Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жер асты құдық суларының химиялық сапалық құрамы

Қазақстан Республикасы Алматы облысы

Панфилов ауданы Кішішыған ауылы

«Кіші шыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

10 «А» сынып оқушысы: Нуртилеу Айзада Жұмабайқызы

Жетекшісі: Тишибаева Гүлжаухар Сағитқызы 

 

Мазмұны

 

І. Кіріспе

 

1.1 Табиғаттың баға жетпес қазынасының  бірі - су____________2

ІІ. Негізгі бөлім

2.1  Су тіршілік көзі.______________________________________4

2.2  Cулардың биологиялық маңызы._______________________ 8

2.3  Жер асты суларының таралуы._________________________8 - 10

2.4  Ауыл тұрғындарының суды тұтынуы. ___________________10-11

2.5 Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар._______________11-12   

2.6  Кіші Шыған ауылындағы жер асты құдық суларының сапасы.          12-13        

ІІІ. Қорытынды.

3.1 Кіші Шыған ауылындағы ауыз суын пайдалану. __________________13

 

Кіріспе

  1. Табиғаттың баға жетпес қазынасының  бірі- су

Кіші Шыған ауылындағы жер асты құдық суларыныңхимиялық сапалық құрамы анықтап,адам ағазасына зияны бар, жоқ екенін дәлелдеу. Адам денсаулығына әсер ететін суды қорғау, және ластанудан сақтауды, сөз жүзінде айтып қоймай іс жүзінде асыру.

Байлық көзі денсаулық кепілі екендігін дәлелдей отырып, ауыл су экологиясы, судың биологиялық маңызы, суды қорғау шаралары, су көздері, жер асты суресурстары экологиясын, түгелдей қамтылуы туралы зерттеу.

Қазіргі кездегі адам баласын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі,ауыз суынқорғау өткір түрде алға қойылып отыр. Су тіршілік үшін бағалы қор, байлық көзі, сұлулық сазы, денсаулық кепілі екендігінхалыққа жеткізу. Ауыз суменауыл тұрғындарын сапалы түрде қамтамасыз ету жолдарын анықтау.

Таза ауыз суымен халықты қамтамасыз ету әлемдік проблема болып отыр.Қоршаған ортаның ластануыбүгінгі таңда тірі организмге зиян тигізетінін өмір көрсетіп отыр. Менің негізгі міндетім ауылымыздағы судың сандық және сапалық құрамын анықтау.

Жер асты суларын пайдалана отырып, құдық суларын ауыз суы үшін пайдалану және оның құрамын, сапасын анықтау.

Зерттеудің негізгі әдістері:

  1.  

ә) Таза су мен құдық суының құрамын салыстыру.

в) Зертханалық жұмыстар бойынша әр түрлі аспаптармен және химиялық реактивтер арқылы зерттеу жүргізу.

Су туралы ата-бабаларымыз өте ертеден-ақ құнды пікірлер айтқан. Су қазақ халқы үшін философиялық ой түюдің негізі болды. Әлемдегі түрлі жүріп жатқан құбылыстарды су арқылы не сумен салыстыра қабылдады.

«Аққан суда тоқтау жоқ, тіршілікте талас жоқ» деген нақыл сөзде әлемдік шексіз дүниенің мәнгілік екенін, олар тоқтаусыз үнемі қозғалыста болатынын ағын сумен салыстырады. Табиғаттың баға жетпес ең қымбат қазынасының бірі – су. Су – өмір көзі, жер нәрі, тіршілік көзі. Сусыз ешбір организм өмір сүре алмайды. Өйткені барлық тіршілік көзі оранизмдегі суға байланысты. Су – тіршіліктің тірегі. Сусыз тіршілік болмайды. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады.

Таза су – иіссіз,түссіз,дәмі жоқ сұйықтық. Судың химиялық формуласы -Н2О

II Негізгі бөлім

2.1 Су тіршілік көзі

Су жердің геологиялық тарихында, тіршіліктің пайда болуында, ғаламшарда климаттың қалыптасуында аса маңызды рөл атқарады. Су – іс жүзінде барлық технологиялық үрдістердің міндетті компоненті. Судың ең басты функциясы  тіршілікті қамтамасыз ету деуге болады.

Тірі организм жасушасының 80 % - ы судан тұрады. Су – табиғаттың ажары, байлығы. Ата бабаларымыз есінен танып қалған адамды су бүркіп, есін жидырып отырған.  Егер организмге су жетпесе, дене құрғап, көз алайып, ерні кезеріп, тіл тобарысып, тіршілігін жоғалта бастайды.

Тіршіліктегі маңызды нәрселердің бірі су екеніне көз жеткізген халқымыз өмір болмысында «Су да болса сыйласып іш», «Судың да сұрауы бар» деп суға қатысты мәселелерді өмірдегі тіршілікпен байланыстырып, қарым - қатынас жүйесінде «Су – өмір нәрі» екенін айтып, табиғат алдында міндет жүктейді.

Су – қасиетті зат. Ол қасиетін халқымыз ертеден білген, өйткені сумен жуынғанда адам денесінде және жан дүниесінде мынадай он түрлі қасиет пайда болады деп есептеген.

1. Ақыл – ойы анықталады. 

2. Адам бетіне жас өң береді. 

3. Сергектік.

4. Денсаулық.

5. Күш.

6. Сұлулық.

7. Жасару құбылысы.

8. Тазалық. 

9. Адам терісі жұмсарып, әрленеді.

10. Сұлу әйелдер көңіл аударады. Осыдан барып «Судай  сұлуға жолық» деген алғысты қанатты сөз шыққан.

Судың құдіретін, қасиетін, адамзат баласы өте ертеден – ақ біліп, оған табынғанын мына қызықты материалдан байқаймыз: ертедегі  қытай медицинасы басты ұстанымға негізделген, ол – Ян және Ин. Ян жылылықтың белгісі болса, Ин – ылғалдылықтың, суықтықтың белгісі. Адам организмінде Ян (жылылық)  Иннен (ылғалдылық) басым болса, денсаулық пайда болады.

2.2 Судың биологиялық маңызы

Ертедегі грек философиясының негізін салушылардың бірі Милеттен шыққан Фалес (VIII – VI. Б.ғ.д.) «Су – мәңгі қозғалыстағы барлық дүниенің түп  негізі» деген.

Жер бетінің 2/3 бөлігін және адам денесінің 2/3 бөлігін су алып жатыр.

Жер бетіндегі өсімдік, жануар ағаш даму кезеңінде суда тіршілік етіп, кейін құрлыққа бейімделген. Су – табиғаттың керемет туындысы. Судың жер бетінде таралуы біркелкі емес. Қазақстанның өзінде Бетбақдала, Қарақұм, Қызылқұм тәрізді сусыз аймақтар болғанымен, солардың өзіне тән тіршілік болмысы бар. Кейбір елдер суды көрші елдерден тасып тіршілік етеді. Гонконг елі суды қытайдан алады. Алжир елі  тасымал суды пайдаланады. Су Греция, Югославия елдерінде де жетіспейді. Қазақстанда да су жетіспейтін аймақтар бар. Атырау, Ақтау аймағының көп елді мекендерінде су тасымалданады.

Қазақстан жерінің басым бөлігінде өзен – көлер,  сулар жеткілікті. 85 мыңдай көл, 47 мыңдай үлкенді – кішілі өзендер бар

Қазақстанның шығысы,  оңтүстік – шығысы,  оңтүстіктегі  өзен – суларға бай болып келеді. Орталық, Батыс Қазақстан өңірінде су тапшылығы түп берген.

Адам мүшесінің көпшілігі судан тұрады. Қанның  - 90 %, бұлшықеттің -  75%  судан тұрады, сүйектің өзінде 28 % су бар. Организм үнемі сумен жаңаланып, толықтырылып тұрады. Тасбақа организмі жылда, түйе организмі  3 айда, адам организмі 1 айда жаңаланады. Адам сусыз 3 күн, тамақсыз 1 ай тіршілік ете алады. Осы мәліметтен – ақ адам өмірінде судың маңызы күшті екенін көрсетеміз.

Жасушадағы химиялық қосылғыштардың ішінде су бірінші орын алады. Жасуша салмағының  75% - ға жуығы судан тұрады. Су – тіршіліктің көзі, әсіресе жасушадағы зат айналым әрекеттерін жетілдіруге маңызды рөль атқарады, оны мына қасиеттерінен көруге болады. Мысалы:

1. Су өзара (когезия) және басқа заттармен (адгезия) қосылуға икемді келеді.

2. Су – еріткіш. Басқа сұйықтықтармен салыстырғанда заттар суда жақсы ериді.

3. Судың жылу өткізгіштік қасиеті жоғары болады. Тірі организмде жүріп жатқан химиялық реакциялардың нәтижесінде бөлінетін жылудың белгілі бір мөлшері денедегі су арқылы біркелкі таралып және сыртқы ортаға шығарылып отырады.

4. Судың қайнау температурасы жоғары болғандықтан, жер бетіндегі судың қайнап кетуі және сутектік байланыстың үзілуі өте сирек кездеседі, ал мұның өзі тірі организмдердің тіршілігінде судың биологиялық маңызы зор.

Адам организміне келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар ( нәруыз, майлар, минералды тұздар, дәрумендер және т.б) үшін су – негізгі еріткіш. Тіршіліктің негізін құрайтын зат алмасу үрдісі сулы ортада өтеді. Адам денесінің 60% -ға жуығы судан тұратыны соның дәлелі. Су организмінің жасушасынан өңделген зат алмасу өнімдерін жуып, бүйрек арқылы зәрмен бірге сыртқа шығарады. Күн сайын ересек адам 3 литрден астам су ішеді.

Барлық қабылдаған су алмасу үрдісіне қатыса отырып, адам организміне бүйрек, өкпе және тері арқылы бөлініп отырады.

Сыртқы ортаның қалыпты жағдайында лені сау ересек адам зәрі арқылы тәулігіне 1 – 1,5 л суды,  өкпесі арқылы тыныс алғанда бу түрінде 0,5 литрге дейін суды бөліп шығарады. Мысалы, бөлме температурасы жағдайында орташа жұмыс істейтін адам тәулігіне 8-10 литрдей су жоғалтады.

Адам  судың жетіспеуін көтере алмайды. Егер ол 1 – 1,5 литр суды жоғалтса, шөлдейді, әлсірейді, жағдайы нашарлайды, яғни организмнің физиологиялық үрдісі бұзылады. Қоршаған ортаның  температурасы жоғары болса, оганизм қызып кетіп, жылу немесе күн тиіп ауырады.

Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады. Тазалығы жөнінен су мөлдір, иісі, дәмі жоқ болып, ең бастысы, құрамында организм үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың, темірдің, күкірттің, марганецтің,  мыстың, мырыштың және  басқа да химиялық заттардың қоспалары бар. Олардың суда еріген күйін  белгілі иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, лайлылығы арқылы анықтауға болады. Көп жағдайда судың осы қасиеттері бойынша оның санитарлық тазалығы жөнінде қорытынды беріледі. Су көздерін зерттеген кезде эндемикалық (сол аймаққа тән) бөтеке ауруларының жиілігі мен судағы йодтың арасындағы тәуелділік анықталады.

Тәулігіне адам организміне қажет 100-200 микрограмм йод, көбінесе, жануар және өсімдік өнімдерін тамаққа пайдаланғанда және аздаған мөлшерде йод түрінде түседі. Сол себепті судың құрамындағы йод адамда эндемикалық бөтеке ауруын пайда болуын анықтауда үлкен рөл атқаратынын ғалымдардың зерттеулері көрсетеді.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойнша Қазақстанның оңтүстік өзендері мен Алтайдың суларындағы йодтың  концентрациясы 9,34 мг/литрге дейін жетеді.

Қазақстандағы Бұқтырма өзінінде йодтың ғана емес кобальттың, никельдің және молибденнің азайып кеткені анықталды.

Ішетін судың құрамында фтордың мөлшері шамадан көп аудандарда тұрғындардың арасында флюороз ( тіс кіреукесінің дақтары) аурулары жиі кездеседі, ғылыми зерттеулердің  көрсетулері бойынша судағы фтордың мөлшері 1,5 мг/л болса, флюороз ауруымен ауыратын адам сирек кездеседі.

Сондай – ақ судағы фтор  мөлшерінің төмендеуі тұрғындардың арасында тіс жегісі (кариес) ауру туғызатынын  көрсетеді. Мысалы, Зыряновск қаласының жер асты суларындағы фтордың мөлшері 0,22 – 1,4 мг/л, тіс жегісімен оқушылардың 52,8 % -ы ауырады. Қостанай қаласының ішетін суларында 0,4 мг/л фтор бар, оқушылардың 72 % - ы тіс жегісімен ауырады.

Ашық су қоймаларынан келетін су құбырларындағы суда фтор өте аз мөлшерде, яғни 0,17 мг/л дейін болады да, тіс жегісі ауруымен тұрғындардың 65 - 75% - ы ауырады.

Ішетін суда және азық -  түлікте кадмий мен марганецтіңболуы қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Сонымен қатар осы аурудың пайда  болуына ішетін судың кермектігі (15-25,0 мг/л –экв/л) үлкен себебін тигізеді.

 

2.3 Жер асты суларының таралуы                                     

Жер асты сулары –Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының  арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар.Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары,утас пен доломиттердің қарысты қуыстары бойынша жылжып отырады.Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді,ал минералдығы бойынша –ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді.Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.[Қосымша №1]

    Жер асты сулары деп жер қыртысында кезігетін барлық физикалық күйдегі суларды атаймыз.Қоректену көздері белгілі болған жағдайда жер қыртысындағы  су көздері негізінен алаптық геологиялық құрлысымен анықталады.Жер қыртысында су өткізетін және су өткізбейтін қабаттардың кезектесіп келіп отыруы әдетте,су өткізбейтін қабаттың үстіне орналасқан су өткізетін топырақ қабаттрында бос сұйық сулардың жиналуына жағдай жасайды.

 Жер қыртысындағы  барлық қуыстарында су толық жиналатын топырақ-жер қабатын сулы қабат,ал оның астына орналасқан су өткізбейтін қабат –сутірегіш деп аталады.

 Егер сулы қабатты бұрғылау жолмен немесе құдық қазу арқылы ашқан,ондағы судың деңгейі өзгеріссіз қалса,онда жер асты суларын тегеурінсіз,ал деңгейді- жер асты суларының деңгейі дейді.

Жер қыртысындағы асты-үстін бірдей өткізбейтін қабат алып жатқан сулы қабатты ашқанда,скаважинадағы судың деңгейі үстіңгі су өткізбейтін қабаттан орнығуы мүмкін еді.Бұл жағдайда сулы қабаттағы сулар гидростатикалық тегеуріннің әсерінде болады,ал сулы қабат тегеурінді сулы қабат деп аталады.

   Орналасу сипатына,режиміне,қалыптасу жағдайына,қозғалуына және жер үсті суларымен өзара байланысының сипатына қарай жер асты сулары тегеурінді және тегеурінсіз деп атайды.

   Тегеурінсіз жер асты суларына топырақ,топырақ-жер және қыртысындағы сулар жатады.

    Топырақ суларының өзінен төмен орналасқан жер қыртысында сулармен гидравикалық байланысы болмайды.

    Топырақ-жер сулары деп су өткізбейтін қабаты жер қыртысында орналасқан,ал деңгейі тұрақты немесе тұрақсыз түрде топырақ қабатында болатын жер асты суларын атаймыз.

    Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса,арнайы ұңғылар орнату арқылы  жерасты сулары да пайдаланылады.Біздің елімізде де шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі.Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан,Пәкістан,АҚШ,Австралия,Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде,сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып,бау-бақша өскен,мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған.Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ,жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.

Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет,бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер.Дегенмен,оның бір ерекшелігі жерасты суларына  бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып зерттелінген 633 ер асты су қоры бар,олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр.

  Бұл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.

 Осындай табиғи байлықтың иесі болған еліміздің алдында,оны үлкен жауап- кершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр.Өткені,республиканың Солтүстік,Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар.Сөйте тұрса да,зерттеліп,дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығы- ның қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе,кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр.Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін  зерттеліп пайдаланылған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді,кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзіміне (25-30жыл) таяп қалып отыр.Бұл деген жер асты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап,бекіту керек деген сөз.

 Республикамызда тау-кен өндірістері мен шикі зат өңдеу саласының дамуына  байланысты қоршаған табиғи ортаға зиянды салмақ өсе түсуде, оның ішінде жер асты суларының сапасына нақтылы қауіп келе бастады.                                  Ақтөбе-Алға,Павлодар, Екібастұз,Қарағанды, Теміртау, Жамбыл, Қаратау,Өскемен, Лениногор, Зряновск сияқты үлкен аймақтық-өндірістік кешендердің маңында табиғатқа зиянды ошақтар орын тепті.Республикамызда 710-ға жуық қатерлі ошақтар барлығы анықталса,олардың басым көпшілігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.70 елді мекендердің су мұқтаждығына пайдаланылатын 113 жерасты су көзінің,41 су қабылдағышының тазалығына қауіп,төнгендігі байқалуда.Қазіргі уақыта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қауіпі болса да,тұтынушыға жеткен  судың сапасы мемлекеттік стандартқа сай болуы керек.

2.4 Ауыл тұрғындарының суды тұтынуы.

         Кіші Шыған ауылының тұрғындары суды орталық водакачка арқылы тұтынады. Водакачка  Кіші Шыған орта мектебінің батыс бөлігінде орналасқан. Айналасы қоршалған, үнемі тазалық жүргізіліп тұрады гигиеналық талапқа сай, алдыңғы жағында санитарлық қорғау аймағы бөгде адамдарға кіруге болмайды деп жпзылған. Біз үнемі мектеп оқушылары айналасын тазалап, тазалық жүргізіп, айналасына күл – қоқыс төгілмеуін қадағалап отырамыз. Көшеде орналасқан калонкалардың жан жағы таза, аққан суы арыққа қосылады. Үнемі арық тазалығын, арыққа лас су, кірдің суын, жуындыны тігуге болмайтынын калонканың жан – жағын таза ұстау керек екендігін «Дүйсенбілік оқушылар жиналысында» хабарлап отырамыз өйткені су алатын жер лас болса шыбын шіркей қаптап әр – түрлі аурулар таралуына себепші болады.

Жеріміздегі су құбыры

Кіші Шыған ауылы жаңа мәлі және көне мәлі болып екіге бөлінеді. Жер асты суы шығыс бөлігінде орналасқан ауыл тұрғындары суды калонкадан алады. Су ертеңгі сағат 900 – ден түскі сағат 1300 – ге дейін, кешкі сағат 1800 – ден 2100 – ге дейін шығады. [Қосымша №2,3]

Батыс бөлігінде орналасқан көне мәліде калонкадан су 1300 – ден сағат 2100 – ге дейін шығады. Көне мәліде әр жанұя өзі жерден 24 – метр тереңдікте шығатын құдық қаздырып соны пайдаланады құдық суы әр түрлі тереңдікте шығады 21 – 34 метр арасында. Көне мәліде 7 – калонка бар. Кіші Шығанның оңтүстік бөлігінде, Жібек жолы даңғылының төменгі бөлігінде 1 – құдық бар 34 метр тереңдіктен алынған. Бестерек көшесінде калонка жоқ себебі жоғары орналасқандықтан ол жатқан су шықпайды, көше тұрғындары суды Жібек жолы даңғылының жоғарғы бөлігіндегі калонкалардан алады. Бестерек тұрғындары үшін ауыз су тасымал болғандықтан су тапшылығын көріп отыр. Күніне пайдаланатын су мөлшері жеткіліксіз.

СЭС -тің  тексерген көрсеткіші бойынша , жағымсыз иісі жоқ, кальций, магний тұздарының мөлшері орташа, сондай – ақ организмге зиянды химиялық заттар мен ауру тудыратын микроптары жоқ ішуге жарамды деп табылған

2.5 Ауыз суға қойылатын гигиеналық талаптар

Адам денсаулығына орасан зор ықпал ететін сыртқы орта факторлары ішінде судың ерекше маңызы зор. Өйткені су біріншіден, адам баласына физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан өте қажет болса, тазалығы дұрыс сақталмаған жағдайда ол ауру туғызатын зиянды затқа айналуы мүмкін.

Сапалы суда шамамен 6 – 12 градустай температурадағы қоңыр салқын, жағымсыз иісі жоқ, кальций, магний тұздарының мөлшері орташа, сондай – ақ организмге зиянды химиялық заттар мен ауру тудыратын микроптары жоқ суды айтады.

         Су құрамында аммиак, азот, хлор тұздарының көп болуы оның мал және адам зәрі мен қиы арқылы ластанғанын білдіреді. Мұнай суды пайдаланған жағдайда адамдар іш сүзеді, холера, дизентерия және ішек құрты сияқты ауруларға шалдығады лас су арқылы боткин ауруы, су қызбасы, түйнеме, жамандат және т.б. аурула таралуы мүмкін. Судың әр түрлі арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттармен ластануда адам үшін аса қауіпті. Улы химикаттар суға жаңбыр арқылы немесе оларды тікелей су маңында қолданудан түседі. Сондықтан да ауыл тұрғындарын сумен қамтамасыз ету және оның тазалығын қорғау аса маңызды болып табылады. Елді мекенді салу кезінде халықтың мұқтажын өтеуге жеткілікті таза және сонымен бірге өндіріс пен шаруашылық қажетіне керекті су көздері болуы керек. .[Қосымша №4]

Cу құбыры жоқ жерлерде суға мұқтаждық бір адамға тәулігіне орта есеппен 20 – 30 литер деп есептелінеді. Ауыл тұрғындарының сүйіп пайдаланылатын жер асты суларының бірі бұлақ суы.

Олар жер астынан терең қабатынан шығатындықтан жыл бойына бір қалыпты ағатын нағыз таза сулардың қатарына жатады.

2.6 Кіші Шыған ауылындағы жер асты құдық суларының сапасы.

Ауыл тұрғындары ауыз су тасымал болғандықтан , су тапшылығын көріп отыр .Осы мәселені шешу мақсатында ауыл тұрғындары жерге құбыр қағу немесе бұрғылау арқылы 20-35 м арасында жер асты суларын пайдаланып отыр.Осы ауылдағы жер асты құдық суының биологиялық, химиялық құрамын зерттеу мақсатында санпедимстанцияға барып зерттеу жүргіздік Әр химиялық көрсеткіштердің өзінің реактивтері және госстандарты болады.Судың қышқылдығын  рН-метрдің көмегіменанықтадық. Химиялық құрамын КФКаспабының көмегімен анықталды.Хлоридтердітетрометриялық  әдіспен  зерттелді .Кермектігітетрометриялық әдіспен зерттелді.Судың хлорид мөлшерін мына әдіспен анықтадық. 100мл суға К2СrО4 – нің 5% 1 мл құямыз сары түске боялады. 1 мл AgNO3қосып сәбіз түстес түске боялғанға дейін титрлейді. [Қосымша №5,6]

                                              Құрғақ қалдығын  мына формуламен анықтаймыз.X =( m-m1 ) * 1000мг

                                                                                     V

m – ыдыстағы құрғақтың массасы  m 1– таза ыдыстың массасы

V –судың көлемі   [Қосымша №7]

Қорытынды

Ауыл тұрғындарының негізгі еңбек көзі мал шаруашылығы және егін шаруашылығы . Су тапшы жерде егін өспейді ,мал көбеймейді. Егіннің бітік шығып ,қамбаның дәнге толуына судың септігі көптен-көп.Ауыз су адамның қажеттілігін өтейтін негізгі шикізат көзі. Ата-бабамыз  Отын- олжа ,су-қорлық деп судың адам өміріндегі ,оның маңыздылығы туралы айтып кеткен .Ата-баба көзі көріп ,айтып,жазып кеткен кешегі ертегіге ,аңыз әдебиетке  қосып жүрген немесе ата – әжелеріміздің аузынан естіген табиғат байлығын таза ауа, сылдырлап аққан мөлдір бұлағы бұл күнде мүшкіл халде екенін баспа беттерінен оқып, көгілдір экраннан көріп жүрміз.

2012 жылғы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің  халқына жолауында ауыз су мәселесіне ерекше тоқталды

Халықтың ә леуметтік жағдайына, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдап, елімізде елеулі қоры бар жер асты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озат технологияларын енгізу қажет екендігін баяндады.

Зерттеу қорытындысы бойынша Кіші Шыған ауылының  жер асты құдық суларының биологиялық  ,химиялық қасиеттерін зерттеп , судың  ішуге жарамдығы анықталды.

ҰСЫНЫС

Су құбырынан келетін су белгілі бір уақыт аралығында ғана ағады және оны тасымалдау көбінде қиындықтар туғызып жатады. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін, ауыл көшелеріне жиі су құбырлары орнатылса және оның ұдайы ағуы қадағаланса.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қазақстан халқына  арналған Жолдаулары
  2. Бірімжанов Б. А. Жалпы химия – Алматы, 2002 ж (3-4бет )
  3. Бейсеева Г.Б. Бейсенова Ә.С.  Адам экологиясы – Алматы, 2001 ж  (26 бет)
  4. Химия мектепте журналы 2004ж (12-14бет)
  5. Жетісу газеті  № 7   2012ж

[Қосымша №1]               

                      

[Қосымша №2]

Көше атауы

Саны

Тышқанбаев көшесінде

2

Бақтаев көшесінде

5

Бегімбетов көшесінде

1

 

[Қосымша №3]

  [Қосымша №4]                                                   

Тұрғылықты жердің сипаты

Бір адамның суды пайдалану мөлшері

Тәулігіне орташа есеппен

Ең  көп пайдаланғанда

Үйде канализация және су құбыры мен ваннасы бар болған жағдайда

25-120 л.

100-140 л.

Су құбыры болғанмен ваннасы болмаса

50-90 л

65-110 л.

Суды көшедегі су құбырынан алғанда

 

40 – 60л.

                                       

[Қосымша №5]

Коммуналдық гигиена 1 литр суда.

р/с

 

ингридиенттер

Нормалары

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

Иісі – 0 градус

Иісі – 60 градус

Дәмі 

Түсі

Лайлығы

рН

Аммиак

Нитриттер

Хлоридтер

Нитраттар

Сульфаттар

Фтор

Тотығуы

Кермектігі

Құрғақ қалдығы

Қалдық хлоры

2 балдан көп емес

2 балдан көп емес

2 балдан көп емес

20 г. көп емес

2 – ден көп емес

6- 9

2 – ден көп емес

3,3 – тен көп емес

350 – ден көп емес

45 – тен көп емес

500 – ден көп емес

0,7 – ден 1,5 – тен көп емес

2 – ден көп емес

7 – 10 – нан көп емес

1000 – 1500 көп емес

0,3 – 0,5 көп емес

 

Кіші Шыған ауылындағы жер асты құдық суының

Санитарлық – эпидемиологиялық сараптама қорытындысы

р/с

Көрсеткіштердің атауы

Анықталған қанықтық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Иісі

Дәмі

Түстілігі  

Лайлылығы

рН

Тотығуы

Аммиак ,азот

Нитриттер

Нитраттар

Кермектігі

Құрғақ қалдық

Хлоридтер

Сульфаттар

Металдар иондары

Фтор

0

0

0

0

6,69

0,08

жоқ

жоқ

19,49

6,8

0,525

15,0

60,0

Жоқ

0,25

 

[Қосымша №6]

Жер асты суын пайдаланудағы құдықтар

 

[Қосымша №7]

 

Судың химиялық құрамын анықтайтын реактивтер


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама