- 05 жел. 2025 15:05
- 18
Биыл Ақтауда заңсыз төгілген 17 қоқыс үйіндісі жойылды
Биыл Ақтау қаласында спутниктік түсірілім арқылы заңсыз төгілген ірі қоқыс қалдықтарының 17 нүктесі анықталды. Қазіргі күні, анықталған орындардағы қоқыс үйінділері толық тазартылды. Бұл жайлы қала әкімі есеп беру кездесуінде айтты.
Аталған санитарлық жұмыстар бюджет қаражатын пайдаланбай, демеушілердің қолдауы есебінен толық көлемде жүзеге асырылды. Жалпы Ақтау қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында биыл 25
іс-шара өткізілді. Оның ішінде 7 мыңнан астам ағаш егілсе, 282 тонна қоқыс жиналды.