Ағылшын тілі сабақтарында негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологияларды пайдалану
Ы.Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Студент: Есентурова Айдана
Ғылыми жетекшісі: Анапин Елтай Хакимұлы
Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. Біз ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өмірімізге, әсіресе, білім беру процесіне бірқатар ауқымды өзгерістер енгізіп отырған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі халықаралық қатынастардың жетекші құралы ретінде ағылшын тілінің алар орны алдымен технологияның, экономика мен PR-технологияның аса қарқынды дамуымен байланысты. Бұл ағылшын тілін мемлекетаралық қарым-қатынас, ғылыми зерттеулердің негізгі тілі ретінде меңгергісі келетін жалпы білім беру мектептері оқушыларының қызығушылығын күшейте түседі. Қазіргі уақытта шет тілдері, оның ішінде ең алдымен ағылшын тілі өзге ел азаматтарымен қатынас жасау құралы ретінде өмірдің түрлі саласында қолдау үшін функционалды түрде талап етіліп отыр.
Шет тілі сабақтарының басты мақсаттарының бірі коммуникативті құзырлықты қалыптастыру болып табылады. Қазіргі ғалымдардың (Евгения Семёновна По́лат) айтуынша, қоммуникативті құзырлықты қалыптастыру үшін сабақты шартты-коммуникативті немесе коммуникативті жаттығулармен толтыру жеткіліксіз. Айтылған сөздің мазмұнына көңіл бөлу үшін оқушыларға ойлауға, қандайда бір проблемаларды шешуге, оларды шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беру маңызды. Бұл жерде тіл өзінің басты қызметі - ойды құрастыру және жеткізу қызметін атқаруы қажет.
Шет тілдерін үйретудегі осындай тәсілдің басты идеясы - оқушыларды түрлі жаттығуларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын арттыру. Коммуникативті тәсіл оқушыны шет тілінде қарым-қатынас жасауға дайындай алады.
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа акпараттық технология кұралдарын ағылшын пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- презентацияларды кұрауды біледі.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау; - бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету; - информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны ұйымдастыру;
- арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету; - облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Жаңа педагогикалық технологиялардың әртүрлі бағыттарының арасында ерекше орынды білім беруді бірлесіп жұмыс істеу арқылы жүзеге асыратын тұлғалық бағыттылық тәрізді жобалық технология алады.
Жобалардың әдісі – оқу барысында кішкентай топта әлеуметтік қарым – қатынас құруға негізделген білім беру саласындағы технологиялардың бірі, оқу барысында оқушылар әртүрлі әлеуметтік рөлдерді (ұйымдастырушы, жетекші, атқарушы және т.б.) қабылдайды, орындайды және оларды шынайы қарым – қатынас кезінде өзекті мәселелерді шешуде орындауға үйреніп, дайындалады.
Жобалық жұмыс және жалпы жобалық технология шет тілін үйренуде практикалық, даму және білім беру мақсаттарын біріктіре отырып, барлық салалардағы тіл мен мідениетті үйрену аясында тиімді оқу барысын дамыту мәселелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобалық жұмыстың басты мақсаты үйреніп жатқан тілді меңгеру мен қолдану барысында тілдік және білім сапасындағы оқушының тәуелсіздігін, креативтігін және іскерлік белсенділікке деген қабілетін дамыту. Жобалық технологияның негізі жобалық жұмыстың соңғы өнімі болып табылатын нақты, айқын анықталған білім беру өніміне деген бағыт. Жобалық технология шетел тілін үйренудің барлық салаларын біріктіру, мүмкіндік беру және сөйлеу қарым-қатынасының шапшаңдығы мен дұрыстығы арасындағы нақты балансты орнатады. Шет тілін меңгерудің кез келген сатысында жобалық тапсырмалар үшін тақырып және нақты сұрақтар таңдауға мүлде шектеу қойылмаған.
Жобалық технология кез келген оқулықпен және басқа оқу-құралдарымен бірге жүре алады және сөйлеу тәжірибесімен шетел тілінде сөйлеу қарым қатынасының коммуникативті қабілет дамуының сатысында үйреніп жатқан тілдің жалпы жүйесінің түрлі формаларының қатарына қосыла алады.
Жобалық тапсырма шет тілін меңгеру мен қолдануда нақты өнім ретінде қарастырыла алады. Шет тілі мұғалімінің жұмысында ең басты қиыншылық даму жағдайын жасау және басқару қызметін, тең серіктестік қарым-қатынас қызметін және оқушыларға байланысты үйлестіру болып табылады. Оқытушы мотивация тудыру және оны қолдау, жоба жұмысына қажеттілік пен қызығушылық тудыру, оқу жағдайымен шет тілін нақты қолдану арасында “көпір орнату” сияқты жобалық технологияның ең қиын мәселелерін шешеді.
Әдебиет
1. Коряковцева Н.Ф. Современная методика организации самостоятельной работы изучающих иностранный язык. - М.: АРКТИ, 2002. - 176 с.
2. Красноперов Е. Ж. Технология личностно-ориентированного обучения ИЯ. // ИЯ в современном мире. – Алматы, 1999 с. 35-40. 3. ативныйПолпт Е.И. Коммуни 4. Полат Е. С. Новые педагогические технологии. - М., 1991.