Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Дені сау адам – табиғаттыӊ еӊ қымбат жемісі
Тақырыбы: Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбат екендігін, өмір сүру үшін денсаулықтың маңызын, бағалы байлық екенін түсіндіру. Жасыл желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, өз ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да дәлелді тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас формаларын таныстыру, оқушыларды пікір айта білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, суреттер.
Сабақтың түрі: Әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, қанатты сөздер, вен диаграммасы, сахналық көрініс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері және негізгі әдістерімен таныстыру.
І. Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар сендердің денсаулықтарың – өмірдегі ең бірінші байлықтарың болып табылады. Егер сендердің денсаулықтарың жоқ болса, мына өмірдің мәні де, сәні де болмайды. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл - күйі көтеріңкі болады. Отанымыздың кешегеі сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау. Есірткі, нашақорлық – адамды жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық, балалар! Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңдар, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсеңіз, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын не? Ол – денсаулық, балалар!
Әрине, денсаулық адамның бірқалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық – бұл дұрыс тамақтану. Денсаулық таза ауада көбірек жүру. Денсаулық – тазалық сақтау. Денсаулық - тамақты шамадан тыс тойып ішпеу. Денсаулық – тамақтан соң ауызды шайып, қолды жуу. (слайд)
Ендеше, «Дені сау адам – табиғаттың қымбат жемісі» тәрбие сабағына қош келдіңіздер! Адам, табиғат, денсаулық, спорт, есірткі, ішімдік, наша түсініктері слайд арқылы түсіндіріледі. Тақпақ айтылады.
ІІ. Негізгі бөлім
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» деген әңгімеден сахналық көрініс көрсетіледі. Ортаға екі оқушы шығып, осы әңгіменің негізінде көрініс көрсетіледі.
Сұлтан мен Қожа келе жатты. Бір кезде Сұлтан артына бұрылып:
- Сен шылым шегесің бе? – деп сұрады.
- Жоқ деді Қожа.
Ол ерге қырындап отырған күйі аттың тізгінін тежеді де, қалтасынан бір қорап темекіні суырып алды. Аузын ашты да Қожаға ұсынды.
- Мә, үйрен.
- Өзің тарта бер, - дедім мен.
- Осы күнге дейін шылым шегулі үйренбей неғып жүрсің? – деді Сұлтан мені кінәлай сөйлеп. Мә, тарт.
Алдым темекіні. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта бастадым. Аузыма түтіннің жап - жаман иісі, ыс дәмі келді.
_ Ой, сауатсыз, - деді Сұлтан менің шылымды қалай шегіп келе жатқанымды көріп. – Сөйтіп те тарта ма екен. Жап - жақсы темекіні босқа қор етуін қарашы. Ішке тарт. Міне былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып кеп қал.
Бала десе, бәрімізге тиеді. Бізден өткен ақымақ жан жоқ қой. Кейде қайдағы бір залалды нәрсеге соның сол залалдығын біле тұра иттей әуес келеміз. Осы арада маған: «Қәне, жұтсам жұтып көрейінші, деген ой келді, - не болар екен». Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен, бір улы газ өңешімнен шеңгелдеп, ала кеп түі. Тынысым бітеліп, қалдым. Көзімнен жасым ыршып кетті… енді бір шақта көзім бұлдырап, жер - дүние төңкеріліп бара жатты.
- Ойбай, тоқта!
Аттан ауып түсіп, жол шетіне құладым. Жүрегім көтеріліп, құса алмай қиналып жатырмын. Менің бұл аянышты қаліме жаны ашудың орнына Сұлтан оңбаған мазақ етіп тұр:
- Қайран Қара Қожам - ай, ажалыңнан үш күн бұрын өлетін болдың - ау. Апаңа не бетімді айтамын енді. Тым құрыса жайлауға жетіп те өлмей, әуреге салатын болдың - ау уахахаха.
Міне содан бері аузыма темекі алмақ түгіл иісі мұрныма келсе, зыта жөнелемін.
ІІ көрініс.
1 оқушы ортаға шығып, ай, тісім қақсап барады. Жанымды қоярға жер жоқ. (дауыстап жылай бастайды) Оның даусын естіп, қыз бала жүгіріп келеді. Не болды, айтшы, жылама? Неліктен бас көзің ісіп кеткен.
Бала: Тісім ауырғаны қоймай тұр.
Қыз: Неге тісің ауырады?
Бала: Кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.
Қыз: Олай болса дәрігер шақырайын.
Дәрігер: Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі реет жүр тазалап
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Бекіту. Оқушыларға адам және табиғат, денсаулық, оның болашағың үшін пайдалы тараптары жайлы сұрақтар қойылады, әңгімелесу жүргізіледі.
Мұғалім: Балалар, деніміз сау болу үшін таңертең ұйқыдан тұрып, не істеуіміз керек.
Оқушылар: Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Мұғалім: Адам әрқашан қимыл - қозғалыста болса, адамда қан айналысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Сондай - ақ зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек. Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, уақтында демалу.
Мұғалім: Адам денсаулығына дұшпан не?
Оқушылар: темекі, арақ, наша.
Мұғалім: Дүниедегі ең басты байлық не?
Оқушылар: Денсаулық. Денсаулық – зор байлық деген осы.
Тақтаның дәл ортасына күн бейнесі ішіне «Денсаулық» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі нұр таратады. Мысалы: ерте тұру, тазалық, таза ауа, еңбек ету, үнемі сабырлы болу, білім, темекі, арақ, наша, төбелесу, артық тамақ ішпеу, көп ұйықтамау. Осы сөздер нұр болып таралады.
Тақтаның дәл ортасына гүлдің суреті ілінеді. Гүлдің ортасына «Денсаулық - зор байлық» жазылған. Әртүрлі суреттері бар гүл күлтелерінің керегін гүлдің айналасына қоя бастайды. Еңбек етіп жатқан адам, спортпен шұғылданып жатқан оқушы, темекі тартқан бала, соғыс, ашаршылық, табыну, төбелес, дұрыс отырмаған бала, аулада еңбек етіп жатқан бала, тазалық сияқты суреттер. Жарамайтын суреттерді қоқыс шелегіне тастаймыз.
Ән орындалады.
Сабақтың аяқталғанын хабарлау.

Қаскелең қаласы облыстық зерде
бұзылыстары бар балаларға арналған
мектеп - интернатының тәрбиешісі
Тавекелова Ақлима Куватбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама