Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Батырларға деген құрмет, тарихқа деген құрмет!

Оқушылырдың «Салют, Жеңіс!» оқу-зерттеу жұмыстарының Халықаралық өлкетану байқауы

Номинатция №3 «Ескерткіштер сыр шертеді...»

Жас тобы 14-18 жастағы ересек топ   

Дайындаған: Нуртилеу Айзада Жұмабайқызы

Класы: 10 А      

«Кішішыған орта  мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі,

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы

Кішішыған ауылы                                           

Жетекшісі: Алаева Аида Абдуллаевна, география пәнінің мұғалімі                                    

Аннотация

Оқушы бұл тақырыпта Ұлы Отан соғысының басталу тарихы, осы соғыстағы қазақ батырлары және соғыстың Қазақстанға, қазақ халқына тигізген ауыртпалығы жайлы іздене отырып, қазіргі кездегі соғыстың маңызы, батырлардың майдандағы ерлігі, оларға көрсетілген марапаттар, сый-құрметтер туралы түгелдей қамтыды.

Өз көзімен көріп білу үшін: ауданымыздағы мұражайға және “Батырлар аллеясы” саябағына саяхат жасай отырып, Ұлы Отан соғысында Кеңестер Одағының Батыры атағын алған жаужүрек жауынгерлердің өмірбаяндарымен және басқада мәліметтермен танысты.

Аннотация

Раскрывая тему своей исследовательской работы ученица содерательно раскрыла историю начало, героический подвиг казахстанских солдатов Великий Отечественной войны, его разрушительная сила и горе, принесимая Казахстану. А таке награды, получение в Великие Очественные войны нашим солдатам.  

Для полного раскрытия Темы ученица посепила музей, “Аллею Героев Великие Очественные войны”, прочитала очень много сведении о войнах-казахов получивших звезду “ Героя Великий Отечественной войны”.

Annotation

Opening them of his research student revealed meaningful beginnig of the Great Patriotic War, the heroic Feat of Kazakh soldiers in the Great Patriotic War, its destructive power and grief brought Kazakhstan. As well as awards our soldiers getting in the Great Patriotic War.

For full disclosure topic student visited museums, alley heroes of the Great Patriotic War, read a lot of  information about Kazakh soldiers getting the award “Hero of the Great Patriotic War”.

Мазмұны

І. Кіріспе

1.1 Ұлы Отан соғысының басталуы.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

2.2 Майдандағы Қазақстанстандық батырлар.

2.3 Ұлы Отан соғысындағы менің өлкем.

2.4 Менің өлкемдегі Кеңес Одағының Батыры атағын алған жаужүрек жауынгерлер. Оларға көрсетілген құрмет.

ІІІ. Қорытынды.

 

І. Кіріспе

1.1 Ұлы Отан соғысының басталуы

Тағдыры тоғыз тарауға ұласқан халқымыздың ұлт болып қалыптасуының оңайға түспегендігі анық. Батыр –бектеріміз де, хан-билеріміз де бұл ақжол мұратын басты темірқазық тұтып, түн ұйқыларын төрт бөлді.Мұз жастанып , торласқан саз кешті. Кеңес дәуірінің кезінде де халқымыз дүрбелеңге ілініп, тыныш ғұмыр кеше алмады.  Қазір сол жылдарды көз алдымызға елестетсек, қалмақ-қарғыз, қытай-қазақ соғыстарын бастан өткерген, одан қалса көшіп қоныстанушы  қазақ-орыстарымен жағаласқан шекаралы өңір тұрғындарының соғыс атаулыдан зарезәп болғаны ақиқат. Алайда тағдыр жазған жазаны көрмеске амал жоқ. Жер беті қарадауыл, алақұйынға оранды.Бұл дүние жүзін дүрліктірген фашистік Германияның лаңы болатын. Шабуыл жасаспау туралы  Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.

1940 жылдың орта кезеңінде – ақ Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау тиіс еді.

«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды.

Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.

Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті. Соғыстың сипатына келетін болсақ - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, барлық қиындыққа қарсы тұра білді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында

   Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Халқымыздың басынан осы жылдары ауыр-ауыр күндер, жанға батар қиындықтар өтті.Қаншама жан төзгісіз қиындықтармен бетпе-бет кездескен көп ұлтты қаһарман халқымыз ең біріншіден өздерінің берік бірліктерін,татулықтарын жоғалтпады.Соғыстың алдында Қазақстанда 602 миллион халық болды,оның 1 миллион 200 мыңы майданға аттанып,500 мыңы қаза тапты.                                                                                                                           

Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.Осы жылы 460 жаңа зауыт-фабрикалар іске қосылып, Қазақстан кен қоймасына айналған болатын. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Шымкенттегі қоғасын зауытында құйылды.38 күнде іске қосылған Жезді кеніші бұрынғы КСРО-да шығарылатын марганецті өндірді. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.                                                                                

Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді.Бірінші 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басында және 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.                                                                                                                  

Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығының жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.   Осылайша, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймаққа айналды

2.2  Майдандағы Қазақстанстандық батырлар

Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықшылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.

Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Партизан қозғалысы да кең өріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандардың барлығы -11600 адам, олардың  497-Қазақстандықтар, ішіндегі   97-қазақтар, ал қазақ қыздары екеу болды.

Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638.

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.

Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды.                                                                                                                                      

Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. Мұның ішінде ел мен жерде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер да, аласапыран майданда қан кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар айтарлықтай болды.   

 1945 жылы Қызыл Армия фашистердін, «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айына дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери ұшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.

2.3  Ұлы Отан соғысындағы менің өлкем

Қолына қару ұстай алатын азаматтың бәрі де майданға аттанды.Жыл сайын Жеңіс мерекесін тойларда сонау қиын-қыстау кезеңде жанын шүберекке түйе жүріп жаумен арпалысқан ардагер  ақсақалдар мен ауылдағы тыл еңбегін арқалаған азаматтар бүгінгі жас ұрпаққа тебіреніп, толғанып сыр шерткенде, естіген көңілде осы айтқанымыздай сезімге толы сыр бейнелері тізбектеледі.

Панфилов ауданның негізі 1929 жылы қаланды.Өткен 60 жыл ішінде оның халық қиындылықты да, жеңістерді де бастан өткерді.Жаркент өңірінің тұрғындары коллективтендіру, индустряландыр у кезеңінде Совет өкіметінің одан әрі нығая түсуі жолында ұдайы табандылық көрсетті.Стахановтың бастамасын Жаркент өңірінің еңбеккерлері де қолдады. Ұлы отан соғысы басталарлдың алдында аудан халқының мәдіни-тұрмысы да жақсы болған.Той думан да жиі-жиі болып, ән мен күй әр үйден үзіліс таппады. Сол қуаныш той бір күнде бұзылып,әке- баладан, бала-әкеден айырылып қалды. Осылайша Жаркен өңірін бір-ақ күнде қайғы мен қасірет бұлты торлады.                                                                                                          

Өз жерін қорғауға майданға тілек білдірушілер саны жүздеп, мыңдап көбейді.Аудандық әскери комиссарианттың алдынан майданға бірінші болып аттанғандардың көбі- коммунистер мен комсомолар және еңбек озаттары болды.Олардың жасттары әркелкі болса да мақсаттары- біреу, жауды жеңу болатын..Тылда қалған егіншілер, малшылар ендігі жерде майданға кеткен еңбектестері үшін де , өзі үшін де, майдан үшін де еселі еңбек етті.Бір күнде бір адам – үш, тіпті одан да көп норма орындады. “Еңбекші” колхозындағы 70 жастағы қарт Сәрсен Тергеусізов 1941 жылы 14 қыркүйекте күндік нормасын 300%-ке орындаған.Және бұндай еңбеккерлердің саны күннен-күнге арта түскен. Бұлар өз еңбекттерінінің бәрін- майданға көмекке берген. Ақ самайлы аналар майдан үшін соңғы асыл заттарын да аямаған.  Соғыс жеңіспен аяқталады.Ауданнан майданға аттанған жауынгерлердің көбі ерлікпен қаза тапты. Бес жылға созылған қанды майданға Жаркент өңінен жалпы он екі мыңнан астам азамат аттанған екен.Бұл- қазіргі Панфилов ауданы деп аталатын, сол кездегі Жаркент және Октябрь аудандарынан майданға аттанғандарды қосып есептегендегі көрсеткіш. Менің ауылымнан Ұлы Отан соғысына қатысқан Қ. Тазабеков, Көшербаев, Тәлімжанов, Я. Данахунов ардагерлерімізді атап өткім келеді.[Қосымша №1] Ал аттанып кеткен азаматтарымыздың жартысы да қайта оралып келмеген.Осының өзінен –ақ сол кездегі арбір отбасын шарпыған қазалы қасіретті айғақтайды.Сол соғыстың күйінішке толы өксігі әлі басыла қоймағаны анық. Себебі майдан даласында опат болып, бір көруге зар болған , оны өлді дей алматын ақ самайлы аналарымыз арамызда әлі жүр.Олардың ұрпақтары да әке құшағының жылуын аңсап, армандап өсті.      

2.4 Менің өлкемдегі Кеңес Одағының Батыры атағын алған  жаужүрек жауынгерлер.Оларға көсетілген құрмет

 Соғыстан соң  Жаркент өңірінде Ұлы Отан соғысында Кеңестер Одағының Батыры Атағын алған  жаужүрек жауынгерлер саны сегізге жетті. Бүгін олардың  есімдерін тізбелесек: Хамит Көбіков, Қожахмет Тышқанбаев, Сулги Лутфуллин, Павел Хмелев, Павел Поросенков, Николай Иванов, Илья Каратаев, Анисим Пащенко майдан даласында асқан ерлікпен көзге түсіп, батыр атанды. [Қосымша №2] Бұлардың ішінде соғыстан аман оралғаны кейіннен ұзақ жылдар адал еңбек еткен.Қазір Жаркент қаласының орталығындағы саябақ ішінде  “ Батырлар аллеясы ” жасалған. Оның бір қатарына жерлес- Кеңес Одағының Батырларына, қарама-қарсы қатарына Еңбек Ерлеріне қойылған ескерткіш мүсіндер бар.[Қосымша №3]  Сонымен қатар осы саябақта Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерімізге арналған ескерткіштер қойылған.[Қосымша №4] Панфилов ауданы бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысқан жауынгерлердің тізімдері жазылған, сонымен қатар жаудың жолын тораудағы көлік танк орналасқан.[Қосымша №5] 

Біз осы “ Батырлар аллеясы ” саябағына саяхат жасай отырып, Ұлы Отан соғысында Кеңестер Одағының Батыры атағын алған  жаужүрек жауынгерлердің өмірбаяндарымен және басқада мәліметтермен таныстық.Сол жауынгерлеріміздің өмірбайянына қысқаша тоқталып өтейін: Соғыс жылдарында  Үшарал ауылында еңбек еткен қазақ батыры-Қ.Тышқанбаев 1916 жылы Талдықоған облысы Көктал ауылында дүниеге келеген.Ол соғыс басталысымен әскер қатарына алынып, 1942 жылдан майданда танкіге қарсы оқ ататын зеңбіректің көздеушісі болған.1943 жылы Керчте жау танкілерін өзіне өте жақын қашықтыққа дейін келтірген жаужүрек жауынгер бірден бес неміс танкісін қиратып, өзі де осы шауыл кезінде қаза болады.1944 жылы 16 мамырда оған Кеңестер Одағының Батыры атағы беріледі. Үшарал ауылында  Қожахмет Тышқанбаевқа арналған ескерткіш қойылған.                                                                                                              

Ал Көбіков Хамит Қожабергенұлы 1916 жылы 9 мамырда Сарыбел ауылында дүниеге келген.Педагогокалық училищені бітірген соң Бақұншы ауылында ұстаз болған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы,қатардағы жауынгер,зеңбірек клмандирі. Ол 1945 жылы Батыс Германиядағы Одер өзенінен бірінші болып өткен.Осы кезде Көбіков жаудың 3 танкісін,30-ға жуық әскері мен офицерін жойып, 4 бронды машинасын істен шығарған.Неміс қаласы Оппельге шабуыл жасаған кезде немістің Тигр атты екі танкін, 35 солдаты мен офицерін жойғаны үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілген.Сондай-ақ ол 2-дәрежелі Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.  Соғыс аяқталғаннан кейін елге оралып, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін бітірді.Талдықорған облысы партия комитетінің нұсқаушысы, Қазақ мемлекеттік филармониясы директорының орынбасары, Алматы нан сауда басқармасының бастығы, Тянь-Шань гастрономының директоры қызметін атқарған.                                                                                                                      

Илья Каратаев Васильевич 1922 жылы 5 тамызда Басқұншы ауылында дүниеге келіп , 1941 жылы әскерге шақырылған.Соғыс кезінде гвардия аға лейтенанты, звод командирі болды.Ол 3-Витебек гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында ұрыстарға қатысты.Жаудың 14 танкісін қиратып,3 машинасын өртеп, өзі де шайқастан ерлікпен қаза тапқан. Осы ерлігі үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Николай Иванов Семенович 1924 жылы дүниеге келген. 1941 жылы әскерге шақырылған.Познань қамалына шабуыл кезінде пулеиетші Иванов ерекше ерлігімен көзге түскен.Сол үшін 1945 жылғы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Ленин орденімен, медельдармен марапатталды.1972 жылы 4 ақпанда қайтыс болған.Ленин орденімен, меделдармен марапатталған.                                                                                                                

Анисим Пащенко Павлович 1913 жылы Лесновка ауылында  кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. 1942 жылы әскерге шақырылып,майданға аттанды. 1944 жылы 1 тамызда Пащенко өзінің әскерлерімен батыстағы Висла жағасын қоғап, дивизияны арғы бетке өткізді. Осы ерлігі үшін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.1945 жылы 19 сәуірде қаза болған. Ленин,2- дәрежелі Отан соғысы,Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.Батырдың құрметіне Лесновка ауылында оның мүсіні қойылып,Жаркент қаласында ескерткіш тақта орнатылғын және бір көшеге есімі берілген.                                                                                             

Павел Васильевич Хмелев 1923 жылы Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.1943 жылы 15 ақпанда Бердичевский жолындағы көпірде Житомир қаласына бара жатқан жаудың жолын бөгеп, 4 танкісі мен 1 бромемашинасын қиратып, өзі де ерлікпен қаза тапқан. Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылғы 3 маусымда берілді.Ленин,Қызыл Ту,1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталды.Көктал ауылында Хмелев атында көше бар және меморикалдық тақта орнатылған. Лутфуллин Сулги 1923 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген.1942 жылы әскерге шағырылды.1943 жылдың жызында Тамаровка ауылын қоғаған кезде аға жержант шеніндегі Лутфуллин 76 мм гаубицамен 14 неміс танкісін жойған.Осы ерлігі үшін 1945 жылы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Павел Поросенков 1912 жылы 25 қыркүйекте Чупровка ауылында дүниеге келген.Фин соғысында Печер монастырының жанындағы шайқаста командирі қаза тапқан соң дереу ротаны басқаруды өз қолына алып, көмек келгенше 25-30 адамымен бекіністі ерлікпен қоғаған.Осы ерлігі үшін 1940 жылғы 8 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 1976 жылы 3 қыңтарда қайтыс болған.                                                                                                                

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлеріміздің  ерліктерін дәріптеу мақсатында Жаркент қаласында  Даңқ мұражайы орналасқан. Мұражайда Ұлы Отан соғысының батырларына арналған жеке бөлме жасалған.Осы мұражайда батырлар пайдаланған заттары,яғни, қарулары,киімдері, жауға қарсы атылған оқтардың қалдықтары, майдандағы қасиетті топырақтары тарихтан сыр шертіп тұр. [Қосымша №6; №7]   Аудан халқы соғыс жылдарындағы естеліктермен толық танысуға мүмкіндік алады.

ІІІ. Қорытынды.

1941-1945 жылдардадағы неміс фашистеріне қарсы соғыс Кеңес халқына өлшеусіз қайғы-қасірет әкелді.Миллиондаған адам қанды майданда қаза тапты.Хабарсыз кеткендерде жетерлік. Соғыс жылдарында қартайған қарттар да, қабырғасы қатаймаған  жас балалардың да кешкен күні тыныш болмады.Кеудесінде жаны бар барлық адам “Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін” деп қолынан келгенінің бәрін аямады.                                   

Ақыры елдің етегін жасқа толтырған сұм соғыс та жеңіспен аяқталды. 1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды.1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.Осы қанды майданда қаншама азаматтарымыз қыршынынан қиылды.Олардың мақсаттары,тілектері бір болатын.Ол тек туған еліне жеңіс туын сыйлау еді. Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген, Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалған,өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалған - Кеңес халқы.Ал  Кеңестер Одағының негізгі құрамдас бөлігі -  қазақтар.Жерлестеріміз үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.Біздің ауданымыздың өзінде мыңдаған жауынгерлер ерлік көрсеткен.

Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады Біздің қазіргі тыныш заманда,тәуелсіз ғұмыр кешіп жатқанымыз майданда ерлік танытқан ата-бабаларымыздың арқасы. Олардың есімдері тарих беттерінде алтын әріптермен өшпестей болып жазылған.

Қазіргі таңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткізгелі өтырмыз.Бұл мейрамды соғыста ерлік көрсеткен ардагерлермен бірге бүкіл халық асыға күтеді. Ұлы Жеңістің тойы – өлімді жеңген өмірдің салтанаты.Жеңіс мерекесі-әрбір бесінші азаматын соғысқа аттандырған бүкіл Қазақстандықтардың мерекесі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. “Жерұйық өлке”  Ермұхамет Омаров. Алматы Жалын баспасы-2003

2. “Жаркенттің жайсаңдары”  Садық Жұмабаев. Алматы -1991

3.. “Біздің ауданымыздың мақтанышы” Әдістемелік құрал. Жаркент-2015

4. “ Жазиралы Жаркент ” Құрастырушы Нүраділ Бегімбет.Алматы; «Арыс» баспасы, 2013 жыл.

5. “Қазақстан тарихы” 4-том

 

Тақырыбы

Қатысушының фамилиясы, аты, әкесінің аты

Сыныбы, білім мекемесі, өңірі,елі

Номинация нөмірі №

Тобы

Жетекші

Электронды адресі (сертификаттар жіберу үшін)

 

БАТЫРЛАРҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ,ТАРИХҚА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ!

 

 

 

 

Нуртилеу

 Айзада

Жұмабайқызы

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы; Кішішыған ауылы.  «Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

10 А класс оқушысы

 

3

ересек

Алаева Аида Абдуллаевна, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы; Кішішыған ауылы.  «Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

География пәнінің оқытушысы

 

 

aida.alaeva@list.ru

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Қосымша №6

Қ  Қосымша № 7

                                            


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама