- 09 сәу. 2019 00:00
- 257
Барлық жері бірсұмдық балық
Мүйізді акула, солтүстік жағын есептемесек, Австралияның бүкіл жағалауы бойындағы азғантай тереңдікте мекен етеді.
Көлемі шағын, ұзындығы бір жарым метрден және салмағы 10 килограммнан асуы некен саяқ.
Оның ауызына көз салыңыз. Қолыңызды жентекке айналдырып жіберу үшін сұрап тұрған тамұқтың ет тартқышын көріп тұрғандай әсерде боласыз. Жағының алдыңғы жағында ұстарадай өткір оншақты тісі бар. Бұл балықты және басқа да жұмсақ денелі сормаңдайларды ұстап жеу үшін.
Жағының артқы жағы үлкен және жалпақ тістерден кұралған. Бұл ұлулардың, теңіз кірпілерінің, теңіз шаяндарының және басқа денесі қатты жалқаулардың қабыршақ-сауыттарын үгітіп жіберу үшін. Алдынан шыққанның бәрін аулап жей береді.
Оның мұрынына көз салыңыз. Мүйізді акуланың басқаша атауы — шошқа-акула. Бұл мақұлық аңға түнде шығады, сол себепті мұхиттың таңдаулы жұпарын толассыз сүзу арқылы олжасын тауып отырады.
Акуланың электрорецепциялық қабылеті де жоқ емес. Оның айрықша сезімтал органдары электромагниттік өрістерді тіркеп, соның арқасында жыртқыш олжасының қай тұста қалтырап тұрғанын біліп алады.
Және үшіншісі — бұл оның уы. Дейтұрғанмен, бұл акула уын тек қорғану үшін ғана қолданады. Ұзын улы тікенектері жотасындағы жүзбеқанатында тұрады. Бұл акуланы оның ірірек тұқымдастары, сондай-ақ теңіз арыстандары аулайды. Акула уының уақытша жансыздандырып тастайтын әсері бар және оның өлім құштыруы өте сирек болады.
Кәдімгі акулалардың көпшілігі — жұмыртқалап тірідей туатындар. Бұл балықтар жұмыртқаны өзінің құрсағында көтеріп жүреді де, ұрпағы сол жерде жұмыртқаны жарып шығады деген сөз. Жұмыртқадан шыққан соң құртшабақтар енесінің ішінен жарық дүниеге жүзіп шығады. Ал мүйізді акула бір маусымда 16 жұмыртқаға дейін туады, бірақ олар өте ұзақ уақытта дамып жетіледі.
Құртшабақтар бір жыл өткенде барып жұмыртқаны жарып шығады.