Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттері
Оқу мақсаттары: археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау.
Бағалау критерийлері
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтайды.
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін ажыратып, талдайды.
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін салыстыра отырып, нақты мысалдар келтіру арқылы тұжырымдайды.
Зерттеу сұрағы: Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?
Андрон мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андрон мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Еуразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андрон мәдениетінің бірінші ескерткіші. 1914 жылы Оңтүстік Сібір жеріндегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново қонысынан табылған
Андрон тектес қола мәдениеті Орал (Жайық) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған.
Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі — Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зерттеді.
Андрон мәдениеті:
1. Металл өңдеу игерілді. Кен өндіру мен металл өңдеу ісі өркендеді.
2. Мал бағудың көшпелі түріне көшу қалыптаса бастады.
3. Жер өңдеудің қарапайым түрі, теселі егіншілік дамыды.

Бегазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Беғазы - Дәндібай қонысынан табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ӀХ - ҮӀӀӀ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Академик Әлкей Марғұланның анықтауынша, Беғазы - Дәндібай мәдениетінің ерекшелігі - ескі қола мәдениетінің түрлері өзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Атап айтқанда, билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, өндірісі мен өндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне көтерілген тайпалардың болғандығы анықталды. Беғазы - Дәндібай мәдениетін қалыптастырған бұл тайпалар, ғалымдардың айтуынша, шығысында Абыралы, Шыңғыс тауларына, батысында Ұлытауға дейінгі аралықты мекендеген. Беғазы - Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.
Андронов және Беғазы - Дәндібай мәдениеті слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама