Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Тоқтарова Мәдина Нұрланқызы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
«Бастауыш білім беру» мамандығының білім алушысы
Жетекші: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Педагогика пәнінің оқытушысы,
Кабинет меңгерушісі
Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі – бьүгінгі ұрпақ. Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды. Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ. Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.
Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет.
Өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту үшін сабақтарда проблемалық сұрақтар қойып, өздік жұмыс түрлерін ұйымдастыу қажет. Өздік жұмыс арқылы оқушыларда мынадай қасиеттер қалыптасады.
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2. Оқуға деген қабілетінің артуы.
3. Басқа оқушылардың жауабына сын көзбен қарау.
4. Өз ойының дербестігі.
Білім, икемділік, дағды тек өзіндік жұмыстың нәтежиесінде қалыптасады. Өздігінен жұмыс істегенде оқушы өз қабілетін, мүмкіндігін біліп еңбегіне қанағаттанады. Еңбектену барысында ой - өрісі, сезімдері тереңдейді, шыдамды, еңбексүйгіш болуға үйренеді.
Психологтардың пікірінше, бұл құбылыс ойлау ерекшелігіне байланысты пайда болған. Оқушыларға проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шешкізу керек.
Білім негізі бастауышта қаланады. Ендеше, бастауыш сыныптардан бастап, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру қажет. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі - оқушының көмегінсіз орындауы. Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздеріне жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс - әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн.
Балалардың жалпы психикалық дамуы оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Психологика ғылымында өздігінен білім алу, оқушылардың ақыл - ойының дамуының жоғарғы көрсеткіші деп қарастырылады. Өзіндік жұмыстың негізгі міндеттері:
1. Оқушыларды дербестікке үйрету.
2. Оқушылардың алған білімі саналы әрі берік болады.
3. Оқуға қажет біліктер мен дағдылар қалыптасады.
4. Оқушылардың таным, ақыл ой қабілеттері дамиды.
5. Оқу ынтасын арттырады.
Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, тәсілдері адамның санасында ертерек оянып қалыптасса, соғұрлым оның жүйелі шығармашылық еңбек етуіне мол жағдай туады.
Өзіндік жұмыстың мынадай түрлерін жүргізуге болады:
Сөзжұмбақ құрау, шешу
Бір тақырыпқа пікірталас тудыру. Қыс тақырыбын өткенде сынып оқушыларын екі топқа бөліп, бір топқа қыс мезгілінің жақсы жақтарын, екінші топқа жаман жақтарын айтқызып пікірталас тудыру керек.
- Шағын әңгіме, мәтін құрау.
- Әңгімелерді бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
- Ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру.
- Саяхаттан алған әсерлері бойынша шығарма жаздыру.
- Газет журналдары оқу үрдісінде үнемі пайдалану.
- Ауыз әдебиеті түрлерін кеңінен пайдалану.
- Ертегі құрастыру.
- Тірек сызбалар сыздыру.
- Тест тапсырмаларын орындау.
Математика сабақтарында өздік жұмыс кезінде деңгейлік кеспелер пайдаланған тиімді. Бұл жұмыста әр оқушы қабілетіне қарай жұмыс істейді.
Қайталау сабақтарында ойын элементтерін, логикалық тапсырмаларды кеңінен пайдалану қажет. Ойындар сабақтың тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Логикалық тапсырмалар арқылы баланың тапқырлығы дамиды.
Пайдалынған әдебиеттер:
1. Атыманова Қ. Ж. «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары». // Қазақстан мектебі №10,2007-31 б.
2. Давыдов В. «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы», «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінін» тест тапсырмалар мен жаттығулар.
3. Қойшыбаев Е. «Жеке тұлғаның руханилығын дамыту» // Қазақстан мектебі, №8, 1963. Б. 90-91 б.