы, тоқы, әріп таны, ойнап босқа жүрме» дейді.
Оқушылар Абайдың ѳлеңдерін айтады.
3) Абай – сазгер. Абайды сазгерлігі туралы айтылады. (Слайд)
Оқушыларға тапсырма
4) Кластер методы. Тақтада тапсырма беріледі. Ортада Абайдың суретін тұрады. Тѳменде әртүрлі мамандыққа байланысты атаулар болады. Оқушылар солардың ішінен Абайдың кім екенін табады. Мирас
5) «Жалғасын тап» ойыны. Абайдың мақал - мәтелге айналып кеткен сѳздердің жалғасын табу. Мәрмәр
- Ақырын жүріп, ________
- Адамзаттың бәрін сүй, ______
- Еңбек етсең ерінбей, _______
- Ұстаздық еткен жалықпас, ______
- Сабыр түбі _______
6) Абай айтқан «бес асыл іс» пен «бес дұшпанды» топтастыру. (тахтамен жүмыс) Айжан
Оқушылар тақтаға шығып үстелдің үстіндегі Абай айтқан адамның жақсы, жаман қасиеттерінің ішінен «бес асыл істі» алып сары шеңбердің айналасына қыстырып шығады. Жарқыраған күні пайда болады.
7) Домино ойыны. Қағаздағы Абай ѳлеңдерін топтастырады. Мирас, Музарт, Мәрмәр.
8) «Ойлан, тап!» ойыны. Интерактив тақтада бірнеше ақынның портреттері кѳрсетіледі. Оқушылар олардың ішінен Абайдың суретін табады. (Нұржан)
9) Нұржан мен Бексұлтанға жеке тапсырма беріледі. Адамның жақсы және жаман қасиеттеріне байланысты суреттерді топтастыруды тапсырады. Тәрбиеші оқушылардың тапсырманы қалай орындағанын айтып өтеді.
Қорытынды.
Тәрбиеші: Сонымен балалар, бүгін ақын, Абай атамызбен таныстық. Абай атамыз айтқан адами қасиеттерді бойымызға сіңіре алдық.
Балалар, сендер, Абай айтқандай мейірімді, сабырлы, иманды, жылы жүректі болыңдар. Бүгін тәрбие сағатымызда аз да болса, жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәмін алдыңдар.
Ал, балалар, Абай айтқандай
- Еңбекқор боламыз ба? (боламыз)
- Мейірімді боламыз ба? (боламыз)
- Білімді боламыз ба? (боламыз)
- Сабырлы боламыз ба? (боламыз)
- Әдепті боламыз ба? (боламыз)
- Өсекші боламыз ба? (болмаймыз)
- Өтірікші боламыз ба? (болмаймыз)
- Адал боламыз ба? (боламыз)
Көріскенше күн жақсы, балалар!
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.

Қаскелең қаласы облыстық зерде
бұзылыстары бар балаларға арналған
мектеп - интернатының тәрбиешісі
Тавекелова Ақлима

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама