Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 18 сағат бұрын)
Бақытжан Қаратаевтың "Ашық хаты" жайында ой

Бақытжан Қаратаев- 1860 жылы Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылында дүниеге келіп, 1934 жылы Ақтөбе қаласында өмірден өткен. Б. Қаратаевты біз алғашқы заңгер, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ одан бөлек жер-су мәселесі бойынша қазақтың мүддесін қорғаған халық жанашыры ретінде танимыз.  Орынбор гимназиясын содан кейін Санк-Петербург университетінің заң факультетін 2-дәрежелі алтын медальмен бітірген  Б. Қаратаевтың еңбек жолы Петербург, Кутаисида, Орынбор жерлерінде тергеушілік қызметтен басталады. 1897 жылдан бастап адвокат болып жұмыс жасайды. Ең маңыздысы 1907 жылы II Мелекеттік Думаға Орал өңірінен депутат болып қатысып, қазақ атынан сөз сөйлейді.

Өз сөзін «Депутат мырзалар!»  деп бастаған заңгерді  мінбеде қырғыз-қайсақ атынан ешкім  тіл қатпай, соған қарамастан  елдің  территориясына шаруаларды қоныс аударту мәселесін шешіп отырғандардар қайран қалдырған. Көпшілік көзқарасы шаруаларды Орта Азияға көшірту арқылы аграрлық дағдарысты жоюға құштар екенін байқағандығын, алайда, азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстандыратындай басы артық жер бар ма, жердің топырағы, ауа-райы, тарихы зерттелді ме деп сұраған жан болмағандығын бетке баса айтады. Халықпен есептеспей қоныстандыру Б.Қаратаевты ашу-ызаға булықтырады және бұл әділетсіздік деп таниды. «Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашан да күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар-әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ.» Бұл ойының соңында шаруаларды қоныстандыруды тоқтату керектігін жеткізеді.

    Думадағы сөзінде қарастырған екінші бір мәселесі өкіметтің қазақ жерінде жүргізіп отырған  жер саясаты көшпелі қазақтарға қиындық туғызып отырғандығы. Иа, шынымен Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген бұл саясат көшпелі халықтардың жағдайын тым нашарлатты. Жаз жайлау, қыс қыстауға көшіп жүрген халықтың малы қырылып, қиын кезеңді бастан өткеруіне себеп болды. Б. Қаратаевтың айтуынша қырғыздар  тек көшпелі халық деген жансақ пікір. Қырғыздардың арасында көшпелісі де отырықшы шаруалар да бар. Далалық облыстардың құнарлы жерлерінде отырықшы қырғыздар біраз жылдардан бері жайлап егін егіп келеді. Олардың кірпіштен баспаналары да бар. Оларды жайлы да жылы қоныстарынан қуып шығу халыққа аса ауыр тиетінін, басы артық жерлері болса олар беруге риза екенін, қырғыздарды күшпен үйлерін тартып алып жатқандығына қарсы қолында нақты айғақ бар екендігін  ескертеді. Берілген он минутқа осыншама мәселені сыйғыза алған Б.Қаратаев сол заматтағы қара халықтың басындағы бар мұң-зарын айтып жеткізе алды. Ащы шындықты  ашық айту ол тұста өз басын өлім белбеуіне байлағанмен тең еді. «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» деп жапа шеккен халықтың төбесінде күн бола білген заңгеріміздің қайсарлығы ұмытылмақ емес.

Бақытжан  Қаратаевтың II Мемлекеттік Думада сөйлеген сөзін ашық хат ретінде «Айқап» журналы, «Орал өңірі»,  «Большевиктік Орал» газеттері жариялайды. Осы «Большевиктік Орал» газетінің жабылуына  Бақытжан Қаратаевтің «Ашық хаты» түрткі болды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама