Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Балаларға арналған басылымдар. "Ақ желкен" журналы

20 ғасырда халық арасында сауатсыздықты жою жолында қазақ баспасөзінің еңбегі өте зор болғаны баршамызға мәлім. Осы қазақ баспасөзінің ең үлкен жетістігі балаларға арналған басылымдар болды. Елдің болашағы -  жастар, ал осы жастардың ой санасын қалыптастыруда балаларға арналған басылымдардың алдында үлкен мақсат, мойнында үлкен міндет тұрған болатын.

Қай нәрсеніңде бастауы мықты болса, болашағы жарқын болар. Ал балаларға арналған басылымдардың бастауында "Пионер" журналы тұр. 1925 жылы Ерғали Алдоңғаровтың басшылық етіуімен Орынбор қаласында қазақтың тұңғыш балалар журналы "Пионердің" алғашқы саны жарық көрді. Елдегі орын алған жағдайларға қарай атауы жиі ауысқан "Пионер" журналы тәуелсіздік алған жылдан бері "Ақ желкен" деген атаумен шығып келеді. Журналдаң алғашқы сандарынан-ақ әдебиет алыптары Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтер қызмет етті. 1940-1941 жылдары Хасен Сейілханов редакторлық еткен кезеңде журнал балалардың еңбекке араласу жөніндегі мәселерді көптеп қорғады. Ұлы отан соғысы жеңіспен аяқталып елде батырлық пен ерлік жайында әңгімелер өрлеп жатқан тұста Төкен Әбдірахманов, Серік Қирабаев мырзалар редакторлықта болды. Осы 1946-1955 жылдары ұлы отан соғысы жайындағы үлгі боларлық тұлғалардың ерліктерін балаларға жариялап, олардың туған жерге деген махаббатын арттыра түсіп, ерік, жігер беріп отырды. Яғни осы жылдарда Пионер өзінің тәрбиелік рөлін мінсіз атқарды.

Қазірде елімізде балалар басылымдары өз міндеттерін ойдағыдай атқарып, білімді, ақылды ұрпақ тәрбиелеуде. 

Айгөлек балалар журналы осы жолда 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 32 беттен тұратын журнал балаларды керемет айдарларымен қызықтырып, таным көкжиегін арттыруда. "Қазағымның сөздері-ай" айдарында шешендік сөздер мен ұлы тұлғалардың даналықтары баяндалса, "Балаларға базарлық" айдарында Айса Хамзеұлы мен Қәмила Құдабаеваның "Ағаттық" "Ағам жақсы екен ау" деген секілді тәртіпке, достыққа шақыратын мақалалар жарияланып отырады. Ойын баласы үшін "Қыр-сыры мол дүние" айдарының пайдасы өте зор дейді ата-аналар. Әлемнің төрт түкпірінде болып жатқан ғылыми, әдеби мақалалармен  жас бүлдіршіндердің білімге деген қызығушылығын арттырады. 

Ақпараттың қарыштап тұрған заманында өмірден бейхабар баланың алғашқы білімін қайдан алатыны маңызды. Алыстан ғаламтор шарлап ақпарат іздегенше, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С,Мұқановтардан бастау алған қолда бар алтынды бағалайық.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама