- 13 мау. 2016 00:00
- 229
ҰБТ: 14 мыңнан астам түлек 50 балдық межеге жете алмады
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің қағидаларына және Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес ҰБТ 2 - 9 маусым аралығында өткізілді, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
«Тестілеуге өтініш берген 86999 түлектен 84079 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 61739, орыс тілінде - 22340 бітіруші сын тапсырды.
Тестілеудің нәтижесі бойынша шекті 50 балды 14252 түлек (16,95%), оның ішінде қазақ тілінде тапсырған - 10267, орыс тілінде тапсырған - 3985 оқушы жинай алмады», делінген хабарламада.
Мәлім болғандай, бес пәннен 100 балдан жоғары жинаған түлек саны - 16565. Мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін барлық ҰБТ қатысушыларына пәндер бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификаттар берілді. Осы сертификаттың негізінде олар нормативтік құжаттарда белгіленген қажетті ең төменгі балды жинаған жағдайда жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.