Әліппе әлемі - әріппен әдемі
Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Тақырыбы: «Әліппе әлемі - әріппен әдемі»
Мақсаты: Алғашқы қолдарына ұстаған, оқуға, жазуға үйреткен «Әліппелерімен» қоштастыру.
Міндеттері: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру; ата - аналарға балаларының жарты жылда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету; оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта түсу; оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың суреті, Рәміздер, шарлар, мақалдар, әріптер, интерактивті тақта, көрме суреттер.
Жүру барысы:
І. Кіріспе.
1. Қазақ биі
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгін сіздер кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан - жағына таңырқай қарап мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің енді, міне, өздерін оқуға, жазуға үйреткен сүйікті де қымбатты ӘЛІППЕлерімен қоштасуға арналған «Әліппе әлемі - әріппен әдемі» атты ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар.
ӘЛІППЕ — алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі буынынан құралған). Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 1995 ж. бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа Әліппе (авторлары Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова) жарық көрді. Әліппеде балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет - ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Оқушының басты міндеті – оқу. Білімін одан әрі шыңдау үшін үлкен ізденіспен еңбектеніп, мектеп қабырғасынан сапалы білім алып, өнегелі тәрбие алып, елін, жерін қорғайтын ел азамат болып өсуі керек. Әліппенің алғашқы бетінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүлдіршіндерге арналған даналық сөзінде былай деген:....
( Бір оқушы дауыстап оқып береді)
Елбасымыздың бұл даналық сөзін жай ғана оқып, қоймай әрдайым жадымызда сақтайық!
Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне берсін! Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен ылғи да қуанта берсін! Жүздерінен күлкі кетпесін!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын мерекесі балалардың!
Құрметті, ата - аналар!
Бала деген шіркін - ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-
деп Кенен атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берелік.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ұлпан
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2. Нұрайлым
I can real, I can write,
I can speak English too
I love learning English
And what about you.
3. Алмаз Абзал
I like to read,
I lake to play,
I lake to study every day,
I lake to jump,
I lake to run,
I lake to play,
It s fun.
4. Зейнеп
I am pupil,
He is a pupil,
She is a pupil too,
I am a pupil,
You are teacher,
We love you.
2. «Сыңғырла қоңырау» әні
3. «Әліппе» балалармен сахнаға шығады.
Әліппе сөйлейді:
- Әліппеде тізілген
42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен,
Өз кезінде танып қал.
1. Алина Б.
“А” деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым.
Әр әріпті жаттадым.
2. Әліппе:
Алфавиттің “А” тұрады басында,
Әрқашанда “Ә” тұрады қасында.
Байқадың ба “Б” тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
Бекарыс: «А» деген ол аналар ғой ардақты,
Жаннұр: «Ә» деген ол әкелер салмақты.
Шаттық: «Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Шынияз: «Д» дегенім - достық, дарын, даналық.
«Е» дегенім - еңбек, ерлік, еліміз.
Алина Б: «Ж» дегенім - жолдас, жақсы жаңалық.
Аида: «З» дегенім - зейін, зерек, зергерлік.
Мереке: «И» дегенім - игілік, иба, инабат.
Ильяс: «К» дегенім - кітап, кәсіп, кәмпит қой.
Мақсат: «М» дегенім - мектеп, мақсат, мереке.
3. Аманжан:
Барлық әріп бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
4. Айжамал:
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5. Аида:
Бар кітапқа бас болған
«Әліппе»- ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
6. Әли:
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың,
Басы болған әліппем.
7. Жаннұр
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
8. Шынияз:
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
9. Бекарыс:
Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке
10. Ақерке:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдей араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
11. Мереке:
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
12. Талғатов Диас:
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық білім - ілімнің
Ағасы осы әліппе.
13. Мақсат:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Әліппе.
- Ой, жарайсыңдар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне, ортаға салайық!
1. Сұлтан
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.
2. Анель:
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
3. Шаттық
Биік - биік таулар деп
Қызыл - жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп
Болашағы ғажап деп.
4. Диас Б:
Апа - ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
5. Асылай
Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріп те.
6. Ильяс:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
ІІІ. «Білім» ағашындағы тапсырмалар:
1.«Менің Отаным» кітабынан Алина Бағыт мәтін оқып береді.
2. Өлеңдер оқу. «Ұя»
3. «Кім кінәлі» өлеңін сахналау.
4. «Шалқан» ертегісін сахналау.
5. «Кітапхана» мәтінін оқыту
6. «Жарыс» мәтінін оқыту
7. Алфавитті жатқа айту
ІV. Әліппемен қоштасу.
1. Алмаз Ақдаулет:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
2. Ильяс
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім.
3. Ақнұрай:
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
4. Малик Алина:
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамыз тақымды.
Қандай ауыр болса да, оқу үшін,
Аянбаймыз, жеңеміз бар қиынды.
5. Мақсат:
Әліппе, жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытқан алғашқы өзің болдың.
6. Аманжан
«Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.
Ән: «Әліппе» Бағыт Алина
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілінен
Ақыл, білім алыңдар.
- Қош болыңдар, балалар!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Балалар:
- Сәлеметсіз бе!
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
1. Ильяс: АНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
2. Зейнеп: АНА ТІЛІ
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
3. Алмаз:
Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
4. Ақерке: АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА
- Ана тілі тым оңай!
Деп Күлдірген тыңдамай
Терезеге қарады,
Теректерді санады.
Оны көріп мұғалім,
Қойды кенет сұрағын:
- Айтшы, тұрып сен енді
Анықтауыш дегенді.
- Анықтауыш... Әрине...
Анықтайды бәрін де...
Күбір сөзі ұзарып,
Күлдірген тұр қызарып.
Ана тілін білмесең,
Аһ ұрасың күнде сен.
Әдібай
Би: Түгел оқушылар биі.
- Осы біздер қандаймыз?
1. Анель:
Біз шеберміз.
2. Ақнұрай:
Мың бұралған бишіміз
3. Диас Б:
Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
4. Аида
Өнерліміз.
5. Асылай:
Ақылдымыз.
6. Әли:
Үлкенге ізеттіміз,
7. Бекарыс:
Кішіге қамқоршымыз.
8. Ұлпан
Көп оқимыз,
9. Диас Талғатов:
Терең тоқимыз.
10. Нұрайлым:
Жанып тұрған шырақпыз,
11. Алина Б:
Толқынды су бұлақпыз.
12. Алина М:
Елімізді өркендетін,
13. Сұлтан:
Қазақ тілін көркемдететін,
14. Алмаз Абзал:
Бабаларға тағзым ететін,
15. Алмаз Ақдаулет
Аналарға бас иетін,
Бәрі:
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың
Басталады біздерден.
Ән: «Қазақстан»
№34 лингвистикалық мектеп гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Тақырыбы: «Әліппе әлемі - әріппен әдемі»
Мақсаты: Алғашқы қолдарына ұстаған, оқуға, жазуға үйреткен «Әліппелерімен» қоштастыру.
Міндеттері: оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру; ата - аналарға балаларының жарты жылда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету; оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта түсу; оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың суреті, Рәміздер, шарлар, мақалдар, әріптер, интерактивті тақта, көрме суреттер.
Жүру барысы:
І. Кіріспе.
1. Қазақ биі
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгін сіздер кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан - жағына таңырқай қарап мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің енді, міне, өздерін оқуға, жазуға үйреткен сүйікті де қымбатты ӘЛІППЕлерімен қоштасуға арналған «Әліппе әлемі - әріппен әдемі» атты ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар.
ӘЛІППЕ — алғашқы білім мен дағдыны меңгертуге арналған сауат ашу оқулығы (араб әліпбиінің “алиф” және “ба” деген екі буынынан құралған). Сауат ашу Қазақстанда сан ғасыр бойы араб әліпбиі арқылы жүргізілді. 1995 ж. бастауыш сыныптардың жаңа оқу бағдарламасына орай сауат ашу кезеңі 1 жылдан 6 айға қысқартылып, жаңа Әліппе (авторлары Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Қзғұттынова, А. Құлажанова) жарық көрді. Әліппеде балаларды жас кезінен халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы мен әдет - ғұрыпына баулу, отаншылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Оқушының басты міндеті – оқу. Білімін одан әрі шыңдау үшін үлкен ізденіспен еңбектеніп, мектеп қабырғасынан сапалы білім алып, өнегелі тәрбие алып, елін, жерін қорғайтын ел азамат болып өсуі керек. Әліппенің алғашқы бетінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бүлдіршіндерге арналған даналық сөзінде былай деген:....
( Бір оқушы дауыстап оқып береді)
Елбасымыздың бұл даналық сөзін жай ғана оқып, қоймай әрдайым жадымызда сақтайық!
Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне берсін! Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен ылғи да қуанта берсін! Жүздерінен күлкі кетпесін!
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын мерекесі балалардың!
Құрметті, ата - аналар!
Бала деген шіркін - ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-
деп Кенен атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берелік.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ұлпан
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
2. Нұрайлым
I can real, I can write,
I can speak English too
I love learning English
And what about you.
3. Алмаз Абзал
I like to read,
I lake to play,
I lake to study every day,
I lake to jump,
I lake to run,
I lake to play,
It s fun.
4. Зейнеп
I am pupil,
He is a pupil,
She is a pupil too,
I am a pupil,
You are teacher,
We love you.
2. «Сыңғырла қоңырау» әні
3. «Әліппе» балалармен сахнаға шығады.
Әліппе сөйлейді:
- Әліппеде тізілген
42 әріп бар,
Тізілген соң ізімен,
Өз кезінде танып қал.
1. Алина Б.
“А” деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым.
Әр әріпті жаттадым.
2. Әліппе:
Алфавиттің “А” тұрады басында,
Әрқашанда “Ә” тұрады қасында.
Байқадың ба “Б” тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
Бекарыс: «А» деген ол аналар ғой ардақты,
Жаннұр: «Ә» деген ол әкелер салмақты.
Шаттық: «Б» деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Шынияз: «Д» дегенім - достық, дарын, даналық.
«Е» дегенім - еңбек, ерлік, еліміз.
Алина Б: «Ж» дегенім - жолдас, жақсы жаңалық.
Аида: «З» дегенім - зейін, зерек, зергерлік.
Мереке: «И» дегенім - игілік, иба, инабат.
Ильяс: «К» дегенім - кітап, кәсіп, кәмпит қой.
Мақсат: «М» дегенім - мектеп, мақсат, мереке.
3. Аманжан:
Барлық әріп бағалы,
Айттың әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды қолдайды.
4. Айжамал:
Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
5. Аида:
Бар кітапқа бас болған
«Әліппе»- ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
6. Әли:
Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың,
Басы болған әліппем.
7. Жаннұр
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
8. Шынияз:
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
Әліппе атты кемемен,
Кеземін Білім мұхитын.
9. Бекарыс:
Үйретті бізді әліппе,
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен,
Лайық болдық дәріпке
10. Ақерке:
Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдей араластым.
Үйреніп, әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
11. Мереке:
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
12. Талғатов Диас:
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Барлық білім - ілімнің
Ағасы осы әліппе.
13. Мақсат:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Әліппе.
- Ой, жарайсыңдар!
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Кәне, ортаға салайық!
1. Сұлтан
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.
2. Анель:
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
3. Шаттық
Биік - биік таулар деп
Қызыл - жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп
Болашағы ғажап деп.
4. Диас Б:
Апа - ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
5. Асылай
Әке, шеше, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге жақын нағыз сен,
Сенен білдік әріп те.
6. Ильяс:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
ІІІ. «Білім» ағашындағы тапсырмалар:
1.«Менің Отаным» кітабынан Алина Бағыт мәтін оқып береді.
2. Өлеңдер оқу. «Ұя»
3. «Кім кінәлі» өлеңін сахналау.
4. «Шалқан» ертегісін сахналау.
5. «Кітапхана» мәтінін оқыту
6. «Жарыс» мәтінін оқыту
7. Алфавитті жатқа айту
ІV. Әліппемен қоштасу.
1. Алмаз Ақдаулет:
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
2. Ильяс
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім.
3. Ақнұрай:
Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
4. Малик Алина:
Орындаймыз әліппе ақылыңды,
Жарысқанда жазамыз тақымды.
Қандай ауыр болса да, оқу үшін,
Аянбаймыз, жеңеміз бар қиынды.
5. Мақсат:
Әліппе, жарты жылдай жолдас болдым,
Ана тілге әкеліп жалғастырдың.
Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,
Хат танытқан алғашқы өзің болдың.
6. Аманжан
«Әліппемен» қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне, балаңыз.
Ән: «Әліппе» Бағыт Алина
Әліппе:
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілінен
Ақыл, білім алыңдар.
- Қош болыңдар, балалар!
Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, достарым!
Балалар:
- Сәлеметсіз бе!
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
1. Ильяс: АНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
2. Зейнеп: АНА ТІЛІ
Мейірі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп.
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
3. Алмаз:
Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім,
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
4. Ақерке: АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА
- Ана тілі тым оңай!
Деп Күлдірген тыңдамай
Терезеге қарады,
Теректерді санады.
Оны көріп мұғалім,
Қойды кенет сұрағын:
- Айтшы, тұрып сен енді
Анықтауыш дегенді.
- Анықтауыш... Әрине...
Анықтайды бәрін де...
Күбір сөзі ұзарып,
Күлдірген тұр қызарып.
Ана тілін білмесең,
Аһ ұрасың күнде сен.
Әдібай
Би: Түгел оқушылар биі.
- Осы біздер қандаймыз?
1. Анель:
Біз шеберміз.
2. Ақнұрай:
Мың бұралған бишіміз
3. Диас Б:
Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
4. Аида
Өнерліміз.
5. Асылай:
Ақылдымыз.
6. Әли:
Үлкенге ізеттіміз,
7. Бекарыс:
Кішіге қамқоршымыз.
8. Ұлпан
Көп оқимыз,
9. Диас Талғатов:
Терең тоқимыз.
10. Нұрайлым:
Жанып тұрған шырақпыз,
11. Алина Б:
Толқынды су бұлақпыз.
12. Алина М:
Елімізді өркендетін,
13. Сұлтан:
Қазақ тілін көркемдететін,
14. Алмаз Абзал:
Бабаларға тағзым ететін,
15. Алмаз Ақдаулет
Аналарға бас иетін,
Бәрі:
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың
Басталады біздерден.
Ән: «Қазақстан»