Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Бүрмелі жастықша тігу
Сабақтың тақырыбы: «Бүрмелі жастықша тігу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қол тігіс жұмыстары арқылы жастықша тігуге түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың ісмерлігін, шеберлігін және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: жұмыс барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдемілікке, шыдамдылыққа үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс.
Сабақтың әдісі: теориялық, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Құрал - жабдықтар: мата, ине - жіп, қайшы, сызғыш, сабын, нұсқау карта, тігін машинасы.
Көрнекілігі: дайын жастықша түрлері, суреттер.
Пәнаралық байланыс: математика, сызу, тарих.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

II. Өткен тақырыпты қайталау.
А) Графикалық диктант.
Ә) Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

III. Жаңа сабақ.
А) Мағынаны тану.
Ә) Нұсқау картамен жұмыс.
Б) Сарамандық жұмыс.
В) Бағалау парағы.
Г) Математикалық ойын.
№1 - 2 сабақ. Біздің сабағымызда әсемдік бұйым, сәндік үшін жасалынатын жастық түрін тіккелі отырмыз. Жастықшамыз сәнді
де, әдемі болу үшін бүрмелі әдісімен тігеміз. Ал түсін қалағанымызша таңдап алуымызға болады. Мысалы, үйіміздегі жиһаз түсімен немесе диван жабқыштарының түсімен сәйкестендіріп, жастықша тіксек көздеген мақсатымызға жетеміз. Сонымен ұзындығы 2 метр, ені 160см, түгі бар мата түрін алсақ, одан жұбымен 60Х60 см екі жастықша шығаруымызға болады.

Теориялық мәлімет. Матамен жұмыс:
Нұсқау картамызға қарап, матаны 80Х80 см, яғни төртбұрышты етіп қырқып аламыз да, матаның теріс бетінен сызықтар сызамыз. Матаның шеттерінен 4см етіп қалдырамыз, сосын торкөздер сызамыз. Торкөздер сызылған жерінен бұрыш-бұрышына қос нүктелермен белгі қоямыз.

Нұсқау картамен жұмыс:
Жастықшаны бастау үшін, біз нұсқау карта дайындап аламыз. Нұсқау картасын түгел қағаз бетіне түсіріп алған соң, матаға түсіруде жаңылыспаймыз.
Жастықша тігу технологиясының нұсқау картасы:

Сарамандық жұмыс:
Қос нүктелерді біріктіріп тігу.
№3 - 4 сабақтар. Белгі қойылған жерінен қос нүктені қол тігісімен тігуді бастаймыз. Бірінші қатарды бірдей тігіп шығамыз, ал екінші қатарды да солай нұсқау картада берілгендей қол тігіс арқылы
жалғастырып отырамыз. Қос нүктені қосып тіккенді (жібіміз босап кетпеу үшін) жіптерді көрінбейтіндей етіп қысып тігеміз. Сонда да жіпті матаның түсімен сәйкестендіріп алғанымыз дұрыс.

Бекіту сұрақтары:
1. Жастықшамызды қандай әдісіпен тігеміз?
2. Бүрмелі тігу үшін матаның қай бетінен сызықтар түсіреміз?
3. Матаның шеттерін неше см етіп қалдырамыз?

Үйге тапсырма: Жастықша тігуді жалғастыру.
Жастықшамызды тігуді жалғастыру, айнала шетіне лентаны тігуді дайындау. Жастықшаның бүрме тігістерін аяғына дейін жалғастырамыз.
Бүрме тігістері қол тігісімен орындалуына байланысты мекем етіп тігеміз. Бұл тігістері аяқталған соң, шеттері қалта болып тұрған жерлерін қарама - қарсы жағымен қол тігісі арқылы орындаймыз
да, лентаны дайындаймыз. Лентаны немесе сол матамыздың өзінен ені 8см, ұзындығын қажеттілігіне қарай қырқып аламыз.
Мата әдемі шығу үшін 2 бүктеп аламыз, ал лентаны жалаң қабат етіп тіккеніміз дұрыс. Жастықшаның екінші бетін дайындау, ішіне мақта салып тігеміз.

Қорытынды.
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама