Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сызықтық алгоритм
Қарағанды қаласы, №18 ЖББОМ КММ
информатика пәнінің мұғалімі:
Ешкеева Айжан Атаевна

Инфоматика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға сызықтық алгоритм түсiнiгiн беру.
2. Оқушыларды сызықтық алгоритмдердi құрастыруға үйрету.
3. оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:
Алгоритмдермен жұмыс істеу жалғастырылады. Сызықтық алгоритм ұғымы енгiзiледi. Командалары бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiп орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы, досыңның туған күнiне бару үшiн мынадай әрекеттердi орындайсың: сыйлық дайындау, құттықтау хатын жазу, әдемi киiм кию. Көшет отырғызу үшiн де, әрекеттер тiзбегiн – алгоритм орындау керек. Балалардың өздері алгоритмге бірнеше мысалдар келтiрулері тиіс.
сабаққа арналған тапсырмалар:

1. Анаңа “жұмыртқа қуыру” алгоритмiн жазуға көмектес.
Жұмыртқаны жар.
Пешке табаны қой.
Пештi сөндiр.
Жұмыртқа мен майды дайында.
Жұмыртқаның қабықтарын таста.
Пешке от жақ.
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Табаға майды ерiт.
Тоқта.
Алгоритмдi атқарушы – анаң.

Жауабы: 1. Пештi iске қос.
2. Пешке табаны қой.
3. Жұмыртқа мен майды дайында.
4. Табаға майды ерiт.
5. Жұмыртқаны жарып сал.
6. Аршылған жұмыртқаның қабықтарын таста
7. Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
8. Пештi өшiр.
Алгоритмдi орындаушы – бота.
2. Ботаға “су iшу” алгоритмiн жазуға көмектес.
↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ← ← ↓ ↓ ↓ ↓ → → → → → → ↑ ↑ ↑ ↑ → → ↑ ↑ ↑ → → → →

3. Компьютер бөлiктерiнiң атауын алфавит бойынша орналастыр.
1. Дискi
2. Жад
3. Жүйелiк блок
4. Монитор
5. Тышқан
6. Пернетақта
7. Процессор

4. Тiзбектi толтыр.

5. Заңдылықтарын анықтап, бос торларды толтыр. Бос торларды, алдымен, диагоналы бойынша, содан кейiн бағаналары бойынша толтыру керек.
Жауабы:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама